145
– XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында Англияда
феодализмнің
құлдырай бастаған дәуірінде өмір сүрген жазушы. Ол феодализмнің
құлдырауын өзінің үздік трагедияларында көрсете алды.
Трагедия адамның жеңуіне болмайтын, адамның күшінен тыс
күштермен күреседі. Мысалы, М.Әуезовтің «Түнгі сарыны»
Драма.
Белгілі бір мезгілде, белгілі бір жағдайда болған ауыр халді
суреттейтін, сахнаға арналып жазылған шығармалар –
драма
. Драма
– сахнаға қоюға лайықталып жазылатын драмалық жанрдың бір түрі.
Драмаларда әлеумет өміріңде кездесетін үлкен, ауыр халдермен қатар
салт-тұрмыста күнбе-күн кездесетін күлдіргі жайттар да ұштастырыла,
араластырыла көрсетіледі. Драмадағы қиыншылық мезгілімен, белгілі
бір жағдаймен байланысты болып келеді. Трагедияда күлкінің кездесуі
шарт емес, комедия түгел дерлік күлдіргі оқиғаға құрылады, өлім мүлде
болмайды. Драмада бұл екі элементтің
екеуі бірдей кездесе береді,
сондықтан бұл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түр
болып
есептеледі. Тарихи жағынан алғанда драма трагедия мен комедиядан
кейін туған.
Достарыңызбен бөлісу: