60
қызмет, жұмыс, қимыл, амал, әрекет; ұрысу, қағысу. төбелесу, шабысу,
айқасу, шайқасу, жандасу; жалқау, аяншақ, жан аяғыш, кержалқау, т.б.
Бұлардың
бір-біріне мағыналары жақын, бірақ аз да болса, мәндері
жағынан өзгешеліктері бар. Сондықтан мәндес сөздердің ішінен өзіне ең
керектілерін тандап алады.
Махамбет ханға айтқан бір сөзінде былай дейді:
Мен кескекті ердің сойымын!
Кескілеспей бір басылман.
Алдыңа
келіп тұрмын деп,
Ар, намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша,
Тартынбай сөйлер асылмын!..
Махамбет жеңіп алғаннан кейін не істеуді айқын түсінбесе де
сол кездегі қожалық етуші хан, би,
сұлтандарды құрту керектігін, ол
күреспен ғана болатындығын жақсы түсінді. Сондықтан тайынбай
күреске үндеді. Махамбет те өз идеясын айту үшін синонимдердің ішінен
өзіне керекті сөздерін таңдап алды. Мысалы, «
кескілеспеудің
» орнына
ұрыспай, төбелеспей, тоқайласпай; «
бас кесерміннің
»
орнына құртпай,
көзіңді жой- май, т.б. сөздерді қолдануға болар еді, бірақ «
ұрыспай,
тоқайласпай
» дегеннен көрі «
кескілеспей
» деген батылырақ, өткірірек.
«
Бас кесу
» басқа синонимдерден гөрі күшті, қастасудың ең арғы шегін
көрсетеді. Махамбеттің өлеңінен келтірген үзіндідегі
синонимдердің
қайсысын алсақ та мән жағынан бір-біріне жа қын сөздердің ішінен ең
күштісін, ең мықты, жігер береді дегенін таңдап, қолданушылығы да сол
күрес идеясын үндейді.
Достарыңызбен бөлісу: