Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет146/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Теңеу, балама бейнелер
– метафора мен метонимия, тұспалдап 
суреттеу тәсілдері – аллегория мен символ, әсірелеу тәсілдері – гипербола 
(зорайту), литота (кішірейту), табиғат құбылыстарын жандандырып 
кейіптеу тәсілі (олицетворение), сөзді керісінше мағынада алатын 
сықақтау тәсілі (ирония) – осының бәрі де не салыстыру негізінде, не 
қалайда екі нәрсенің өз ара жалғастық, жанасымдылығы негізінде астарлы 
мағына туғызады, бір мағынаны екінші мағынамен алмастырады.
Ал легория мен символдың жігін анықтау кейде тіпті қиынға соғатын 
кезі болады, ал кейіптеу тәсілі («күлімсіреп аспан тұр») әсірелеу тәсілімен 
сабақтас. Кейде теңеу, метафора, метонимия көркемдік мәні жағынан 
символға жақын. Бірталай көркем символдардың теңеу, метафоралы 
эпитет, метонимия негізінде қалыптасқандығын да байқау қиын емес. 
Айталық, ару қызды аққуға теңеу негізінде аққу бейнесі келбеттіліктің, 
сұлулықтың символына айналғаны дау туғызбауға керек. 
Бота көз
дегендегі алдыңғы сипаттама сөз – 
метафоралы эпитет
. Ал осы бейнелі 
сөзді түгелдей алсақ ол метонимия қызметін атқарады, өйткені мұнда 
адамның бір мүшесін – көзін айту арқылы оның кескін-кейпін, тұлғасын 
түгелдей елестетеді. Оның үстіне осы 
бота көз
әйел сұлулығының 
символы боларлықтай мағынаға ие.
Халық поэзиясына үңілсек, көптеген символдардың 
психологиялық 
параллелизммен
жалғасып жатқанын, олардың айтылатын жәйді, нәрсені 
басқа ұқсас нәрселермен, құбылыстармен салғастырып, қатар қойып 
көрсету түрінде жасалатынын аңдаймыз. Мысалға Абыл (Өтембетұлы) 
ақынның естірту жырындағы мына сөздерді келтіруге болады:
Ай тұтылды ұлысынан,
Күн тұтылды шығысынан,
Емен сапты болат найза,
Сынды дейді ұңғысынан.
77
Қаратаев М. Жыр арнасы. Қазақ совет поэзиясының антологиясы. екі томдық. I том. Алматы, 
1966. 75-б.


261
Тау құлады шынарынан,
Айрылып шықты көзің шырағыңнан,
Айрылдың Жиреншедей ділмарыңнан.
Осы айтылғандардан астарлап, бейнелеп айтудың алуан түрлі болып 
келетінін көреміз. Негізгі мағынасынан бөлек ауыспалы, туынды мағынасы 
және бейнелілік сипаты бар сөздер тұтасып келетін көркем бейне, сурет 
қалпында да, бір нәрсені екінші нәрсенің кейпінде көрсететін балама 
бейне қалпында да, ой-сезімді ишарат арқылы аңғартатын тұспал бейне 
түрінде де, тіпті ыммен айту, емеурін жасау түрінде де, ал кейде әсірелеп 
айту
сөзге керісінше мағына беру түрінде де кездесіп отырады. Осы 
тәсілдердің қай-қайсысын алсақ та, сөздің туынды, астарлы мағынасы, 
көркемдік мәні өмір жайлы толғанудың нәтижесі бо лып, сол қолданылған 
тәсіл ой-сезімді бейнелеп жеткізудің бірден-бір ұтымды, әсерлі әдісі 
болып шықса ғана жарасымды бо лады. Өзінің қажетті жерінде, кезін 
тауып қолданылған тұсында сөздің астарлап айтылуы оның жайдағы 
дәл, тура, айтылатын қалпынан бөлекше мағыналылық, көркемдік 
сипат алуы керек. Мысалы: Көздің жасы, жүректің қаныменен. Ерітуге 
болмайды ішкі мұзын. Осы өлеңде ауыспалы мағынада қолданылып 
отырған «мұз» күнделікті айтылып жүрген, үйреншікті сөз, бірақ Абай 
оған бейнелі мағына беріп, үлкен коғамдық ойды аңғартып отыр. Ескі 
сананы, ескі ұғым-түсініктерді, қоғамдағы керітартпа ой-пікірлерді – 
бәрін адамның ішінде қатып жатқан «мұз» бейнесінде көрсетеді. Оған 
қарама-қарсы мағынада алынған ұғым бейнелер: көздің жасы, жүректің 
қаны. Бұлар – дүниені, қоғамдық, өмірді, халық тағдырын ескіше емес, 
жаңаша сезінетін ақын тұлғасын танытатын белгілер. Көздің жасы, 
жүректің қаны қандай: ыстық болса, ескілік шырмауынан шыға алмаған 
адамдардың «ішкі мұзы» соншалық суық, оны еріту оңай емес. Сөйтіп, 
Абай адамның «ішкі мұзын» ерітуді айтқанда, ескі ұғым-нанымдарды
ескірген қоғамдық сананы өзгерту қажеттігін шебер бейнелеп көрсетіп 
отыр. 
Бейнелі сөздің аса бір ұтымды өзгешелеп өте маңызды, тың ой-пікірді 
әркімге қарапайым нәрсені айту арқылы-ақ айқындап жеткізіп беруінде. 
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? 
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. 
Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға?
Осындағы «Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?» деген жол тура 
мағынасында алынғанда өзінен-өзі түсінікті жәйтті аңғартатын жәй ғана 
сөздер. Бірақ осы сөздер өлеңде астарлы, ауыс палы мағынада айтылып, 
өзгеше терең мәнге ие болған, сөйтіп олар өмірдің өтуі жайлы толғанып, 


262
уақыт озады, бәрі де өзгереді, бірақ адамгершілік, адалдық, бауырмалдық, 
туыстық – баянды нәрсе деп түйген ақынның маңызды әлеуметтік, 
философиялық ойларын айқындап жеткізуге себін тигізіп тұр. Осындағы 
«тәтті» деген сөздің өзі нақтылы бейнелілік қалпын сақтап-ақ, адамды 
қызықтырып, дұрыс жолдан тайдыратын алуан түрлі жайларды астарлап 
бейнелеп беріп тұр.
Сол секілді тұспал сурет те мейлінше нақтылы, айқын бола тұрып, 
көп жағдайда сан қилы құбылыс-жайларды қамтитын жалпылық мағына 
да ала алады. Мұны біз мына өлеңнің сөздерінен айқын байқаймыз:
Қалай егін егерсің бейнеттеніп, 
Көзің жетіп тұрса егер ормасыңа. 
Гүл ұрығы жел ұшырып құмға түссе, 
Шара жоқ кеуіп, қурап солмасына.
«Адасқан өмір» поэмасындағы осы бір тұспал сурет ақын баян-даған 
көп арманның, «көп ойдың» іске аспауына көзі жеткендігін бейнелі 
түрде, әдемі елестетеді. Мұндай тұспал бейне, сурет мағынасы жағынан 
мейлінше сыйымды, жан-жақты болады. Себебі оның өзі ауыспалы 
мағынада ұғынылады және сол ауыспалы мағына өлеңде баяндап 
айтылған басқа сөздермен, оймен жалғас туады. Тұспал сурет, балама 
бейнелер шығармадағы айтылып отырған түрлі ой-пікір, сезімді күшейте 
түседі.
Бейнелеп сипаттау
жәй анықтама сөздерге қарағанда көп ретте жан-
жақты, кең мағына туғызуға бейім келеді, онда сөздің көп мәнділік жағы 
басым болады. Мысалы, 
дүлдүл ақын
дегенді алсақ, мұның өзі жүйрік ақын, 
шешен ақын, тапқыр ақын, сөзден жаңылмайтын, басқадан жеңілмейтін 
шабытты ақын деген секілді сан алуан ұғымды білдіре алады. Поззияда, 
өлең тілінде айту, баяндаудың бейнелілігі, суреттілігі, әсерлілігі және 
ойдың айқындығы мен дәлдігі, анықтығы тығыз байланысты болады. Тіл 
бейнелілігі, сөз суреттілігі ой-сезім көркемдігін мейлінше аша түседі, 
бірақ ойдың айқындығын әлсіретпейді. Көркем әдебиетте, поззияда 
алуан түрлі суреттеу тәсілдерін қолдану мүмкіншілігі мол екенін естен 
шығармау ке рек. Бұл арада бейнелеп суреттеудің бір ғана түрі – тұспал 
туралы айтсақ та жеткілікті. Ой-пікірді, сезімді тура, тіке айту, суреттеу 
мен астарлап, тұспалдап, ымбамен білдіруді бір-біріне қарсы қою 
дұрыс болмас еді. Өйткені бұлардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар. 
Алдыңғысы соңғысын жоққа шығармайды. Соңғы тәсіл яғни 
тұспалдап 
сездіру, тұспалдап суреттеу
орнын тауып қолданғанда ғана ұтымды, 
орамды шығады. Ол сонда ға на қосымша әдіс – айтатын, баяндайтын 
жайды, құбылысты басқаша бір қырынан көрсететін әдіс болады. Әрине, 
ой-сезімді тура айтпай, әйтеуір орағытып айтуға тырысушылық сәтті 
бола бермейтіні түсінікті.


263


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет