Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет73/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Бас бунағы бірыңғай емес өлең.
11 буынды өлеңдердің қайсысын 
алсақ та әнге келеді, себебі жоғарғы схемасын салып көрсеткен 
мысалдарымыз сықылды, бунақтарының тәртіппен келгендігі. Яғни 
өлеңнің басқы бунағы 3 буын, басқа бунақтарының буыннан болып 
немесе басқы бунағы 4 буын, ортасындағы бунағы 3 буын, аяққы бунағы 
4 буын боп келгендігінен. Әйтпесе басқы бунағы 3 буын, бас қа бунақтары 
4 буын болып, ылғи бірыңғай келгендіктен. Егер бұлай болмай бунақтары 


111
араласып келсе, бір шумақ өлең бір әнге келмейді. Дауыс ырғағы бұзыла 
береді. Мысал үшін, Абайдың «Өлең – сөздің патшасы» деген өлеңінен 
үзінді келтірейік:
4 3 4
/Өлең – сөздің/ /патшасы,/ /сөз сарасы,/
3 4
4
/Қиыннан/ /қиыстырар/ /ер данасы./
4 3
4
/Тілге жеңіл,/ /жүрекке/ /жылы тиіп,/
3 4
4
/Теп-тегіс/ /жұмыр келсін/ /айналасы,/ –
дейді. Бұл үзінді 11 буынды, 3 бунақты. Былай қарағанда, жоғарыдағы 
келтірген мысалдарымыздан еш өзгешелігі жоқ, бірақ бір әнге келмейді. 
Өйткені бунақтары араласып тұр. Мұның схемасы да алдыңғылардай 
емес, өзгеше. Міне, осы сықылды бунақтары аралас келген өлеңдерді бас 
бунағы бірыңғай емес өлең дейміз. Бұл жай оқығанда көп байқалмайды. 
Бунақтарының аралас екені әнге салып көрсек анықталады. Ол үшін 
бунақтарының орнын ауыстыру керек. Еш жерін өзгертпей де, қоспай 
да тек бунақтарының орнын ауыстырып, бас бунағы 3 буынды өлең 
ағымына түсірсек, «Айнамкөз» әніне келеді. 
3 4
4
/Патшасы,/ /өлең сөздің/ /сөз сарасы,/
3 4
4
/Қиыннан/ /қиыстырар/ /ер данасы./
3 4
4
/Жүрекке/ жылы тиіп, /тілге жеңіл,/ 
3 4
4
/Теп-тегіс/ /жұмыр келсін/ /айналасы./
Мұнда 4 буынды бунақ ортада.Егер бас бунағы 4 буынды өлең 
ағымына түсірсек, «Жайдарман» әніне келеді.

4 3 4
/Өлең – сөздің/ /патшасы/ /сөз, сарасы,/


4 3
4
/Қиыстырар/ /қиыннан/ /ер данасы./ 
4 3
4
/Тілге жеңіл,/ /жүрекке/ /жылы тиіп,/
4 3 4
/Жұмыр келсін/ /теп-тегіс/ /айналасы.


112
Мұнда 3 буынды бунақ ортада. Абайдың бұл өлеңі бірінші ағыннан гөрі, 
екінші ағынға түсіргенде сөздерінің ыңғайы жақсы келетіні байқалады. 
Ақындар өлең бунақтары ауысып кетпес үшін көбіне әнге салып жазады. 
11 буынды өлеңдердің бунақ тәртіптері ауыспай, бір қалыпта шығып 
отыруы ол шарт емес. Ақындар бунақтарының орындарын біле тұра, 
саналы түрде ауыстыратын реттері де болады. Бұдан жай оқығанда өлеңге 
еш кемшілік келмейтін тәрізді. Мысалы, «Сұлушаш» поэмасының әр 
жолдарындағы бунақтарының орны белгілі бір тәртіппен, әнге салатын 
боп шыққан емес. Әйтсе де одан не көркемділігіне, не мазмұнына келіп 
тұрған зиян жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет