Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет76/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Алты буынды өлең.
Өлеңнің бір шумақтағы тармақтары бір 
өңкей буыннан құралады. Біздің өлең құрылыстарында негізге 
алатынымыз шумақ. Біз 11 буын, 8 буын, 7 буын дегенде, осы 
буындармен жазылған шумақтар бар ма, жоқ па, міне осы жағынан 
қараймыз. Жоғарғы бунақтарға бөлуіміздің негізінде шумақ жатыр. 
Сол буындармен құралған шумақтар бар болғандықтан жоғарғы 
буындарға бөліп отырмыз.


116
6 буынды өлең екі бунақты боп келеді. Біріншісінде де, екіншісінде де 
буын үшеуден аспайды да, кем де түспейді. 6 бу ынды өлеңнен өз алдына 
шумақ та кұралады. Тек қана бір шумақ емес, 6 буынды өлеңмен үлкен 
поэма да жазуға болады. Мысалы:
3 3
/Қара көз,/ /имек қас,/
3 3
/Қараса,/ /жан тоймас./
3 3
/Ауызың – бал,/ /қызыл гүл,/
3 3
/Ақ тісің/ /кір шалмас./
3 3
/Қыр мұрын,/ /қыпша бел,/
3 3
Солқылдар/ /соқса жел./ 
3 3
/Ақ етің/ /үлбіреп,/
3 3
/Өзгеше/ /біткен гүл./
(Абай)
Бұл сықылды өлең басқа ақындардан да табылады
Аралас буынды өлең.
Қазақ өлеңдері тек қана 11, 8, 7, 6 буындардан 
құралып қоймайды, буын сандары өзгеріп те отырады. Ал, біз жоғарыда 
мысалға 11, 8, 7 және 6 буынды өлеңдерді ғана келтірдік. 
Шумақтың әр тармақтарындағы бунақ, буын сандары бірдей 
болып, бір өлшеммен шығып отырғанын көрдік. Бұл айтылған – өлең 
құрылысындағы бір ерекшелік. Қазақ поэзиясындағы өлең құрылысы 
сол айтылғандармен түгелденбейді. Кейбір өлең шумақтарын алсақ, 
бунақ саны да, буын саны да айнымалы келеді. Бастапқы екі жолы 
екі сөзден құралған 5 бу ынды бір бунақты болып келеді де, 3-жолы 
екі бунақты 8 буын болады. 4-5-жолы тағы бір бунақ 5 буын боп 
келеді де, 6-жолы тағы 8 буынға тоқтайды. 7-8-жолдарының екеуі 
де екі бунақты 8 буынды болады (мысалы, «Сегіз аяқ»). Сөйтіп бір 
шумақтағы тармақтардың буын саны да, бунақ са ны да, жоғарғы 
өлең құрылысы сықылды, бәрі бірдей болып, бір тәртіппен 
шықпайды. Бунақ саны да, буын саны да бірде аз, бірде көп болып 
отырады. Бұл сөзден, ондай өлеңде тәртіп болмайды екен деп ұғып 
қалмаңыз. Болады, бірақ оның құрылу тәртібі біздің жоғарғы айтқан 
өлең құрылысымыздан өзгеше. Екінші түрде болып келеді. Өлеңнің 


117
бұл құрылысы поэзиямызда мейлінше көп. Бұл түр негізінде қазақ 
поэзиясына Абайдан бастап кірді деуге болады. Бұл құрылыстың 
өзара бір-бірінен өзгешеліктері бар. 
5
/Алыстан сермеп,/ 
5
/Жүректен тербеп/
4 3
/Шымырлап бойға/ /жайылған
5
/Қиуадан шауып,/
5
/Қисынын тауып,/
4 3
/Тағыны жетіп/ /қайырған;/
5 3
/Толғауы тоқсан/ /қызыл тіл,/
5 3
/Сөйлеймін десең/ өзің біл./
(Абай)
Міне, осылар сықылды, өлең құрылысының бір шумақтағы 
тармағына, бунақ, буындарына қарай, өзара бір-бірінен өзгешеліктері 
болса, барлығын жинастыра келіп бір сөзбен айтқанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет