Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


шешу (развязка) делінеді. Пейзаж және баяндау



Pdf көрінісі
бет30/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

шешу
(развязка) делінеді.
Пейзаж және баяндау. 
Біз бұған шейін композицияның негізгі 
элементтеріне тоқталдық. Әйтсе де шығарманың құрылысы тек сол 
негізгі элементтермен ғана түгелденбейді. Олардан басқа да шығарманың 
құрылысына керекті толып жатқан кірпіштер көп. Егер олар болмаса, 
шығарма құрылысы бір бүтін болып шықпас еді.
Мысалы, адам образын жасаудың әр алуан жолдары бар дедік. Олар 
– портрет, мінездеу, адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді 
суреттеу. Солардың араларын ұластыратын, қатысушылардың қарым-
қатынастарын белгілі бір тұрғыдан көрсететін авторлық баяндаулар
оқиғаның қай кезде және қандай табиғат жағдайларында болғандығын 
көзге елестететін 
пейзаж
болмаса, ешбір шығарманың құрылысы 
ойдағыдай шықпаған болар еді. Сондықтан бұл екі мәселе айрықша 
тоқталуды қажет етеді.
Пейзаж
. Автор адамды, олардың амалын және басынан өткізген 
күйініш-сүйініштерін суреттеумен қатар, оқиғаның болған жағдайларын 
да суреттейді. Шығармаға табиғатты не сол оқиғаның болған жерлерін 
де (мезгілін – жыл, ай, күн, ертеңгі, кешкі уақыттар) қатыстырады. Бір 
сөзбен айтқанда, табиғатты суреттеуді 
пейзаж
дейді.


53
Пейзаж кейде жаратылыстың көрінісін суреттейді, кейде геройдың 
басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді, кейде оқиға 
қандай жағдайда болғанын көрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның 
дамуына тікелей қатынаста болады. Пейзажды қолданудың мұнан 
басқа да түрлері көп, бірақ бұл айтылғандар мәселенің тек сыртқы 
жағы ғана. Шынына келгенде, пейзажды автор бір керегіне жаратады. 
Қандай пейзаж болсын, бір нәрсеге негізделіп алынады. Пейзаж 
автордың негізгі мақсатына байланысты болады. Кейде пейзаж оқиғаға 
қатысушы қаһармандардың басында болған жағдайын көрсету үшін де 
қолданылады.
«
Мұнар да, мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн
» деген 
үзіндіде Махамбет күнді жайшылықтағы күндерден басқаша суреттейді. 
Ханға, патшаға, би, төре, сұлтандарға қарсы күрескен еңбекші шаруалар 
жеңіліп, Исатай өліп, патша мен хан әскері елді аяусыз таптаған ауыр 
күндерді көрсету үшін Махамбет табиғаттың өзін де ел басына туған 
ауыр халге бейімдей суреттейді.
Пейзаж кейде сюжеттің өсу жолдарына тікелей қатысты болып келеді 
және уақиғаның даму жолында белгілі орын алуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет