Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында


НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ



бет3/9
Дата12.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60017
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ерекшееліктері


2. НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ

ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 «ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

Қазақ тiлi

Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, мәтіндегі тілдің қызметін жүйелі тани білетін, әдеби тіл нормаларын меңгерген, рухани мұраны қастерлейтін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік беру.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері екі бағыт бойынша белгіленді:

Танымдық бағыт бойынша:



  • оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

  • тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;

  • оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

  • мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру;

  • оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру;

  • мәтіннің тілдік және танымдық қызметін меңгерту.

Практикалық бағыт бойынша:

  • оқушыларға әдеби тіл нормаларына сай дұрыс сөйлеу дағдыларын меңгерту;

  • тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;

  • оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

  • сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

  • оқушылардың тілдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

«Қазақ тілі» оқу пәні ретінде жалпы орта білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде топтамалық, сабақтастық, жүйелілік ұстанымдары негізінде оқытылады, қазақ тілі білімінің салалары бойынша ғылыми-теориялық білім беріледі. Мәтіннің қызметі танытылады. Мұнда негізінен тілдік білім арқылы оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру көзделеді. Мәтіндер арқылы танымы кеңейтіледі, тілі дамытылады. Сонымен қатар, олардьң тіл мәдениетін игеруіне көңіл бөлінеді. Мектептің негізгі орта деңгейінде оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінде тілдің танымдық сипаттары мен коммуникативтік, эстетикалық қызметтері бірлікте танытылады.

Негізгі орта деңгейде тілдің ойлаудың формасы, танымдық әрекеттің негізгі құралы ретіндегі қызметімен қатар адамның өзін-өзі тануы мен өзгені тануының, қоғамдық құбылыстар мен қоршаған ортаны, сондай-ақ табиғат құбылыстарын танып білуінің бірден бір қайнар көзі екенін пайымдауға үйрету мақсат етіледі.

Қазақ тiлi сабағы баланың ой-өрiсiн өсiрiп, оған тiлдiң ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiруi қажет. Бұл оқу материалдарының, жалпы бiлiм мазмұнының iшкi байланыстарынан туындап, оқушының шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен ұштасқанда жүзеге асырылады. Оқушының таным деңгейi оның сөйлеу тiлiне, сөздердi орынды қолданып, сөйлемдi дұрыс құрастыру, ойын жеткiзе бiлу iскерлiгiне тiкелей тәуелдi. Сол себепті «Қазақ тілінің» білім мазмұнын меңгертудің функционалдық-прагматикалық және қатысымдық-әрекеттік аспектілерін күшейтуге басымдылық беріліп отыр.

Негiзгi және бейінді мектептерде бiлiм нәтижесi ретiнде оқушының сөз мәдениетiн қалыптастыруды көздейтiн қазақ тiлi пәнiнiң бiлiм мазмұны сөз мәдениетiнiң екi сатысына сәйкестендiрiлiп құрылды. Негiзгi сатыда оның бiрiншi басқышы – сөз дұрыстығына (әдеби тiл нормалары) ден қойылса, бейінді мектепте екiншi басқышы – сөз шеберлiгiне басымдылық берiледi. Бұл бағыттағы бiлiм-бiлiктер 5 сыныптағы тiл бiлiмiнiң сөз туралы ұғым қалыптастыратын лексикасынан бастау алып, 11-сыныпта сөз мәдениетiнiң жоғары сатысы деп саналатын шешендiкпен тәмамдалатын бiртұтас логикалық құрылымның жүзеге асуы барысында тиянақталады.

5–8 сыныптардың бағдарламасы ана тiлiнiң қызметi, қазақ тiлiнiң қоғамдық рөлi туралы кiрiспе тақырыптан әрi қарай әдеби тiл және мәтiннен басталады да, әдеби тiлдiң жазу мен сөйлеудегi мәнi, мәтiндер бойынша ауызша әдеби тiл мен жазбаша әдеби тiлдiң ерекшелiктерi аңғартылып, мәтiннiң түрлерiне тiлдiк талдау (лингвистикалық) жүргiзу үйретiледi.

9 сынып – негiзгi орта деңгейдің қорытындылаушы сыныбы. Сондықтан мұнда 5-8 сыныптар аралығында меңгертiлген барлық бiлiм, бiлiктер сөз қолданысы аясында, стиль түрлерiмен бiртұтастықта және сабақтастықта кеңейтiледi. Бұл сыныптағы ең негiзгi саланың бiрi – қазақ тiлiнiң стилистикасы. Тарау бойынша берiлетiн бiлiм мен бiлiктiлiктер тiл мәдениетiмен тығыз бiрлiкте қамтылады.

Қазақ әдеби тiлiнiң стильдерiнiң: ауызекi сөйлеу, көркем әдебиет, ресми iс-қағаздар, публицистикалық және ғылыми стильдердiң өзiндiк ерекшелiктерi, қолданыс аясы туралы нақты бiлiм берiледi. Стильдiң түрлерiн оқытқанда олардың ортақ белгiлерi мен әрқайсысының өзiне тән ерекшелiктерiн ашу мiндеттелiнедi. Сондықтан стильдiң түрлерi мынадай төрт белгiсiне қарай нақты ажыратылып игертiлуi шарт: әр стильдiң қолданылатын орны; әрқайсысының жеке мақсаты; әрбiрiнiң стильдiк сипаты; әр стильде жиi қолданылатын тiлдiк құралдар.

Осы бiрiздiлiктi сақтай отырып түсiндiру оқушының стиль туралы бiлiмi мен бiлiгiнiң сапасын арттыруға оң ықпал етерi сөзсiз.

Оқушының жазба тiл сауаттылығын жетiлдiру мақсатына сәйкес қорытындылаушы сыныптың соңғы тарауы пунктуацияға арналған. Тыныс белгiлерi сөйлем iшiндегi және сөйлем соңындағы деп ажыратыла келе оқушының жазба тiл сауаттылығын шыңдауға мүмкiндiктi молайтады.

Негізгі орта білім беретін мектептiң 5–9 сыныптарында қазақ тілінен бiлiм берудiң мiндеттерi Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.


Қазақ әдебиетi

«Қазақ әдебиеті» пәні оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді және әлем әдебиеті үлгілерімен таныстыруды, ізгілік, адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт бойына сіңіруді көздейді.

«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің білім мазмұнын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері, XVIII ғасыр әдебиеті, жыраулар поэзиясы, XIX ғасыр әдебиеті, XX ғасыр әдебиетіндегі көркем шығармалар, әдебиеттің тектері мен жанрлары, (эпос, драма, лирика) және әдеби-теориялық ұғымдар құрайды.

Бұл сыныптарды қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнында оқылған шығармадағы ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері, ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер көрінісі, табиғат суреті шығармадағы адамгершілік мәселелер, сөз қолданыстар зерделеніп, оқушыны қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын беріледі. Оларды өзіндік ой талғамдарын айтуға, шығармашылық жұмысқа тартуға жол салынады. Оқушылар әдеби білім мазмұнын кейіпкерлер мен оқиға арасындағы өзара байланысты, кейіпкерлердің жан-дүниесін, кейіпкер характерін тани отырып мәңгеретіндіктен, білім сапасы күтілетін нәтижеге бағытталады.

Оқу пәні оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді және әлем әдебиеті үлгілерімен таныстыруды, ізгілік, адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт бойына сіңіруді көздейді.

«Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсатысөз өнерін адамзаттың көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап, құрметтей алатын елжанды азамат тәрбиелеу; оқушыларға әдеби туындылар арқылы көркемдік, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие беру; оқырмандық талғам мәдениетін қалыптастыру; әдеби шығармада бейнеленген құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерген, алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға қалыптастырып дамыту.

«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері:

- оқушыларға төл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;

- көркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи-әдеби мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту;

- көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және зерделі ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге машықтандыру;

- оқушылардың ішкі жан әлемін рухани-адамгершілік құндылықтармен байытып, көркемдік талғамын кеңейту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуға дағдыландыру ;

- оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

- әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу құзыреттілігін қалыптастыру, ауызша және жазбаша тілін дамыту;

- қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне қолдана алуға үйрету.

Қазақ әдебиеті оқу пәні мынадай ұстанымдар арқылы жүзеге асады:


  • коммуникативтілік – қазақ тілінің коммуникациясының ауызша және жазба түрлерін қолдана білу;

  • оқушының жеке тұлғасына, оның шынайы қажеттіліктері мен мүддесіне, әлеуметтік-мәдени, жеке даму бағдарламасына, яғни тұлғалық-бағдарлық бағыттылығы;

  • оқытудың әрекеттік негізі ұстанымы – жеке, топтық және ұжымдық оқыту формаларын басым пайдалану;

  • когнитивтік (саналы) үйрету ұстанымы - вербалдық және пәндік маңызынан тұратын оқушы әлемінің картинасын қалыптастыру, қойылған міндетті өз бетімен шешу және қарым-қатынас барысында сәйкес құралды таңдап алу үдерісін саналы түрде басқара білу;

  • лингвомәдени ұстаным – оқушынының өзара байланысты коммуникативтік және әлеуметтік-мәдени дамуы, Қазақстан халықтары және әлемдік қауымдастық мәдениетімен қауыштыру;

  • өзін-өзі ұйымдастыра білу және өзін көрсете білу ұстанымы оқушылардың өзіндік белсенділігінің пайда болуына, әлеуметтік мәдени өзара әрекеттестікке және өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығын көтеру.

Оқу бағдарламасында білім мазмұнын ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелігі мен үзіліссіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты және пәнаралық, пәнішілік байланыс сияқты ұстанымдар басшылыққа алынған.

Негізгі орта мектептің білім мазмұны арқылы оқушылар халықтың ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет – ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының өткені мен бүгінін салыстырып, ой елегінен өткізе алуына және ұлттық мәдени мұраларды құрметтей білуіне көмектеседі. Бұл сыныптарда оқушылар көркем мәтінді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу, мазмұнын айтып беру, мәтінді мазмұнына қарай бөлімдерге бөлу, жоспар жасау тәрізді білім дағдыларына жаттығады. Жекелеген үзінділердегі теңеу, эпитет, кейіптеу, метафоралардың жай түрлерін, ертегінің баяндалу тілін бала ұғымына сәйкестендіре түсіндіру оқытудың басты ерекшелігі болады.

ХІХ-ХХ ғасырдағы әдебиеттің үш тегі лирика, эпос және драмалық шығармаларды және әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын оқытуда оқушылардың әдеби білім аясын кеңейту қарастырылады. Бұл сыныптарда әдеби көркем шығармаларды талдауға ерекше назар аударылады.

Орта мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәнін қазіргі талаптарға сай оқытуда оқушылардың өзіндік ерекшеліктері, қызығушылықтары басты назарда болады. Сол себепті пәнді оқытуда баланың танымдық ой-өрісін, эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлауын дамытуға, қатысымдық іскерліктерінің шыңдалуына оң ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда оқушының коммуникативтiк құзыреттіліктерін арттыру, тiл және көркем сөз туралы дүниетанымын кеңейту, ғаламның шындық болмысын таныту және олардың функционалдық сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiру басты нысан болуы қажет. Пәнді оқытуда тәуелсіз еліміздің төл әдебиетін ұлттық құндылық ретінде бағалап қабылдауға үйрету және оқушылардың сөз өнерi негiзiнде сөйлеу шеберлiгiн арттыру қарастырылады.

Көркем шығармалар арқылы оқушылардың танымдық әрекетін дамытып, олардың өз әрекетін өзі бақылай алуының қалыптастыру, олардың өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып үйлесімді психологиялық ахуал тудыруға мүмкіндік жасау маңызды. Сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталып, оқушылардың күтілетін нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет. Шығармашылық жұмыстар құзыреттілікке бағытталған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Тұтастай алғанда «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды оқуға дағдыландыру оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек.

Сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқи отырып, оқушылар шығарманы көркемдік тұтастықта талдаудың жолдарын, амал-тәсілдерін меңгереді, әдебиеттің өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино т.б.) байланысын түсіндіре алады, көркем шығармадағы негізгі ойды автордың көзқарасы мен замана шындығы тұрғысынан анықтай алады, шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, шығарма бойынша ой толғау, пікірнама, сыни мақала жаза білуге үйренеді.

Көркемөнер ретінде әдебиет өзінің оқырмандарына дүниенің сан алуын сырларын ашады. Әдеби шығармалардан ләззаттану, қанағат табу арқылы көркем әдебиетті оқудың мәні сөз өнерінің адам сезіміне әсер ету құдіретінің сырларын танып білу екендігіне оқушылардың көздерін жеткізу ұстаздың парызы. «Қазақ әдебиеті» пәнін қазіргі талаптарға сай оқыту әдістемелік жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Пәнді оқытуды тереңдету, оқушылардың қызығушылықтарын ескеру мақсатында факультатив сабақтарын ұйымдастыруға болады. Мысалы, «Абайтану», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Мұқағалитану», «Сөз өнері», «Көркем шығармаларды талдау», «Тіл шеберлігі» т.б. Орта білім беру жүйесінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуды ұйымдастыру ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптары бойынша жүзеге асады.

Негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
Русская речь для школ с нерусским языком обучения

«Русская речь» для нерусских школ как учебный предмет входит в содержание образовательной области «Язык и литература» в соответствии Государственным общеобязательным стандартом ГОСО РК 2.3.4.01–2010, утвержденным приказом Министра образования и науки Республики Казахстан за № 367 от 09.07.2010 г.

Перечень учебных изданий, разрешенных к использованию в организациях образования, определен приказами Министра образования и науки Республики Казахстан №152 от 5 апреля 2010 и дополнениями к приказу (приказ № 160 от 9 апреля 2010 года, приказ № 268 от 1 июня 2010 года).

Преподавание предмета «Русская речь» в 5-9 классах общеобразовательной школы осуществляется по программе русской речи и учебникам нового поколения в рамках трех часов в неделю в каждом классе.

Программа предмета «Русская речь» для школ с нерусским языком обучения включает базовый и средний уровни владения языком, предусматривает привитие учащимся готовности осуществлять речевую деятельность в различных видах и формах языковой коммуникации.

Общая цель учебного предмета – формирование и развитие способности практического применения коммуникативной компетенции в основных сферах речевого общения соответствующими языковыми средствами.

Цель и задачи обучения русской речи в школах с нерусским языком обучения направлены на выявление уровня умений и навыков в основных видах речевой деятельности, описание объема языковых знаний и формирования представлений о лингвоэтнокультуре народа, для которого русский язык является родным, через тематику текстов для чтения и развития речи.

Учебная программа предполагает комплексное обучение всем уровням языка и видам речевой деятельности на базе текстового материала страноведческого и этнокультурологического характера.

Изучение русской речи должно способствовать формированию функциональной грамотности учащихся, развитию умений в основных видах речевой деятельности: аудировании, чтении, говорении, письме; обогащению словарного запаса учащихся коммуникативно-актуальной лексикой и фразеологией русского языка, воспитанию казахстанского патриотизма, культуры межличностного и межэтнического общения.

При заполнении журнала на данный предмет выделяется отдельная страница.

Согласно Государственному общеобязательному стандарту среднего общего образования при обучении русской речи в школах с нерусским языком обучения обязательным является деление на две группы во всех типах общеобразовательных учебных заведений в сельских и городских школах при наполнении 20 и больше учащихся.
Умумий билим бериш мәһкимилириниң 5-9 синипларда «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутуш алаһидиликлири һәққидә

Яш әвлатниң йеңичә ойлишиға, уларниң дуниятонушиниң шәкиллинишигә, дунияйүзлүк сүпәт дәрижисидики билим асаслирини өзләштүришигә, өз хәлқиниң тарихини, мәдәнийитини пухта билип, уни қайта тикләш арқилиқ роһий дуниясини бейитишиға, мәктәптә алған билиминиң шәхсий өмүридә әһмийитиниң зор болушиға, һәр бир шәхсни һаятқа тәйярлап, кәсип таллашқа йол-йоруқ беришкә мүмкинчилик яритидиған «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини йеңичә оқутуш, заманивий шәхскә, нәтижидарлиққа вә әмәлиятқа йүзләнгән технологияләрни пайдилиниш арқилиқ билим мәзмуниниң мәхсәт вә вәзипилирини әмәлгә ашуруш мүмкин.

2010-2011 – оқуш жилида Уйғур мәктәплириниң асасий басқучида «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутуш Қазақстан Жумһурийитиниң Билим вә пән Министриниң 09.07.2010ж. №367 буйруғи билән тәстиқләнгән Қазақстан Жумһурийитиниң Дөләтлик Умумий Мәжбурий Билим Бериш Стандарти, шундақла 09.07. 2010-жилиниң. №367 буйриғи билән тәстиқләнгән программилириға асаслиниду.

Йеңи 2010-2011- оқуш жилида Қазақстан Жумһурийитиниң Билим вә пән Министриниң 5 апрель 2010 жилиниң №152 буйруғи (2010 жылғы 9 апрель №160 буйриғи, 2010 жылғы 1 июнь №268 буйриғи)билән тәстиқләнгән дәрисликләр вә оқуш-методикилиқ қураллар билән оқутулиду.

2010-2011- оқуш жилида «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутуш алаһидилиги Қазақстан Жумһурийитиниң ижтимаий, ихтисадий вә сәясий һаятиға паал арилишишқа тәйяр, риқабәтчиликкә қабил шәхсни тәрбийиләштин ибарәттур. Шуңлашқиму бүгүнки билим бериш системиси шәхскә йүзләнгән болуп, оқуғучиниң өз алдиға билим елип, паалийәт елип беришиға имканийәт яритиду. Оқуғучиларниң пәқәт нәзәрийәвий билими вә маһарити әмәс шундақла алған билимини әмәлиятта пайдилинишни билиши, йәни униң компетенцияси баһалиниду.

Билимниң әмәлий тәрипигә қаритилған «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлириниң билим мәзмунини оқутушта пайдилинидиған методикилиқ усул-услупларни дурус қоллинишниң оқуғучиларниң функционаллиқ шәхс ретидә, йәни һаятта учришидиған һәр хил әмәлий вәзипиләрни йешиш үчүн, һәр қачан алған билимини толуқтуруп, муәммаларни йешишта билимини пайдилинишни билидиған шәхсни тәрбийиләштә әһмийити зор.

Бүгүнки күндә «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутушта китап оқушқа адәтләнгән оқуғучиларниң билим елишқа болған қизиқишиниң үстүн болуши; байқаш қабилийитиниң үстүн болуши; көргән-аңлиған нәрсиләрниң сәвәвини тепиш; алған билимини әмәлиятта пайдилиниш; бир соалға һәр хил жавапни тәйярлаш; өзгиниң көз қаришини дурус қобул қилиш; мәнтиқий ойлинишқа интилиши; мәлум бир соалниң жававини тепишта китап вә башқа нәмунилардин пайдилиниши; жававини дәлилләшни, көпчилик алдида сөзгә чиқишни билиш охшаш мәхсәтләргә қол йәткүзүш үчүн заманивий технологияләрни пайдилиниш лазим. Аталған мәхсәтләргә қол йәткүзүштә «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутушта йеңилиқ ечиш, муәммалиқ оқутуш, һәмкарлиқ издиниш, әхбарат васитилирини пайдилиниш, оюн, вәзийәтләрни яритиш охшаш методикилиқ усулларниң в.б. әһмийити зор.

Оқуғучиларниң язма вә еғизчә нутқини тәрәққий әттүрүш мәхситидә «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» дәрислиридә аталған методикилиқ усулларни пайдиланғанда муәллим төвәндики мәсилиләргә көңүл бөлүш керәк:

1. Оқутуш мәхсити

2. Берилгән материалдин оқуғучилар немә алиду?

3. Оқуғучиларға мәхсәткә йетиш үчүн қандақ васитиләр һажәт?

4. Қолға елинған нәтижә қандақ шәкилдә берилиду: һекайә, инша, схема, жәдвәл, изаһәт в.б.


Шетел тілдері

Шеттілдік білім беру жалпы орта білім беру жүйесі компоненттерінің бірі болып табылатындықтан, оны дамып және қызмет етіп отырған ортасынан тыс қарастыру мүмкін емес. Кеңінен дамып келе жатқан интеграциялық үдерістер, кәсіби және ғылыми тәжірибелердің өсуі, халықаралық өзара әрекеттестік пен серіктестіктің тереңдеуі соңғы онжылдықта шеттілдік білім берудің дамуына айрықша басымдылық беруде. Осы сала бойынша Қазақстанның білім беру саласында мазмұны жағынан да ұйымдастырушылық жағынан да айрықша жағымды өзгерістер болуда, мысалы:

1. Шетел тілдерін оқыту қазіргі замандағы мультилингвалды және мультимәдениетті дамыған әлемде адамның практикалық және кәсіби өмір әрекетін қамтамасыз етудің кепілі ретінде әлеуметтік маңызға ие болып отыр.

2. Мемлекеттік тілмен (қазақ тілі) және ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілімен қатар қарым-қатынас тілі ретінде шетел тілінің өзіндік орны анықталды.

3. Негізгі, орта кәсіби, ортадан кейінгі кәсіби және жоғары білім беру мекемелерінде шетел тілін ерте жастан оқытуды енгізудің қажеттілігі айқындалып, ағылшын тілін ерте жастан оқыту эксперимент ретінде экспериментті сыныптарға енгізіліп, оны одан ары да жетілдіруге және тереңдете меңгеруге сұраныс туып отыр және концептуалды маңызы бар терминдердің мазмұны нақтыланды:

- мәдениетаралық қатысымға байланысты белгілі бір «шеттілдік білім беру»;

- «оқыту деңгейі» (сабақ беру мен оқытудың өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде шетел тілін меңгерудің коммуникативтік-сөйлесімдік біліктерінің соңғы жиынтығы);

- кәсіби түрде «күнделікті қарым-қатынас тілін» үйрету объектісі ретінде «арнайы мақсаттарға арналған тіл» (Ь8Р);

Негізгі мектепке және жоғарғы мектепке арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім беру деңгейінде білім алуға дайындауға бағытталады, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық деңгейлеріне А1, А2, А2+, В1, В1+ сәйкес келеді:

Қарапайым деңгей А1 («Бастапқы игерім 1») 5 сынып

Қарапайым деңгей А1 («Бастапқы игерім 1.1») 6 сынып

Негізгі деңгей А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1») 7 сынып

Негізгі деңгей А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1») 8 сынып

Негізгі деңгей А2 + («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2») 9 сынып

Орта деңгей В1 («Қалыптасқан игерім 1») 10 сынып

Орта деңгей В1+ («Қалыптасқан игерім1.2») 11 сынып

Шетел тілін оқыту, тәрбиелеу, басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып) өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға бағытталған: негізгі орта мектеп (5-9 сыныптар). Осыған сәйкес негізгі орта мектепте ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталады:

«Шетел тілі» оқу пәнінің жалпы мақсаттары:

- көптілдік тұлғаны қалыптастыру: әлемдік мәдени құндылықтарды бағалау, мәдениет диалогы арқылы өз елінің мәдениеті туралы білімін кеңейту, дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу;

- мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктер мен оның құрамдық бөліктерін қалыптастыру: тілдік – тілдік құралдарды және оларды шеттілдік қарым-қатынас жасауда қолдану ережелерін меңгеру, сөздік – сөз әрекетінің 4 түрінде шетел тілінде қарым-қатынасты жүзеге асыру, әлеуметтік-мәдени, лингвомәдени, компенсаторлық –лингвистикалық құрал ретінде вербальды (синонимдер, антонимдер, парафразалар, дефиниция) және вербальды емес (ым-ишара, мимика, дене қозғалысы) жолдарын қолдана алу қабілетін қалыптастыру;

- жалпы еуропалық деңгейлер шеңберінде (А1, А2) оқушылардың тілін оқып отырған елдің мәдени нормаларын, салт дәстүрлерін өз елі мәдениетінің ұлттық салт дәстүрлерімен салыстыра отырып меңгерту;

- оқу-тілдік жағдаяттарында дұрыс лингвомәдени қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру;

- тілді тек қана коммуникативтік мақсатта ғана емес, сонымен қатар әлемдік шеттілдік ортаны тану құралы ретінде қолдану; ағылшын тілі құралдары арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ары қарай дамыту: ойлау, есте сақтау, назар аудару, ерік-жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай меңгеру мен білімен жетілдіру үшін қызығушылығын арттыру;

- ағылшын тілін меңгеруде арнайы іскерліктерді қалыптастыру: қостілдік, түсіндірме сөздіктермен, шеттілдік мәтіндермен, сөздік және грамматикалық минимуммен жұмыс істеу, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру.

5-9 сыныптарда «Шетел тілі» (ағылшын тілі) оқу пәнінің міндеттері:

- мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерді барлық құрамды бөліктерімен жалпы еуропалық деңгейлік стандартқа сәйкес (А1, А2 деңгейлері) ары қарай дамыту;

- жеке тұлғаға бағытталған, біліктілік, жүйелілік, лингвомәдени және проблемалық тәсілдер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру;

- проблемалық сипаттағы тапсырмаларды шешу, оқып отырған тіл құралдарын қолдана отырып өз бетінше шешім қабылдау іскерліктерін қалыптастыру;

- оқушыларда шетел тілін меңгеруде өзін-өзі бағалау іскерліктерін қалыптастыру: өз ісіне талдау жасау, өзін-өзі бағалау, білім алуға талпыну;

- шетел тілін оқыту және тілін оқып отырған ел мен өз елінің мәдениет диалогы процесінде интеллектуалдық және шығармашылық қабілетерін дамыту.

Аталған кезеңдегі танымдық үдеріс, келесі кезеңдерде де шоғырлана ұйымдастырылады: алдағы кезеңдегі қарым-қатынас саласы мен тақырып кеңейтіледі, оған жаңадан бірнеше сөйлеу тақырыптары қосылады.

Коммуникативтік-сөйлесімдік іс-әрекеттің дамуы кезеңмен жүзеге асырылады: репродуктивті сипаттағы әрекеттен репродуктивті-продуктивті әрекетке қарай және одан ары - продуктивтіге қарай жүзеге асады.

Шетел тіліне оқытудың отандық жүйесін жаңарту қажеттілігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ғылыми-зерттеу институтында қазіргі заманғы талапқа сай әзірленген «Ағылшын тілі» оқу бағдарламасынан көрініс табады. Аталған оқу бағдарламасы тіл меңгерудің 6 деңгейін және олардың мазмұндық аспектісін анықтау арқылы үздіксіздік, жүйелілік және бірізділік ұстанымдарын және шетел тілінде сапалы білім беруді дамытуды қамтамасыз етеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты отандық орта білім беру шеңберінде еуропалық тілдердің талаптарына жету болып табылады.

Ағылшын тіліне негізгі және жоғарғы мектепте деңгейлік оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 26.01.2010 жылғы №20 және 05.04.2010 жылғы №152 бұйрықтарының негізінде Longman, Macmillan и Cambridge University Press британдық баспалардың оқулықтары мен ОӘК белсенді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2010 жылғы №363 бұйрығына сәйкес «Way Ahead», «Move Ahead», «Laser» Макмиллан баспасының оқулықтары бойынша жалғастыру ұсынылады.

5-7 сыныптарда шеттілдік оқыту деңгейінде оқушылар: өзінің шетелдік құрдастарымен және үлкендермен белгілі бір шектеулі жағдайда қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық, оқу-еңбек саласында қарым-қатынас жасай алу мүмкіндігі туады, мәтіндерді тыңдағанда және оқығанда түсіну, соның ішінде ең бастысы түсінікті тілдік материалда құрылған прагматикалық сипаттағы мәтіндерді түсіну, ашықхат жазу, анкета толтыру, үлгіге қарап хат жаза алу.

7-9 сыныптарда (А2 оқыту деңгейі бойынша) бұдан ары қарай да коммуникативтік - мәдениетаралық құзіреттерінің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимумдар кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Мазмұны мен оқыту технологиясы оқушыларға:

- бағдарламада қарастырылған қарым-қатынастың мейлінше кең тараған белгілі бір жағдайында нақты бір коммуникативті тапсырмаларды шешуге бағдарлана отырып, тілдік материалды түрлендіруге, қиыстыруға қабілеттерінің және әзірлігінің болуын;

- әдеттегі диалогтарды, сондай-ақ топтық талқылауларды (унисон, айтыс) жүргізе алуды; бір нәрсені дәлелдей алу және айтылғанды негіздей алуды;

- негізгі сала бойынша және қарым-қатынас тақырыбы негізінде қысқаша хабар жасай алуды;

- ақпараттық, сипаттау және прагматикалық сипаттағы қысқаша аутентті мәтіндерді тыңдап түсінуді;

- әр түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндерді оқи алу және оның негізгі мазмұнын түсіну, оқыған мәтінге өзінің көзқарасын білдіруді;

- сауалнама толтыру, хат жазу, мәтінге тікелей сүйене отырып, жазбаша қысқаша түсініктеме беруді қамтиды.

Негізгі мектепте шеттілдік білім беруді жаңарту және дамыту келесідей мәселелерге бағытталуы мүмкін:

- үлкен тұлғалық-дамытушы басымдылыққа ие мәдениетаралық парадигма аясында шетел тіліне үйретуге;

- шеттілдік мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында туған елін және оның мәдениетін, сондай-ақ тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетін таныстыра алу біліктерін дамытуға;

- оқушыларды шетел тілін меңгеру саласында өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау негіздерімен таныстыруға;

- тілді үйрету және ұлттық мәдениетпен және тілін үйреніп отырған елдің мәдениетін үйрету үдерісінде өзіндік білім алу потенциалын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға.

Ал жоғарғы мектепте шетел тіліне оқытудың мақсаты оқушылардың қабілеті мен нақты әзірлігі ретінде коммуникативтік-мәдениетаралық құзыреттерін қалыптастыру мен дамыту, 5-9 сыныптарда қол жеткен жалпыеуропалық А1, А2 деңгей көлемінде шетел тілін білетіндермен шеттілдік қарым-қатынас жасауды әрі қарай меңгеруін дамытуға бағытталған, сондай-ақ шетел тілі құралы арқылы тәрбиелеу және дамытуды бұдан ары тереңдете жүзеге асыру.

Оқыту міндеттері оқыту мақсаттарын жүзеге асыру арқылы белгілі бір кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

- жаңа тілдік құралдарды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық) және оларды шеттілдік қарым-қатынаста қолдану құралын меңгерту;

- коммуникативтік біліктерін сөйлесім әрекетінің төрт түрі негізінде - тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымда дамыту;

- оқушыларды тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетіне, салт-дәстүріне үйрету; шеттілдік мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін, оның мәдениетін таныстыра алу біліктерін қалыптастыру;

- қарым-қатынас үдерісінде тілдік құралдың жетіспеуі жағдайында синонимдік құралдарды, перифразаларды, қимылдарды қолдану;

- оқушыларға жеткілікті құралдар мен әдіс-тәсілдер арқылы және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өздігімен шетел тілін және шеттілдік мәдениетті үйренудегі жалпы және арнайы біліктерді қалыптастыру және дамыту,

- оқушыларға болашақ кәсіби іс-әрекетіндегі қазіргі замандағы шетел тілінің рөлі мен орнын түсіндіру, өзінің сөйлесімдік-қатысымдық дамуында өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру, талдау жасау стратегияларын меңгерту; ұлттық өзіндік санасын дамыту; әр қоғамдағы адамдар арасындағы өзін-өзі түсінуге деген талаптанушылықты және өзге мәдениетке толерантты қатынас жасауды үйрету.

Орта мектептің соңғы кезеңінде шеттілдік білім берудің негізгі ерекшелігі шетел тілі бағдарлы оқытуды жүзеге асыру құралы болып табылатындығында. Белгілі бір бағдарлы бағыт оқыту мазмұнын қайтадан құру, яғни жалпы білім беру тақырыбын қысқартып, оқушылардың болашақ таңдаған мамандығына бағытталған аутентті оқу материалын енгізу есебімен қол жеткізіледі.

Жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшелігіне және жеке қызығушылықтарына жауап беретін аутентті материалдарды қолдану: тілін үйреніп отырған елмен олардың кәсіби бағдары мен қайта даярлауымен, таңдаған мамандығының ерекшеліктерімен және болашақ мамандығы бойынша шетел тілін меңгерудің рөлімен танысуды, ғылыми-техникалық және мәдени дамуға араласуын, таңдаған кәсіби бағытының саласында жалпы көзқарасын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Кәсіби бағдарланған оқу материалдарымен жұмыс жасау алдыңғы оқыту кезеңімен салыстырғанда тілдік минимум өнімділігі жағынан біршама ұлғаюы керек, сонымен қатар тілдік білімдерінің, сөйлеу әрекетінің барлық түрінде дағдылары мен біліктерінің өсуіне алып келуі тиіс. Бұл, жалпы алғанда, коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруді қамтамасыз етеді және шетел тілін кәсіби іс-әрекетінде қолдану мақсатында жоғарғы оқу орнында бұдан әрі жалғастыра оқу үшін мықты кәсіби бағдарланған база құруға ықпал етеді.

Оқыту мазмұны және қолданылатын технологиялар орта мектеп оқушысының соңғы оқу нәтижесі сипатында келесідей мүмкіндік беруді қаматамсыз етуі тиіс:

- бағдарламада қарастырылған шектеулі көлемде қарым-қатынас саласы мен жағдаяттарда әлеуметтік және кәсіби-бағдарланған байланыстар құруды және қолдауды;

- мәтіндердің, радио және телехабарлардағы жаңалықтардың мағынасын және сонымен байланысты олардың негізгі мазмұнын түсінуді;

- ғылыми-көпшілік, публицистикалық аутентті қысқаша мәтіндерді, сонымен қатар прагматикалық сипаттағы мәтіндерді әр түрлі жағынан қолдана отырып оқу және мазмұнын түсіну: рекламалық жарнамалар, жаңалықтар және т.б.; алған әсерін айту және оған өз көзқарасын білдіру, баға беру;

- автобиографиялық мәлімметтері бар және күнделікті істері, жеке қалауы және т.б. бойынша қысқаша жай хаттар жаза алу;

- оқытудың кәсіби бағдарының талаптарын қанағаттандыру: формуляр толтыру, ресми хат жазу және т.б.

Тапсырмалардың мұндай қойылымы оқытудың үшінші деңгейімен (В1, В1+) сәйкес келеді. Мұндай жағдайда толық орта мектептің оқушысының дайындығы жалпыеуропалық және әлемдік стандартқа сәйкес келуі мүмкін.

Бағдарлы оқыту сатысындағы шеттілдік білімнің жаңаруы және дамуы:

- нақты вариативтік бағдарламалар мен оқу материалдарымен пәнге оқытудың мақсаты, мазмұны мен технологиясының үйлесуіне;

- шеттілдік бағдарлы оқытудың вариативті бағдарламасын әзірлеуге;

- оқыту мазмұнының пәндік жағының тұлғалық және кәсіби бағдарын күшейтуге;

- оқытудың шығармашылық-креативтік деңгейін жоғарлатуға ықпал ететін педагогикалық технологияларды жетілдіруге бағытталуы мүмкін.

2010-2011 оқу жылында 5-11 сыныптарда шетел тілін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес дайындалған негізгі орта, жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған ағылшын тілі оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 26 қаңтардағы №20 бұйрығы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет