Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет30/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
Байланысты:
лекция

Түсті металлургия өзінің техналогиялық процесі бойынша шикізатты өндіруден және байытудан,сонымен бірге металды балқыту мен одан қоспаны алудан тұрады.Қазіргі кезде дүние жүзінде жылына 40 млн т-дан (2000 ж) астам түсті металл түрлері өндіріледі.оның ішінде жеңіл металдар тобындағы алюминий (жылына 17 млн т) шаруашылықпен техниканың барлық салаларында пайдаланылады.

Өңдеу өнеркәсіптері: машина жасау, химия, орман, ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Машина жасау және металл өңдеу. Ауыр өнеркәсіптің бұл саласы өнеркәсіп салаларының ішіндегі негізгісі.Әрбір елдің ғылыми-техникалық прогресін және қорғаныс қабілетінің днңгейін машина жасау өнеркәсібі деңгейімен анықтайды. Машина жасаудың станок жасау саласында алдыңғы орында Жапония, одан кейін Қытай, Германия, т.б. елдер тұр.Ал ауыл шаруашылығы машинасын жасауда алдыңғы үштікке Жапония, Үндістан және АҚШ кіреді.

Химия өнеркәсібі. Мшина жасау саласы сияақты химия өнеркәсібі де бірнеше негізгі салардан тұрады.Оның ішінде жетекші орынды мұнай-газ шикізаты және мұнай-химияға негізделген органикалық синтез өнеркәсібі алады.Осыған дәстүрлі бейоорганикалық химия екінші орында қалды.Оның үлесі салмағы кейбір елдерде химия өнімдерінің 10-25℅- ын ғана құрайды.Қазіргі кезде машина жасау сияқты химия өнеркәсібі дүние жүзінде негізгі 4 аймаққа бөлінеді.Олар: АҚЩ, Шетелдік Еуропа, және Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдері.

Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі.Дүние жүзінің орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің географиясы көбіне орман байлықтарының таралуына байланысты.Дүние жүзіндегі орман қорының мөлшері 4,1 млрд га деп саналады.Ондағы ағаш сүрегінің қоры 330 млрд м куб.Соңғы жүз жыл ішінде дүние жүзінде орман алқабы 2 есеге азайды.Бұл-жылына 20 млн га орман жойылуда деген сөз.Оған негізгі себеп,-дүние жүзінде ағаш өнімдерін өндіру жылдан-жылға ұлғайып келеді.Егер 19650 жылы дүние жүзінде ағаш өнімдерін өндіру 2 млрд м куб-ке жеттсе, ал 2000 жылы ол 4,0 млрд м куб-ті құрады. Өнеркәсіптің бұл саласы солтүстік және оңтүстік орман белдеулерінен тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет