Су асты құбыр желілері Жерорта теңізі түбімен трансжерортатеңіздік газ құбыры тартылған. Мұндай құбырлар Мексика шығанағы мен Солтүстік теңізде де жүргізілген.
Әуе көлігі. Бұл көлік - әрі жылдам, әрі қымбат көліктердің бірі. Оның халықаралық жолаушы тасымалдауда маңызы зор. Әуе көлігі жылдамдығымен, икемділігімен, сонымен қатар басқа көліктер жете алмайтын қолайсыз аудандармен байланыстыра алатындығымен ерекшеленеді.Дүние жүзіндегі ең ірі әуе паркі АҚШ-та шоғырланған. Одан басқа ірі әуе ұшақтарының шоғырлануы Канадада, Францияда, Австралияда және Германияда байқалады. Халықаралық әуе байланысына 1 мыңнан астам әуежай қатысады. Тек Еуропада олардың саны 400-ге жуық.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Е.В. Вавилова. Экономическая и социальная география мира. М, Гардарики, 2006
2. А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М, 2001
3. М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович. Экономическая и социальная география России и новых независимых государства. М, 2001
4. В.П. Желтиков. Эконмическая география. (Высшее образование). Ростов- на- Дону, Феникс, 2004
5. Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья. (Под ред.М.П. Ратоновой) М, 2004
6.И.А. Родинова, Т.М. Бунакова « Экономическая география », М.2003
7.В.И. Бутов. Экономическая и социальная география: зарубежного мира и РФ, М, 2003.
8.Ю.Г.Липец и др. География мирового хозяйства, М, Владос, 1999
9.М. Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар.Алматы, 1998
10.М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович, А.М. Носов. Экономическая и социальная география. М, Владос, 2004
11. Н.Н. Петрова. География. Современный мир. М, Форум- Инфра-М, 2007
12С.Ю.Корнекова, С.П. Семенов. Социально- экономическая география (Пособие для подготовки к экзамену). С- Петербург/Москва/ Харьков/ Минск, Питер, 2001
№ 8 дәріс. Тақырыбы: Елдердің дифференциясы мен аймақтық география
1. Елдер дифференциациясы критериилері
2. Дүние жүзінің өркениетті елдері.
Дәріс мақсаты:аймақ және аймақтық география деген не сонымен ірге дүние жүзінің өркениетті елдерімен танысу
«Аймақ» деген сөз көбіне континенттерді, олардың тұтас бір бөліктерін қамтитын ұлан-ғайыр аумақтарды атау үшін қолданылады. Аймақтық география деген сөз нақ содан шыққан.Ол қазіргі дүние жүзінің алуан түрлі бейнесін аймақтық тұрғыдан, яғни дүниенің ірі-ірі құрамдас бөліктерінің даралық ерекшеліктерін ескеріп қарастырады.
Жер шарын аймақтарға әр түрлі етіп бөлуге болады.Бұлай бөлудің қандайы болса да, біздің ойлауымыздың өнімі болғандықтан, шартты сипатта болады. Осы таяуда өткен уақытта ғана бүкіл дүние жүзінің қарапайым түрде Ескі және Жаңа дүние деп бөлінгенін еске түсірсе жеткілікті.
Аймақтық географияны оқып –үйрену барысында мынандай сұрақ туындамай қоймайды.: қазіргі заманғы дүние жүзін қай аймақтар бойынша танып-білу керек-тарихи-географиялық аймақтар бойынша ма, не қоғамдық –экономикалық аймақтар бойынша ма? Планетаның жекелеген бөліктерінің табиғи ерекшелігін, сондай-ақ оларды мекендейтін халықтардың тұрмысының, дәстүрлері мен мәдениетінің ерекшеліктерін таптықмүдделер тұрғысынан танып білуге бола ма?
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.
1.Қазіргі әлемді қалай танып-білген жақсы
2.Оны қандай ірі-ірі аумақтық бірліктерге бөлуге болады
3.Әр түрлі халықтар мекендейтін аумақтардың ішкі бірлігінің дәрежесі қандай факторларға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |