Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


ДәрісТақырыбы:Дүние жүзінің ауыл шаруашылық географиясы



бет32/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Байланысты:
лекция

6. ДәрісТақырыбы:Дүние жүзінің ауыл шаруашылық географиясы.

Жоспары:


1.Дүние жүзінің ауыл шаруашылықғының құрамы және орналасу ерекшеліктері,экстенсивтік және интенсивтік даму жолдары.

2.Өсімдік шаруашылығының астық және техникалық дақылдары.

3.Мал шаруашылығының салалары.Ірі ауыл шаруашылық аудандары.

4.Қоршаған орта мен ауыл шаруашылығы.


Ауыл шаруашылығының құрылымы мен түрліше формалары.

Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ең ежелгі және неғұрлым көп тараған саласы.Адамның шаруашылық әректі осыдан 10мың жыл бұрын пайда болды.Адам бастапқыда терімшілік пен аң аулаудан бастап;кейін өсімдік өсіру және мал бағу бағытына ауысты.Мұндай іс-әркеттің нәтижесінде жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдікке айналдырды және жануарларды қолға үйретті.Ауыл шаруашылығы дүние жүзінің барлық аумақтарында таралған.оның 50-ден астам салаларында 1,3 млрд адам еңбек етуде.Ауыл шаруашылығы түрлерін біріктіріп;2 топқа бөлуге болады.Біріншіден,бұл-дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы.Ол өз кезегінде ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілікті,мал азығын дайындуды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылығын ;сондай-ақ екпе пары,тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілікті қамтиды.Екіншіден,бұл-дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы .Ол артта қалған соқалы және теселі егіншілікті,жайылымдық мал шаруашылығын,көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді сондай-ақ бұданда қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық шаруашылығын қамтиды.

Қазіргі кезде дүние жүзінде экономикалық белсенді халықтың 45℅-ы ауыл шаруашылығымен айналысады.Экономикасы дамыған, әсіресе кейінгі индустриялық сатыға жеткен елдерде тауарлы ауыл шаруашылығы басым.Алайда соңғы жылдары бұл елдерде ауыл шаруашылығы саласында еңбек етушілердің үлесі 2-3℅-ға кемісе,керісінше,аграрлы елдерде оның үлесі жоғары деңгейде(65-67℅-дан да көп) сақталып отыр.Ауыл шаруашылығы географиясы әр түрлі өндіріс формаларымен ерекшеленеді.Мұндай көп формалар әр типті елдердің әлеуметтік-экономикалық сипатымен анықталады.Дамыған елдерде ҒТР-дің соңғы жетістіктерін шаруашылыққа енгізу басты рөл атқарады.Бұл топқа жататын елдердегі агроөнеркәсіптік кешен агробизнестік сипатқа ие болады.О ауыл шаруашылығының индустриялық жағынан дамуыны бағдар береді. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар мүлдем өзгеше.Мұнда тауарлы ауыл шаруашылығы да,тұтынушы ауылшаруашылығы да бар.Бұл елдерде ірі помещиктер жер иеленушілер болып табылады.Олар жерді арендаға береді.Дамып келе жатқан елдерде шетелдік жер иеленушілер де болады.Сонымен қатар капиталаистік шаруашылықтармен бірге капиталистікке дейінгі шаруашылық формалары аралас кездеседі.

Дүние жүзілік шаруашылықта азық-түлік өндіру дағдарысы байқалуда.Экономикасы дамыған елдерде өнімді артық өндіру қалыптасса,дамып келе жатқан елдерде,керісінше,азық-түліктің жетіспеушілік проблемасы туындап отыр. Сонымен,тауарлы шаруашылық дегеніміз-жақсы ұйымдастырылған плантациялар мен фермалар.Мұндай шаруашылықтар құнарлы жерге орналасып,жалдамалы жұмысшы күшін,машиналарды,тыңайтқыштарды,қолдан суаруды кеңінен пайдаланады.Олардың өндірісі ішкі,әсіресе сыртқы рынокқа бағдарланған.Сөйтіп,олар «мемлекет ішіндегі мемлекет»болып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет