Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет52/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
лекция

Ішкі айырмашылықтары. Эстония (астанасы Таллин, 42 7мың тұрғыны бар) — осы аймақтағы жер көлемі ең кіші және халқы аз мемлекет (1,5 млн адам) болғанымен, пайдалы қазбаларға біршама бай: жанғыш тақтатас (жалпы қоры — 10 млрд т), фосфорит (300 млн т), шымтезек, құрылыс материалдары кездеседі.Латвия (астанасы — Рига). Балтық маңының шаруашылығы жағынан аса дамыған мемлекеті. Халықтын сан мөлшерінен аралық (2,4 млн адам) жағдайда, мұнда орыс тілділердің көршілеріне қарағанда үлесі көп.Экономикасының негізгі маманданған салалары: машина жасау кешені көліктік машина жасаудан (кеме жасау, автомобиль және темір жол вагондарын жасау) тұрады. Ол басқа жақтан тасылатын металл мен отынды пайдаланады. Қазіргі кезде радио өнеркөсібінің, сондай-ақ аспап жасау, байланыс құралдарын шығарудың маңызы артуда. Химия-ағаш кешені тасылатын шикізат пен ағашты пайдаланады. Өнімдері: резина, лак (Рига), химиялық талшық (Даугавпилс), қағаз, фанера, жиһаз. Жеңіл өнеркөсіптін (трикотаж, жүн, жібек, зығыр маталары) бірнеше салалары бар. Рига шығанағында шипажайлы қала — Юрмала орналасқан.Литва (астанасы — Вильнюс). Балтық елдері ішінде жер аумағы және халкының саны (3,7 млн) жағынан ең ірісі. Басты табиғат байлықтары — емдік балшықтар көздері, минералды сулары, шипажайлы аудандары (Друскининскай, Паланга)Экономикасы: шаруашылығының негізі агроөнеркөсіп кешені. Ауыл шаруашылығының мамандануы, Балтықтың басқа елдерінен айырмашылык жасамайды, бірақ өнімінің ауқымы Эстония мен Латвияның екеуін бірге қосқандай мөлшерде.Тамақ өнеркәсібі: сүт, май шайқау, сыр жасау, ет өндіру өндірістерінен тұрады. Жергілікті шикізатты пайдаланады. Балық өнеркәсібі соғыстан кейінгі жылдары ғана пайда болды (Клайпеда). Машина жасау кешені радиоэлектроникадан, станок және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудан тұрады.Отын-энергетика кешені. Мажейкяй қаласындағы мұнай өңдеу зауыты Балтиядағы жалғыз ғана зауыт. Электр энергиясының негізін жылу электр станцияларында өндіреді (елдегі бүкіл электр энергиясын өндірудің 96%).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет