Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет56/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Байланысты:
лекция

Қара металлургия ауыр өнеркәсіптің негізгі базасы болып табылады. Қара металлургия шикізатты өндіру және алғашкы өндеу (байыту), қорыту, қалдықты толық пайдалану балаларын біріктіреді.

Қара металлургиялық өндірістің үш типі бар:

1. Толық циклді комбинат шикізатты пайдаланып, оны өңдеп, шойын (домнада), болат және прокат шығарады.

2. Қайта қорыту комбинаты металл сынығын не толық циклді комбинаттың даяр шойының пайдаланып, болат және прокат шығару өндірісін (құбырпрокат, рельспрокат өндірісі) қалыптастырады.

3. Ферроқорытпа өндірісі темірдің легирлеуші металдармен қорытпасын шығарады (марганец, хром, никель, ванадий, т.б.)

     Ресейде толық циклді зауыттар басым, оған бүкіл болат балқытудың 2/3-сі тиесілі. Бұл зауыттар орасан зор қуатка ие (әркайсысының қуаты 3 млн т болып келетін кәсіпорындарда бүкіл шойынның 3/4-і және болаттың 2/3-сі шығарылады).Металлургиялық комбинаттар темір кені (Курск магнит аномалиясы, Орал), көмір кен орны маңында (Кузбасс) не олардың аралығында (Череповец) орналасады. Ферроқорытпа өндірісі үшін электр энергиясы қажет.Темір кені қара металлургияның шикізаты. Ресей темір кенінің қоры жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады. Металлургиялық комбинаттарға қажетті кокстелінетін көмірмен Кузбасс, Печора бассейндері қамтамасыз етсе, Оңтүстік Орал комбинаттары кокстелетін көмірді Қарағанды көмір бассейнінен алады.              Түсті металдар — ауыр (мыс, т.б), жеңіл (алюминий), бағалы (алтын, т.б), баяу балқитын (вольфрам) және сирек кездесетін (германий) деп бөлінеді.

Ресейде өндірілетін түсті металдарды пайдалану аумағы алуан түрлі.  Түсті металдар машина жасау, оның ішінде авиация, ракета, кеме жасау, электротехника, химия өнеркәсібі және басқа салаларда кең қолданылады. Алюминий шикізаттары жер қыртысында ең көп таралған металл, ол өндірудің мөлшері және тұтынылуы жөнінен түсті металдың ішінде 1 -орында. Алюминий өндірісі электр энергиясы кезіне жақын орналасады, мысалы Оралдағы Краснотуринск зауыты.

Ауыр түсті металл алуда кен құрамында — мыс, қорғасын, мырыш, қалайы мен никельдің мөлшері өте аз болуы ескеріледі. (мыс кенінде не бары 1 % мыс болады). Сондықтан мыс балқыту, корғасын мырыш зауыттары шикізатты көп қажет ететіндіктен шикізатқа жақын (бағдарланып) орналасады, мысалы Оралдағы Қыштым мыс балқыту, Челябинск мырыш зауыттары.Машина жасау кешені — машина жасау мен металл өңдеуді біріктіретін салааралық құрылым. Сондай-ақ бұл саланың құрамына болат және прокат шығаратын кіші металлургия да жатады. Машина жасау техникалық прогресті анықтайтын, ауыр өнеркәсіптің жетекші саласы. Машина жасау кәсіпорындары ТМД елдеріндегі кәсіпорындар байланысының үзілуінен зор зиян шекті. Импорттың тауарларына қарағанда отандық машина өнімдерінің сапасы төмен болып, дүниежүзілік рынок талабына, стандартқа сай келмеуде. Машина жасау кәсіпорындары Ресей аумағында біркелкі таралған сала болып табылады. Бір ауданда ол өнеркәсіптің жетекші саласы болса, екіншісінде — ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған, үшіншісінде — өнеркәсіл кешенін толықтырып, табиғат байлығын пайдалануға міндетті болып келеді (мысалы, Шығыс Сібір)Химия-ағаш кешені. Ресейдің шаруашылық саласында химия-ағаш кешенінің маңызы зор, ол халықтың тұтыну тауарларын кеңейтуде елеулі орын алады. Химия-ағаш кешені шаруашылықтың басқа салаларымен тығыз байланысты. Шаруашылықты химияландыру ірі техникалық және экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді Химия өнеркәсібінің шикізаттары апатит, фосфорит және калий тұзы қорынан Ресей дүние жүзінде жетекші орын алады. Қола (Хибин) түбегінің апатит қоры 2,7 млрд т, бұл дүние жүзіндегі апатиттің ең ірі кен орны. Фосфорит Орталық ауданнын аумағында кездеседі. Агроөнеркәсіп кешені. Халықты тамақ өнімдерімен, ал тұтыну заттарын шығаратын салаларды шикізатпен қамтамасыз етеді.

Ресейдегі рыноктық қатынастың қалыптасу және даму жағдайында агро-өнеркәсіп кешенінің рөлі арта түсуде. Себебі экономиканың аграрлық сферасы рыноктық экономиканың әлеуметтендіру және халықтың тұрмыс дәрежесін арттыру сияқты оның басты міндеттерін шешеді. АӨК ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оны тұтынушыларға жеткізудегі барлық шаруашылық салаларын біріктіреді. АӨК-тің үш сферасын (өндіріс стадияларын) бөліп керсетуге болады.

Украина Украина ТМД-ның оңтүстік-батысында, дүниежүзілік сауда жолдарына шығуды қамтамасыз ететін Қара және Азов теңізіне тікелей шыға алатын көптеген мемлекеттер мен экономикалық байланыс жасауға мүмкіндік беретін қолайлы жолдар торабында орналасқан. Ол интенсивті ауыл шаруашылығы дамыған индустриялы республика. Жер аумағынан ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Қазақстаннан кейінгі 3-орынды иеленсе, халқының саны мен экономикалық қуаты жөнінен тек Ресейге жол береді. Географиялық жағдайы. Украина жерінің табиғат жағдайының қолайлы жақтарын анықтайды. Қара топырақпен бірге көлемді жер қоры, үлкен байлық көзі болып табылады. Оның жер бедері, топырағы және климаттық қолайлылығының үштасуы аумағының жоғары шаруашылықтық бағытта игерілуіне мүмкіндік береді.

Сумен қамтамасыз ететін негізгі өзендеріне — Днепр, Оңтүстік Буг, Солтүстік Донецк және Днестр жатады. Бірақ судың тапшылығы халқы өте жиі қоныстанған өнеркәсіпті және оңтүстік ауыл шаруашылықты аудандарда сезіледі. Соған сай каналдар жүргізу арқылы суды Днепрден Кривой Рог, Донбасс, Солтүстік Қырымға тарту жүзеге асуда.

Халқы республика аумағында біркелкі қоныстанбаған. Халқының тығыздыгы 1 км2-ге орташа 100 адамнан Донецк облысында 200, Днепропетровск облысында 122 адамнан келуде, тығыздығы жоғары, еңбекті көп қажет ететін өнеркәсіп аудандарда халықтың шоғырлануы ең жоғары көрсеткіште.Тамақ өнеркәсібі. Қант, консерві, ет, май жасау және шарап жасау салаларын біріктіреді. ТМД-дағы қант өнімінің 55%-ы Украинаға (Кеңес жылдарында 60%) тиесілі. Олардың ірі кәсіпорындары Черкассы, Винница, Киев, Львов, т.б. қалалардан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет