Саясикартасыныңқалыптасукезеңдері. Адамзат дамуында айрықша орны бар Африка жерінде алғашқы ірі мемлекеттер б.з.д. IV—III мың жылдықтарда дамудың шырқау шегіне жеткен Ежелгі Египет (Ніл) өркениеті негізінде қалыптасты. Африкадағы қалалардың қалыптасуы қалалар "бесігі" деп есептелетін Месопотамиямен бір мезгілде жүрді. Б.з.д. III—I мыңжылдықтарда Сенегал, Нигер және Конго өзендері алаптарында жоғары дәрежеде дамыған мемлекеттер қалыптасты. Кейінгі ғасырларда Батыс Африка аумағында Гана, Сонгаи, Мали тәрізді ірі мемлекеттер ("империялар") пайда болып дамыды.Африканың қазіргі саяси картасының қалыптасуына еуропалық отарлау, кейіннен отар елдердің тәуелсіздігін алуы басты ықпал етті. Африканы отарлауды жағалаулар мен аралдардан бастаған Португалия Мадейра аралдарын, Азор, Жасыл Мүйіс аралдарын, экватор бойындағы Сан-Томе және Принсипи аралдарын бағындырды. Ал XV ғасырдың орта шенінде Мавритания жерінен Португалияға алғашқы құлдар жеткізілді. Бұл төрт ғасырға созылған құл саудасына бастама болды.XV ғасырдың соңында Батыс Африка жағалауын бойлай жүзген испандар материктің оңтүстігіне дейін жетті. Африканың оңтүстігіне 1652 жылы келіп жеткен голландтар Үндістанга барар жолдағы бекет ретінде Кейптаун қаласының іргетасын қалады. Осылайша Оңтүстік Африкада Голландия отары — Кап провинциясы пайда болды.
Ағылшындар Африканың ішкері аудандарын отарлаудан бұрын арнайы жасақталған ғылыми-зерттеу экспедицияларын жіберіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Материктің ішкі аудандары жайлы нақты ғылыми деректердің аздығы, еуропалық отарлаушылар назарының Азия мен Америкаға ауып кетуі Африканың жаппай отарлануын кешеуілдетті; XIX ғасырдың ортасына қарай материктің бар болғаны 1/10 бөлігі ғана отарланды (29-сурет). Еуропалықтардың Африканың ішкергі аудандарына емін-еркін енуіне безгек ауруына қарсы дәрі-дәрмектің болмауы да әсер етті; XIX ғасырдың соңына қарай безгекке қарсы хининнің ашылуы бұл кедергіні азайтты.1822 жылы Африканың батысында АҚШ-тың жергілікті көсемдерден сатып алып, азаттық алған құлдарды қоныстандырган аумағында 1847 жылы Либерия Республикасы пайда болды. Ұлт-азаттық күрестің қарқынды сипат алуы отарлың жүйенің ыдырай бастауына алып келді. Соның нәтижесінде XX ғасырдың 60-жылдарына қарай Африкада он тәуелсіз мемлекет болды: Еігипет, Эфиопия, Либерия, ОАР, Ливия, Марокко, Тунис, Судан, Гана, Гвинея. 1960 жылы тарихқа "Африка жылы" ретінде енген 17 отар өз тәуелсіздігін алды. Отарлық бұғаудан босауға бағытталған күрес Африка жерінде 1990 жылдардың ортасына дейін жалғасын тапты.Қазіргі кезде БҰҰ-ның айрықша мәртебесіне ие Батыс Сахарада тәуелсіздік үшін күрес жалғасуда. Әлі күнге дейін сақталып қалған еуропалық иеліктер қатарына Реюньон аралы (Франция), Әулие Елена аралы (Ұлыбритания), Сеута және Мелилья қалалары (Испания) жатады. Африканың көптеген елдерінде мемлекеттердің әкімшілік шекаралары анықталғанымен, ұлт араздығы және азаматтық соғыс өрши түсуде. Экономикасы артта қалған Мозамбик, Бурунди, Руанда, Ангола, Сомали тәрізді мешеу елдерде соғыс кимылдарының өсерінен жергілікті халық арасында жұқпалы аурулар кеңінен таралып, аштық өсерінен өлім-жітім көбеюде. Саяси жағдайдың тұрақсыздығы Африканың дамушы елдерінің экономикалық ерлеуіне кедергі жасап отыр.Елдердің мемдекеттік құрылымы. XXI ғасыр табалдырығында Африкада 55-тен астам мемлекет болды (қосымшаны караңдар). Елдердің көпшілігі мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлық республакалар. Ал федерациялыңреспубликалар қатарына Нигерия, ОАР, Комор Аралдары Федерациялық Республикасы, Эфиопия жатады. Африка аумағында бар болғаны үш монархия (Лесото, Свазиленд, Марокко) сақталып қалған. Көптеген елдер Британ Бірлестігініңмүшелері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |