Сыртқы байланыстары мен ішкі айырмашылықтары
Сыртқы экономикалық байланыстары. Африка елдеріндегі сыртқы сауда айналымынык 3/4-і Еуропаның жоғары дамыған елдеріне және АҚШ пен Жапонияның үлесіне тиеді. Ал мемлекетаралық байланыстарды кеңейтуде Африкалықбірлік ұйымы ерекше орын алады. Бұл ұйым Африканың дамушы елдерін өзара байланыстыратын жаңа экономикалық және коғамдық қатынастарды қалыптастырумен айналысады. Африка елдері үшін сыртқы экономикалық байланыстардың орны ерекше маңызды. Өйткені олардың экономикасы сыртқа шығаруға арналған шикізаттың және ауыл шаруашылығы өнімдеріне негізделеді. Мысалы, мұнайды Нигерия, Ливия, Алжир; мысты Замбия мен Заир; темір кенін Либерия мен Мавритания; марганец пен уран кенін Габон; фосфоритті Морокко тұрақты түрде сыртқа шығарады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттағы үлесі жылдан-жылға төмендеуде. Дегенмен көптеген елдер өлі де халықаралық нарықтағы орнын жоғалтқан жоқ. Египет, Судан, Чад, Мали, Танзания — мақта; Эпиопия, Ангола, Руанда, Бурунди, Уганда, Кения — кофе; Кот-Ивуар, Гана, Нигерия — какао бұршағын; Сенегал, Гамбия, Судан — жержаңғақ; Тунис, Марокко — зәйтүн майын экспортқа шығарады. Сонымен қатар Африка елдері цитрус өнімдерін, жүзім шарабын, темекі, тропиктік ағаш сүректерін де сыртка шығаруға маманданған.
Достарыңызбен бөлісу: |