Ішкі айырмашылықтары. Африка елдері тарихи кезеңдерден бері және қазіргі экономикалық-географиялық жағдайларына сәйкес бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы ұқсас белгілеріне қарай топтастырылған бірнеше елдер жиынтығынан құралады. Аймақтар арасындағы шекаралар шартты түрде жүргізілген.
Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауында орналасқан елдерді топтастырады (картаны караңдар). Олардың экономикалық-географиялық жағдайлары өте тиімді. Еуропа, Азия, Аустралияға баратын маңызды теңіз жолдары бойында орналасуы, бұл елдердің жағалауларында ірі қалалардың пайда болуына және дамуына жағдай жасады. Ежелден-ақ сауда байланыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Солтүстік Африка — ежелгі өркениет бесігі, теңіз жағалауындағы көптеген қалалардың негізі Ежелгі Рим және Карфаген коныстарынан басталады. VII—XII ғасырларда арабтардың отарлауы халықтың ұлттық кұрамына, оның мәдениетіне, діні мен өмір салтына зор ықпал етті. Солтүстік Африканы қазір де Араб Африкасы деп атайды, өйткені негізгі халқы арабтар; сондай-ақ берберлер мен туарегтер, француздар да көптеп тұрады.
Солтүстік Африка жерінің көпшілігі (Атлас тауынан басқа) шөлдер болып табылады. Сондықтан да аймақтағы ең басты мәселе — тұрмыс пен ендірісті, ауыл шаруашылығын қажетті тұщы сумен қамтамасыз ету. Аймақтағы негізгі ірі өзен — Нілдің бойында кезінде Кеңестер Одағы көмегімен салынған Асуан бегеті арқасында кептеген шелді аудандарды суландырушы мүмкіндік туды. Соңғы кезде Алжир Сахарасы мен Ливия шөлінен табылған тұщы су қорларының да маңызы артып отыр.Ауыл шаруашылығы дақылдарынан бидай, арпа, жүгері, сондай-ақ ұзын талшықты мақта, зәйтүн, жүзім, цитрус енімдері мен құрма пальмасы өсіріледі. Қой мен түйе өсіру мал шаруашылығының ең кең тараған саласы болып табылады.
Өндіріс ошақтары, негізінен, Жерорта теңізі жағалауында шоғырланған. Ірі орталықтары — Каир, Александрия, Алжир, Тунис, Рабат, Касабланка қалалары. Өсіресе Нілдің атырауы ерекше көзге түседі.Ал неғұрлым ішкі аудандардагы өндіріс орталықтары мұнай мен газдың (Алжир, Ливия), фосфориттің (Марокко) ірі кен орындарының ашылуымен байланысты қалыптасқан. Бұл аймаққа кіретін елдер Африкадағы экономикалық жағынан біршама дамыған, халықаралық еңбек бөлінісінде өзіндік елеулі үлесі бар елдер қатарына жатады.
Батыс Африка елдері кұрамына 20-ға жуық ел кіреді (картаны қараңдар). Аймактағы елдердің шаруашылығының дамуына олардың Атлант мұхиты жағалауындары орны өте қолайлы әсер етеді. Сонымен қатар аймақта түрлі табиғат ресурстары да көптеп кездеседі; әсіресе темір, марганец, боксит, қалайы кендері мен алтын-алмас сияқты бағалы минералдарға бай.Аймақтағы елдер саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары жағынан да Солтүстік Африка елдерінен үлкен айырмашылық жасайды. Мұнда Африкадағы халқы ең көп ел — Нигерия мен ең шағын аралдық ел — Кабо-Верде орналасқан. Халқының ұлттық және тілдік құрамының өте күрделі болуы, кейбір ұлттық топтағы халықтар санының өте аз болуы елдер арасындағы байланыстарды күшейтуге қиындық келтіреді.
Басқа аймақ елдері тәрізді Батыс Африка елдерінің де экономикасында жетекші орынды ауыл шаруашылығы иеленеді. Африкаға төн бір дақылды ауыл шаруашылығы осы аймақта ерекше қарқын алған. Какао бұршағын жинауда әлемдік біріншілікті ғана иеленеді, сондай-ак Кот-Д - Ивуар мен Нигерия ерекшеленеді; жержаңғақ жинаудан Сенегал алдыңғы орында, ал Нигер мен Гамбия дараланады; май пальмасы жаңғағы мен одан май өндіруден Нигерия ерекше көзге түседі.Өнеркәсіп салаларынан бұл аймаққа тау-кен өндірісі төн, бұл саланың барынша дамыган елі — Нигерия. Ол Гвинея шығанағы қайраңдарынан мұнайдың қаркқынды өндірілуімен байланысты. Жергілікті өңдеуші өнеркәсіп жаңа дамып келе жатқандықтан, өндірілетін шикізаттың басым бөлігі сыртқа шығарылады. Аймақ елдерінде қара және түсті металлугия, машина жасау, химия өнеркәсібі мен қазіргі заман талабына сай көлік желілерін жасау жоспарланып отыр.
Орталық (Экваторлық) Африка елдеріне атына сәйкес материктің ортасында орналасқан елдер кіреді. Атлант мұхитының Гвинея шығанағы жағалауындагы орны елдердің сыртқы байланыстарды дамытуына ертеден-ак жағдай жасаған. Жагалаудағы Еуропа отаршыларының алғашқы сауда орындары — факториялар, бүгінде үлкен порттарға айналған. Ал аймақтағы кейбір елдер материктің әлдеқайда қолайсыз, ішкі аудандарында орналасқан. Олардың сыртқы байланыстары көршілес елдер порттары мен әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Орталық Африка минералды және су ресурстарына аса бай аудан болып есептеледі. Мұнда әлемге әйгілі "мыс белдеуі" орналасқан, сондай-ақ кобальт, қорғасын, мырыш, марганец, темір және уран кендерінің де қоры кездеседі. Аймақ қойнауы алтын мен алмасқа да аса бай болып келеді. Соңғы жылдары Гвинея шыганағы қайраңдарынан мұнайдың ірі кен орындары ашылды.Отаршылық кезеңінде аса қатты кұлдыраған экономика, елдер тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қайта жанданды. Бұрынғы ескі өндіріс негізінде кен өндіруден бастап, жоғары сапалы металл жасап шығаратын толық циклді өнеркөсіп орындары пайда болды. Бірақ көптеген елдер әлі де тек шикізат өндірш, оны сыртқа шығарумен шектеліп отыр. Габон, Конго, Экваторлық Африка сияқты елдер сыртқа аса бағалы тропиктік ағаш сүрегін шығарумен айналысады. Ауыл шаруашылығы сыртқа шығаруға бағытталған кофе, какао, шай, темекі, каучук, мақта, жержаңғақ, банан және тропиктік жемістер өсіруге маманданған.
Шығыс Африка елдеріне Үнді мұхитын бойлай орналасқан елдер тобы кіреді. Бұл елдердегі шаруашылықтың дамуы мен орналасуына Үнді мұхиты арқылы Азия елдерімен жүргізілетін сыртқы байланыстар негізгі қозғаушы күш болып отыр.Аймақ қойнауы басқа аймақтармен салыстырғанда минералды шикізаттарга онша бай емес. Сондықтан сыртқы сауда өнімдерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Мысалы, Эфиопия, Кения, Уганда елдері халықаралық нарық сұранысын кофемен; Танзания, Уганда, Кения сизаль және мақтамен; Кения шаймен; Эфиопия, Танзания тері өнімдерімен; Сомали және Джибути тірі малдармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жергілікті халықтың негізгі тұтыну дақылдары—қонақ жүгері (сорго) және басқа тары тұқымдастары, жүгері, күріш, маниок, төтті картоп (батат), бұршақ өсіріледі.
Шығыс Африка елдерінің басқа аймақтан басты айырмашылығы — онда ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеуге негізделген, сондай-ак тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындары көптеп кездескенімен, ауыр өнеркөсіп (Замбиядан басқа) мүлдем дамымаған деуге болады.Оңтүстік Африка елдеріне материктің оңтүстігінде орналасқан елдер мен аралдық мемлекет — Мадағаскар кіреді. Бұл елдердің шаруашылығының дамуы аймақтагы табиғат байлықтарының алуан түрлі және аса мол болуына тікелей байланысты. Минералды ресурстар негізінде аймақ елдерінде тау-кен өндірісі кең қанат жайған. Әсіресе Оңтүстік Африка Республикасы — Йоханнесбург қаласының маңы мен Зимбабве ерекше кезге түседі, оларда өңдеуші енеркөсіп салалары да барынша өркендеген.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Е.В. Вавилова. Экономическая и социальная география мира. М, Гардарики, 2006
2. А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М, 2001
3. М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович. Экономическая и социальная география России и новых независимых государства. М, 2001
4. В.П. Желтиков. Эконмическая география. (Высшее образование). Ростов- на- Дону, Феникс, 2004
5. Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья. (Под ред.М.П. Ратоновой) М, 2004
6.И.А. Родинова, Т.М. Бунакова « Экономическая география », М.2003
7.В.И. Бутов. Экономическая и социальная география: зарубежного мира и РФ, М, 2003.
№ 13 дәріс. Тақырыбы: Халықаралық қатынастар географиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |