Өнеркәсібі. Африка елдерінде соңгы жылдары тау-кен өнеркөсібі зор табыстарға қол жеткізді. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өндіруден Африка дүние жүзінде маңызды, кейде тіпті жетекші орындарды да иеленуде. Мысалы, ОАР алтын өндіруден бірінші орынды; Нигер уран; ал Гвинея боксит өндіруден екінші орынды иеленеді. Замбия мыс өндіру мен оны экспортка шығарудан әлемге өйгілі, бұл елді "қызыл металл елі" деп атайды. Сонымен катар Конго мен Ботсвана алмас өндіру мен оны сыртқа шығарудан дүние жүзінде жетекші орынға шығып отыр. Африка елдеріндегі өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі сыртқа шығарылатындықтан, тау-кен өнеркөсібі Африканың халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын айқындайды. Бірақ та кен өндіру өнеркәсіптерінің көпшілік бөлігі шетел қаржыгерлерінің қолында шоғырланран.Соңғы жылдары Африка елдерінде өңдеуші өнеркәсіп қарқынды дамуда. Бұл сала, ең алдымен, жергілікті минералды шикізатқа негізделеді. Еің күшті дамыған сала — түсті металлургия, олар, негізінен, кен өндіретін енеркөсіп аудандарында шоғырланған. Оларға алғашқы және тазартылған мыс өндіретін (Замбия, Заир), металдық алюминий өндіру (Камерун, Египет), полиметалл кендерін байыту (Конго) көсіпорындары жатады. Өнімнің басым көпшілігі сыртқа жән елтіледі. Қара металлургия көсіпорындары, керісінше өз қажеттерін өтейтін өнімді ғана өндіреді. Машина жасау тек кейбір елдерде ғана бар, аз ғана көсіпорындар сырттан әкелінген бөлшектерден автокөлік, велосипед, трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын құрастырады. Химия өнеркәсібі Солтүстік және Батыс Африканың көптеген елдерінде (Ливия, Алжир, Нигерияда мұнай айыру) мұнай кендерінің ашылуымен байланысты карқынды дамуда. Сонымен қатар бұл аймақтарда азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар да баршылық. Энергетикалық ресурстардың едәуір мол кездесетініне қарамастан отын-энегетика өнеркәсібі (мұнайдан баскасы) нашар дамыған. Әсіресе электр энергиясын өндіруден артта қалып отыр.
Жеңіл өнеркәсіп салалары арасынан тоқыма өнеркөсібінің алатын орны ерекше. Солтүстік Африка елдері өздерінің мақта матасына деген тұтыну талабын толығымен қанағаттандырып, мақтадан иірілген жіптері мен тігін өнімдерін (Египет, Марокко, Тунис) сыртқа шығарады.
Тамақ өнеркәсібі салаларынанмай шығару (зәйтүн, жержаңғақ, пальма майы), ұн тарту, қант және шарап жасау өнеркәсібі көзге түседі.Ауыл шаруашылығы. Африка елдері экономикасының негізі ауыл шаруашылығы болып саналады. Бұл салада ЭБХ-ның 2/3-сінен астамы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 40%-ға жуығын береді. Аймақ елдерінің экспортындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 70%-ға жетеді. Аграрлық қатынастар ерекше күрделілігімен кезге түседі, яғни жер иелену мен жерді пайдаланудың әр түрлі сипаттары қатар кездеседі. Мысалы, Нигерияның солтүстігінде ру-тайпалық жер иелену үстемдік етсе, ал аймақтың оңтүстігінде плантациялық, шаруашылық басым таралған.
Өсімдікшаруашылыгы ауыл шаруашылығындағы жетекші сала болып есептеледі. Ол екі бағытта дамуда; бірі — тұтыну, ал екіншісі — тауарлық бағыт. Тұтыну бағыты Тропиктік Африкада басым, ондағы көпшілік елдерде ру-тайпалық жер иелену сакталған. Жер өңдеуде ең артта қалған кене төсілдер (отау-өртеу, кетпенмен өңдеу) қолданылатын дәстурліұсақшаруашылық және азтауарлышаруашылық сакталған.
Сонымен қатар жалдамалы еңбек кеңінен пайдаланылатын, сыртқа енім шығаруға маманданған ірі плантациялық тауарлы шаруашылықтар да қатар кездеседі. Плантацияларда какао, кофе, жержаңгақ, гевея, майлы пальма, шай, сизаль, кант камысы, темекі, банан, ұзын талшықты мақта, дәм-татымдық дақылдар сияқты сыртқа шығарылатын өнімдер көптеп өсіріледі. Бұл дақылдардың біразы қазіргі кезде жедел өркендеп келе жатқан шаруа қожалықтарында өсіріледі. Африканың бірқатар елдері бір дақыл өсіруге ғана маманданған. Мысалы, Египет Араб Республикасы мен Судан мақта; Кот-Д'Ивуар, Гана, Нигерия какао; Кения, Эфиопия кофе; Сенегал жержаңғақ; Нигерия мен Заир майлы пальма; Алжир; Ливия; Египет кұрма (дүние жүзі бойынша экспортқа шығарылатын құрманың 50%-ы) есіруге маманданған.
Мал шаруашылығы,. Африка дүние жүзінде мал басы аса мол аймақтардың бірі болып саналады. Мұнда дүние жүзіндегі ірі қараның 14%-ы, қойдың 16%-ы, ешкінің 32%-ы, түйенің 73%-ы шорырланған. Бірақ мал өнімдерің өндіру мен оны тұтыну мелшері женінен аймақ дүние жүзінде сонуы орындарды иеленеді. Африкаға мал шаруашылыгының экстенсивті сипаты тән, яғни жайылымда бағылатын жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы басым. Аймақтағы мал басының көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың қолында жинақталған, Бірақ олардағы мал басы асыл тұқымды емес, оның үстіне біраз бөлігі ауруға ұшыраған. Африкадағы негізгі мал шаруашылығы аудандары субтропиктік жерортатеңіздік аймақ пен субэкваторлық саванна зонасында шоғырланған.
Достарыңызбен бөлісу: |