топпен (жаңа материалды хабарлау, білімді бекіту, кеңейту және нақтылау)
21
1)
кешенді форма:
-
I кезеңде жұмысты 4 жастағы балалар бастайды: жаңа тақырып
зерделенеді, жеке тапсырмалар орындалады.Содан кейін жұмысқа 3 жастағы
балалар қатыстырылады. Олармен педагог, ал ересек балалар жұптасып жұмыс
жасайды.
-
ІІ кезеңде жалпы барлық балалар үшін іс-әрекеттің басталуы: ойын
жағдаяты, танымдық ізденушілік бағыттағы сұрақ, ұйымдастыру сәті. 3
жастағы балалар жалпы ұйымдастырылған оқу қызметіне 10-15 минут
қатысады: белсенді қатысу, пассивті тыңдау, заттық әрекет, ересек балалармен
бірлесе жұмыс істеу.
-
ІІІ кезеңде үш жастағы балалар жұмысты аяқтайды. Егер мүмкіндік
болса, балаларды жатын бөлмеге немесе оқшауланған шешінетін бөлмеге
шығару керек, онда олар тәрбиеші көмекшісінің қарауында ойнайды. Егер
мүмкіндік болмаса барлық балалар қорытынды әңгімеге қатысады.Сонымен
қатар ортаңғы топ балаларының ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы
ұзақтығы 15-20 минутты құрайтынын ұмытпаған жөн.
2)
балалардың бір уақыттағы әрекеті:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бұл түрі Үлгілік бағдарламаның білім
беру салаларының бірі бойынша шағын топтың бір уақыттағы жұмысын, бірақ
әртүрлі бағдарламалық міндеттерін қарастырады.
Мысалы, тәрбиеші көмекшісінің қарауымен арнайы жасалған ортада кіші
топ балаларына ойын әрекеттері ұйымдастырылады, ал тәрбиеші ортаңғы
топтың балаларымен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізеді.
Тапсырмаларды орындағаннан кейін шағын топтар орындарымен
ауысады.
3)
жастары бойынша балалардың жеке әрекеті.
Ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастырудың бұл түріне түрлі білім
беру салалары бойынша балаларды топпен ұйымдастыруға болады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бұл түрін педагогтер немесе екі
тәрбиеші жүргізген кезде жүзеге асырылуы мүмкін.