Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет30/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021
физра 7, Элон Маск Мухит Дильназ
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
ептіліктерді меңгерген, өзгермелі ортаға 
бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға 
болуы тиіс. Сондықтан, жоғары мектепте 
барлық жаңалықтар мен өзгерістерге 
батыл жол ашарлық инновациялық 
білім беру технологиялары мен қатар 
этнопедагогикалық білім негізін, оқу іс-
әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін 
белсенділікпен қолдануда тәрбиенің 
басты қырларын жоғары орынға қою – 
маңызды мәселелердің бірі. Жоғары оқу 
орнында оқу барысында болашақ маман 
ретіндегі студентті еңбек нарығының 
сұраныстарына сай қалыптастыруда ұлттық 
құндылықтармен толағай білім нәрімен 
сусындата отырып, оқу үрдісін қазіргі 
білім беру талаптарына сәйкес жоспарлы 
және мақсатты ұйымдастырумен тығыз 
байланысты. Ол үшін оқыту үрдісіне жаңа 
және бұрын қолданылған озық тәсілдер 
мен бағыттарды жетілдіре енгізу қажет.
Олардың ішінде рухани адамгершілік 
болмысын қалыптастыруда этнопедагогика 
ғылымы айрықша орын алады. Оқу үрдісіне 
білім мен қатар тәрбие берудің ықпалын 
белсенді енгізу білім беруде дағдарыстарды 
жеңуге мол мүмкіндік береді, әрі білім 
беру мазмұны мен әдістерінің қоғамның 
және тұлғаның өзгермелі талаптарына сай 
болуын қамтамасыз етеді. Этнопедагогика 
құралдары арқылы білім бере отырып,
білім алушының бойына ата-бабамыздан 
қалған игілікті тәрбие мен адамгершілік 
құндылықтарды білімдік тұрғыдан
қалыптастыра отырып, болашақ маман 
иесін ғана емес, өмірге даяр, еліміздің 
ертеңін қалыптасарымыз анық. 
Қоғам жаңарған сайын адам да жаңара 
түседі, оның мінез-құлқы да жаңарып 
отырады. Ол заңды да. Экономикалық 
және әлеуметтік табыстардың түп қазығы 
жаһандану сипатындағы моральдық 
және мәдениеттілік сипатында екендігі 
түсінікті. Білім берумен қатар, қоғамға адал, 
арлы мәдениеті мол адам тәрбиелеу оқу 
орындарының міндеті. Осы жолда рухани-
адамгершілік болмысын этнопедагогика 
құралдары арқылы қалыптастырудың білім 
беру сипатындағы жолдарын айқындап 
алғанымыз жөн. Ұлттық тәрбиелік білім 
беру ғасырлар бойы жалғасқан мол 
халықтық мұра – тәлім-тәрбие негіздері 
қайта қаралып, ғылыми сипатқа ие болу 
деген мақсатта болуы тиіс. Оның басты 
түйіні халық ауыз әдебиетінің түрлері 
мен аңыз-әңгімелерінде, ертегілерінде, 
батырлық жырларда, ғибраты мол би-
шешендердің нақыл сөздері мен тәрбиелік 
ой-пікірлерінде жатыр. «Әрбір ұлттың 
баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін 
қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші 
баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие 
қылуға міндетті» [1. 56 б.], - деп, кезінде 
ғалым М.Жұмабаев айтып өткеніндей, ұлт 
тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейде 
бере білсек, бүгінде белең алып жатқан 
жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан 
арылуға жол салған болар едік.
Этнопедагогика ғылымының зерттеу 
объектісі – халықтың ғасырлар бойы дамып, 
қалыптасқан мәдениеті мен мінездерінің 
нормалары, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың 
жиынтығы, ал, оны білім беру үрдісіне 
ендіріп, рухани адамгершілікке баулу білім 
бағдарламаларына қойылатын міндеттердің 
бірі. Этнопедагогикалық мәдениет, ұлттық 
дәстүрлер, әдет-ғұрып, мінездердің 
нормалары өмір тіршіліктің өзгеруіне 
сәйкес өзгерістерге ұшырап, үздіксіз даму 
үстінде болды, және сол өзгерістерді қоғам 
сұранысына сай дамыта отырып, болашақ 
маманның тұлғасын дамытуға пайдалана 
білу керек. Бұл, біріншіден, қоғам дамуының 
заңдарын білдірсе, екіншіден, белгілі бір 
кезеңдерде жаңаша сапаның пайда болып, 
әлеуметтік өмірдегі жағдайларды өзгертуге 
себепші бола отырып, білім алушының 
ұлттық құндылықтармен толықтырылған 
білім негізінің қалыптасуының бірден бір 
жолы. 
Этнопедагогика ұғымын айналымға 
тұңғыш енгізген чуваш ғалымы Г.Н. Волков. 
Этнопедагогика – халықтың тәрбиелік 
тәжірибесін, оның көзқарасын зерттейтін 
ғылым, сонымен қатар тұрмыстық 
педагогикасы, ұлт, ру, тайпа педагогикасы 
туралы ғылым. Зерттеу объектісі халықтың 
тәлім-тәрбиесі жөніндегі ұғым түсініктері, 
дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын 
ғылым саласы ретіндегі этнопедагогика 


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет