Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Innovative College мекемесі



бет2/6
Дата23.11.2022
өлшемі63,1 Kb.
#159459
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
docx1644291109
Қол жуу , саясаттану, деректер қоры, pril 2
1. Алдыңғы сабақ тақырыбын талқылау:
Ақпаратты кодтау
1. Кодтау дегеніміз не? Кодтау – символдардың машиналық кодқа сәйкестігі, сонымен қатар ақпаратты компьютерлік тілден адамға түсінікті тілге аудару және керісінше.
2.Ақпаратты кодтаудың қандай түрлері бар? Морзе әліппесі, ASCII (American Standard Code for Information Interchange) коды, Apple фирмасының компьютерлері Mac OS операциялық жүйесінің басқаруымен өздерінің жеке Mac кодтау түрін пайдаланады, Unicode, Одан басқа стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (International Standards Organization, ISO) орыс тілі үшін ISO 8859-5 деп аталатын кодтау түрін ұсынды.
3.
3. ASCII бойынша кодтау
«ПАРТА» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз.
П – 8Ғ, А – 80, Р – 90, Т – 92, А – 80.
ПАРТА сөзінің коды 8Ғ80909280.
Ал 2-ші кесте бойынша. 8Ғ – 10001111, 80 – 10000000, 90 – 10010000, 92 – 10010010
Бұларды тізбектеп жазсақ:
10001111 10000000 10010000 10010010 10000000
Бос орындарды толтырыңдар:
1. Компьютерлік алфавиттегі реттік нөміріне сәйкес барлық символдар кестесі – … деп аталады. Кодтау кестесі
2. … – бұл символдардың машиналық кодқа сәйкестігі, сонымен қатар ақпаратты компьютерлік тілден адамға түсінікті тілге аудару және керісінше. Кодтау
3. ASCII кестесіндегі символдар қолайлылық үшін … санау жүйесімен нөмірленді. Он алтылық
2. Жаңа сабақ:
Деректер қорының негізгі ұғымдары
Кез келген кәсiби қызмет түрі ақпаратты жинау , сақтау және оны іріктеуді ұйымдастырумен айналысады. Бүгінгі күні белгілі бір ұйымдастыру тәсілін немесе механизмді қажет ететін деректер қоры күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болды. Мұндай механизмді деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деп атайды. Осы негізгі ұғымдарды қарастырайық.
Деректер қоры (ДҚ) – мекеменің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған логикалық байланысқан деректердің жиынтығы (және олардың сипаттамасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет