Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қызылорда облыстық білім басқармасы №10 Дарынды балаларға арналған облыстық



бет6/8
Дата14.05.2022
өлшемі2,52 Mb.
#143155
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қоңырқожа2

ІІ – ТАРАУ

ҚЫЗЫЛОРДА

1925 жылы Түркістан АКСР-і тарап, еліміздің оңтүстік аймақтары Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің құрамына енді. Сол жылы көктемде Қоңырқожа Қожықов жаңа астана Ақмешіт қаласында еліміздің бүкіл еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің бес күнге созылған V съезіне қатысып, Ақмешітті Қызылорда деп өзгертуге тікелей ықпал жасайды. Бұны тарихшы-ғалым Х.М.Тұрсын өзінің «Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты» атты еңбегінде Дінше Әділовтің 1928 жылы ОГПУ тергеушісіне берген жауабынан алады.


Онда «Қожанов, мен, Есболов Табынбаевтың үйінде түскі ас іштік. Съезд аяқталуға таяған еді. Сол кезде үкімет көшіп келіп Ақмешіт қаласының атын өзгерту мәселесі көтерілген болатын. Жаңа астананы қалай атау жөнінде ойластық. Қызылорда атауын алғаш ағартушы-ғалым Қоңырқожа Қожықов ойлап тапты. Одан неге? деп сұрадық. Бұл қос қатпарлы атау, ол екі жақты да қанағаттандыруы тиіс екенін айтты. «Қызыл» – демек большевиктерге ұнайды, ал «Орда» – ұлттық атау. Демек, ол жақ та, бұл жақ та кінә арта алмайды. Бұл ұсыныспен келістік. Сұлтанбек Қожанов съезд төралқасынан кезектен тыс сөз алып ұсыныс жасады. Бірінші ұсыныс Қырғыз республикасын Қазақ республикасы деп атау керек десе, екіншісі Ақмешіт қаласын Қызылорда деп атау жөнінде. Съезд екі ұсынысты да бірауыздан қабылдады», – деген екен.
Осы тарихи деректерден Қ.Қожықовтың Қазақстан Кеңестік Республикасыынң сол кездегі астанасына жаңа атау беру ісіне тікелей қатысты болғандығын байқаймыз.



Қоңырқожа Қожықов бұдан бөлек елдік жолда талай игі іс атқарған қайраткер. Соның бірі Алматыдағы тұңғыш ұлттық мәдениет институты, өлкетану мұражайы мен өнер училищесінің ашылуына тікелей ықпал жасаған еңбегін айтуға болады. Сол уақытта ол Қорқыт ата кесенесін, Қожа Ахмет Яссауи мазарын, Сауран, Отырар қалаларының орнын мемлекет қарауына алу туралы да бастаманы да бірінші болып көтерген. 1935 жылы «Жетісудің ежелгі ескерткіштері» атты кітабын шығарады. КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалында еңбек етіп жүріп С.Асфендияров пен П.Кунтенің редакциясымен 1936 жылы жарық көрген «Прошлое Казакстана в источниках и материалах» жинағын құрастырушылардың бірі болды. 1938 жылы тұтқындалғанға дейін ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде ғылыми қызметкер, ориенталист қызметін атқарып, сирек қорды толықтыру бағытында жұмыс жасайды.1938 жылы Қоңырқожа тұтқындалып, 58 жасында өмірден өтеді. Өмірлік зайыбы Ләтипа Қожықова жанына түскен жарадан жазыла алмаса да қиындыққа мойымай, балаларының білім алуына жағдай жасап, тұлға дәрежесіне жеткізіп қана қоймай, өз шығармашылығын да дамытып кетті. Өзінің төрт ұлын халқы үшін еңбек етуге, мәдениеті мен өнерін ұғынып, оны қастерлеп шыңдауға үйретеді.


1957 жылы 23 желтоқсанда халық жауы деген жаладан толық ақталып шығады. Жалпы алғанда Қоңырқожа Қожықовтың тұлғалық тұрпаты, кісілік келбеті азаматтық ұстанымы ұлтын сүйген әрбір перзентке үлгі-өнеге болып қала бермек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет