МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………….......5
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
І- ТАРАУ. ТАЛАНТЫ МЕН БЕРЕКЕСІ ТАСЫҒАН ҚОҢЫРҚОЖА............6-9
ІІ - ТАРАУ.«ҚЫЗЫЛОРДА» ……………….................................................10-12
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………13
ҰСЫНЫСТАР……………………………………………………………….....14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………….......15
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ және басқа Түркістан халықтарының саяси өміріне қатысты істерге саналы әрі белсенді түрде ат салысқан зиялыларымыздың бірі-Қоңырқожа Қожықов. Қоңырқожа Қожықов 1880 жылы бұрынғы Ақмешіт, Перовск, қазіргі Қызылорда қаласы түбіндегі Қоғалыкөлде туған. Ал, Қоңырқожа Қожықовтың арғы тегі сонау орта ғасырда Орта Азиямен қазақ даласына дін таратқан Қорасан қожадан бастау алады. Ол- қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым. Қазақ-орыс мектебін, Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдап, Сырдария губерниясында мектеп инспекторы, қазақ-орыс училищесінің меңгерушісі, Түркістан, Перовск, Әндіжан қалаларындағы мектептерде оқытушы болды. Өлке және Орта Азия тарихының үлкен білгірі, ол Түркістан автономиясын құру бойынша "Алаш Орда" партиясының қызметіне белсенді қатысады, сауатсыздықты жоюмен айналысады, Жетісу ежелгі ескерткіштері-қорғандарын зерттеу және қазу бойынша экспедицияға қатысады, Орхон жазбасы, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Ақтас мазарлары туралы ғылыми мақалалар жазады. Оның бастамасымен Алматыда ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты (қазіргі М. Әуезов атындағы өнер және әдебиет институты)ашылды. Қ.Қожықов 1912 жылы Орынборда басылып балаларға арналған алғашқы оқу құралдарының бірі болған "Әліппе" оқулығы және Шәді Жәңгірұлы мен Қалиасқар Қасымовпен бірігіп шығарған "Русие патшалығында Романов нәсілінен хукимранлик қылған патшалардың тарихлары" атты дастаны жарық көрген. Зерттеуші-этногроф Тынышбек Дайрабай «Қоңырқожаның нағашылары яғни, әкесі Қожық қожаның зайыбы кіші жүз ханы болған Әбілхайыр ханның ұрпағы Ерім төренің қызы, ал өзінің жолдасы Латифа атақты Лапиндер әулетінен шыққан» дейді. Оның есімі жоғарыда Алаш қозғалысы тарихының деректерінде жиі аталады. Өмірбаянында өзі алашордашылардың қатарында болғандығын жасырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |