Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



бет4/9
Дата27.11.2016
өлшемі2,77 Mb.
#2590
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ұйымдастырушылық-құқықтық, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан арнайы білім беру ұйымдары көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 16-бабымен реттеледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. Сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
      6. Аталған қызмет жеке тұлғаларға – 7-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      құжаттарды қарау өтініш түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      8. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күнделікті сағат 08.00-ден бастап 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілетін бөлме көлемі, орналасуы және сырт пішіні жағынан сапалы қызметтерді ұсыну талаптарына сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) жолдамасы;
      2) қабылдау туралы өтініш (еркін үлгіде);
      3) туу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) білім алушының қорытынды аттестаттаудан өткенін куәландыратын және тиісті білім беру деңгейі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат (куәлік, аттестат).
      5) 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет;
      6) медициналық анықтама;
      7) екпе паспорты
      8) жылдың ортасында бір мектептен басқа мектепке ауысқан жағдайда мектептің мөрімен расталған және қол қойылған бағалар ведомосы мен мектептің психологиялық - медициналық - педагогикалық консилиумының шешімі (мамандардың жалпы пікірі).
      12. Мемлекеттік қызметті алу туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының стендтеріне орналастыру қажет.
      13. Толтырылған өтініштер, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар білім беру ұйымының жауапты тұлғасына (директор, мектеп директорының орынбасары) тапсырылады.
      14. Өтініштің қабылдау нөмірі мен күні, құжатты қабылдап алған комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып табылады.
      15. Мемлекеттің қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәсілі – мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуы болып табылады.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Білім беру ұйымының қызметі мына қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығының сақталуы;
      2) қызметтік міндетті орындау барысындағы заңдылық;
      3) әдептілік;
      4) жан-жақты және толық ақпарат беру;
      5) қорғау және құпиялықты сақтау;
      6) мемлекеттік қызметті алушы дер кезінде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
      18. Қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілі осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне хабарласуына болады.
      21. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      22. Егер заңды өкіл қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғарғы инстанцияның қарауын қажет етсе, заңды өкіл шағымын жазбаша түрде Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберуіне болады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдану кезінде мемлекеттік қызметті алушының арызы қажет.
      25. Қабылданған шағымдар уәкілетті органның кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын балаларға қосымша білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 1-бабының 38-1), 39) тармақшаларына; 4-бабының 19) тармақшасына; 5-бабының 44-5) тармақшасына; 6-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағының 5), 10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5), 9) тармақшаларына; 23-бабының 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат балаларға қосымша білім беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі қосымша білім беру ұйымына осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес баланың заңды өкілі мен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негізінде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет 3 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті қарастыру 3 жұмыс күнін құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептері үшін 15 жұмыс күні);
      2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алу үшін күту (тіркелу кезінде) уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      8. Мемлекеттік қызметті алушы жеке өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті өтініш түскеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде балаларға қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының белгіленген кестесіне сәйкес жауапты тұлға жүзеге асырады.
      9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген кестеге сәйкес түскі үзіліспен 9.00- ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету жағдайлары қарастырылған балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы балаларға қосымша білім беру ұйымдарына мынадай құжаттарды тапсыруы керек:


      1) балаларды қосымша білім беру ұйымдарына тіркеу туралы заңды өкілдерінің өтініші;
      2) баланың туу туралы куәлігінің, жеке басын куәландыратын құжатының (бар болған жағдайда) көшірмесі;
      3) бала мен ата-анасының мәліметтері бар сауалнама;
      4) қызмет көрсету талаптары көрсетілген шарт (қажеттілігіне қарай);
      5) қажеттілігіне қарай денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі балаларға қосымша білім беру ұйымының фойесінде, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының уәкілетті органының ресми сайтында орналастырылады.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті ұсынуға жауапты тұлғаның кабинетіне тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.
      15. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтініш түскеннен кейін 3 жұмыс күні өткен соң бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жауапты тұлғаға жеке өзі баруы тиіс.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары

      17. Қызметті ұсынудың негізгі қағидаттары:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген уақытта алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік қызметті уақытылы ұсыну;
      5) сыпайылылық және әдептілік болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәні қажеттілігі қарай балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетілген аудандық және қалалық білім бөлімдері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдемдеседі.
      21. Шағымдар пошта арқылы жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде, не кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағым беру барысында қажетті құжаттардың тізбесіне еркін үлгіде жазылған өтініш кіреді.
      Жұмыс және қосымша білім беру ұйымдары мен бөлімдер басшыларының қабылдау кестесі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
      22. Мемлекеттік қызмет сапасыз ұсынылған және дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органдардың білім бөлімдеріне жолданады.
      23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Жоғары тұрған органдарға шағым жолдау үшін мемлекеттік қызметті алушының еркін үлгіде өз қолымен жазған арызы беріледі.
      Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы арызға сапасыз қызмет көрсетілгенін растайтын құжаттарды қоса береді.
      25. Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс ақпараттар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша


қосымша білім беру ұйымдарына     
балалардың құжаттарын қабылдау және  
оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет  
стандартына              
2-қосымша               
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МЕН
БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ АРАСЫНДАҒЫ
ҮЛГІ ШАРТ
      ____________қаласы                   "___"___________ 20__ ж.
      Балаларға қосымша білім беру ұйымы ____________________________
____________________________________________________________________,
                              (атауы)
      Бұдан әрі ҚБҰ деп аталатын ____________________________________
атынан ҚБҰ Жарғысының негізінде әрекет ететін директор
_____________________________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты)
бір жағынан және бұдан әрі __________________________________________
_____________________________________________________________________
           (баланың тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы)
«Ата-анасы» деп аталатын анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлғалар)
_____________________________________________________________________
(анасының, әкесінің, оларды алмастыратын тұлғалардың тегі, аты,
                     әкесінің аты)
екінші жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:
      1. ҚБҰ міндеті:
      1.1. ________________________________________________ негізінде
                (қабылдау туралы құжаттың атауы)
баланы ____________________________ үйірмеcіне/секциясына тіркеу
              (атауы)
      1.2. Ақысыз білім беру қызметтерін қамтамасыз ету _____________
                                            (құрылтайшы, демеушілер
_____________________________________________________________________
      қаржысынан төленетін ақылы білім беру қызметі түрлерінің атауы)
ақылы білім беру қызметтері _________________________________________
                              (ата-ана қаржысынан төленетін
_____________________________________________________________________
                              қызмет түрлерінің атауы)
      оның шығармашылық қабілеттерін дамыту;
      балаға оның даму ерекшелігіне қарай жеке ықпал етуді жүзеге асыру;
      баланың эмоционалдық қолайлылығына қамқор болу.
      1.3. Баланы ___________________________________________________
             (бағдарлама атауы; бағдарламаны бекіткен органның атауы)
бағдарламасы бойынша оқыту.
      1.4. Баланың жас, жеке ерекшеліктеріне, білім бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқу жұмысын ұйымдастыру.
      1.5. Баланы келесі жас ерекшелігі тобына ауыстыру
_____________________________________________________________________
                              (ауыстыру уақыты)
      1.6. Осы шартты орындау.
      2. "Ата-ана" міндетті:
      2.1. ҚБҰ Жарғысын және осы шартты орындау.
      2.2. ҚБҰ-ғабалаға қызмет көрсеткені үшін ____________ мерзімде
________________________________________________ сомада ақы төлеу.
      2.3. Баланы 16-жасқа толмаған басқа адамға сеніп тапсырмай, баланы тәрбиешіге өзі тапсыру және алып кету (немесе басқа жағдайлар).
      2.4. Баланы қосымша білім беру ұйымына ұқыпты күйінде; таза киім және аяқ киіммен алып келу
_____________________________________________________________________
      (баланың жергілікті; маусымдық; жас; жеке ерекшеліктеріне
_____________________________________________________________________
      қарай қосымша білім беру ұйымдарының басқа талаптары)
      2.5. ҚБҰ-ға баланың келе алмайтыны, оның ауырып қалғаны туралы хабарлау.
      2.6. Баланы оқытудың барлық бағыттары бойынша ҚБҰ-мен бірлесіп әрекет ету.
      2.7. ҚБҰ-ға Жарғылық міндеттерді іске асыру бойынша қолдан келетін көмек көрсету
_____________________________________________________________________
             (бала өмірін қорғау; сауықтыру; гигиеналық;
_____________________________________________________________________
                  мәдени-эстетикалық; экологиялық тәрбие;
_____________________________________________________________________
          Отбасы жағдайындағы түзету жұмыстары; басқалары)
      3. ҚБҰ-ның:
      3.1. ҚБҰ-да әрі қарай баруға кедергі болатын бала денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды болған жағдайда баланы ҚБҰ-дан шығаруға;
      3.2. "Ата-ананың" өтініші бойынша ҚБҰ-да балаға қызмет көрсеткені үшін төлемдердің мерзімін ұзартуға;
      3.3. Баланы отбасында тәрбиелеу ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3.4. "Ата-ана" өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, "Ата-ананы" алдын ала ______күн бұрын ескертіп, осы шартты бұзуға құқығы бар.
      4. "Ата-ананың":
      4.1. ҚБҰ Педагогтер кеңесі жұмыстарына кеңесші дауысы құқығымен қатысуға;
      4.2. балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметтерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      4.3. ҚБҰ-да балалармен жұмыста қолданылатын білім беру бағдарламаларын таңдауға;
      4.4. ҚБҰ-да ұсынылатын қосымша қызметтер түрлерін таңдауға.
      4.5. ҚБҰ-да баланың бейімелу кезеңінде онымен _____ күн; _____ сағат; басқа жағдайларда ________________ бірге болуға;
      4.6. ҚБҰ-ға балаға қызмет көрсету үшін төлемақының мерзімін ұзарту; қосымша қызметтер үшін төлемақы жөнінде белгіленген мерзімінен _____ күн кешіктірмей өтініш білдіруге;
      4.7. ҚБҰ Жарғысы мен осы шарт міндеттерінің орындалуын талап етуге.
      4.8. Топтағы балалармен жұмыс жөнінде қосымша білім беру ұйымының директоры мен мұғалімдерінің есебін тыңдауға.
      4.9. Осы шартты бір жақты тәртіппен ҚБҰ-ны бұл жөнінде алдын ала ____ күн бұрын ескерту арқылы бұзуға құқығы бар.
      4.10. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және екі жақтың келісуі бойынша мерзімі ұзартылуы; өзгертілуі; толықтырылуы мүмкін.
      5. Шартқа өзгерістер, толықтырулар қосымша нысанда енгізіледі.
      6. Тараптар міндеттердің тиісті деңгейде орындалуына немесе дұрыс орындалмауына жауапты. ________________________________________
                                (екі жақтың жауапкершіліктері)
      8. Шарттың қолданылу мерзімі: ________201_ ж бастап __________ дейін.
      9. Шарт екі данада жасалған:
      Бір данасы ҚБҰ-да баланың жеке құжатында, екіншісі - «Ата-анада» (оларды алмастыратын тұлғаларда).
      Осы Шартқа қол қойған тараптар:
      Қосымша білім беру ұйымы       Ата-ана: анасы (әкесі, оларды
      № ___________                    алмастыратын тұлғалар)
      Мекенжайы: _________________   _____________________________
      (индекс, қала, аудан, ауылдық    (тегі, аты, әкесінің аты)
         округ, көше, үй)
____________________________________  Мекенжайы: _________________
                                      Төлқұжат деректері: ________
__________________________________________________________________
                        жұмыс орны;
__________________________________________________________________
                        лауазымы;
__________________________________________________________________
                   үй, жұмыс телефоны)
Қолы ______________________ Қолы ______________________Мөр

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес кенттің, ауылдық, (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - әкімдік) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген әкімдіктердің фойесінде, сондай-ақ облыс әкімдіктердің, білім басқармаларының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама немесе қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну 5 жұмыс күнін құрайды;
      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты уақыты 30 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:
      1) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған әкімдіктердің ғимараттарында көрсетіледі. Күту залдары толтырылған бланктердің үлгілері бар ақпараттық стенділермен жарақталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет