Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



бет5/9
Дата27.11.2016
өлшемі2,77 Mb.
#2590
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      1) білім алушының /тәрбиеленушінің/ ата-анасы немесе заңды өкілінің баланы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуге арналған осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтініші;
      2) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі;
      3) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес оқу орнынан анықтама.
      Туу туралы куәліктің, жеке куәліктің түпнұсқасы көшірмемен салыстыру үшін беріледі және кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі әкімдіктің фойесінде орналастырылады, сондай-ақ әкімдіктің мамандарында болады.
      13. Өтініштің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке куәлігі және оқу орнынан алынған анықтама аталған қызметті көрсетуге жауапты әкімдіктің әлеуметтік мәселеге жетекшілік ететін маманының кабинетіне тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми куәландырылған тиісті құжаттар болған кезде) өтініш түскеннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң беріледі.
      Анықтама беру туралы мәлімет осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес анықтаманы есепке алу кітабында тіркеледі.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға бас тартуға негіз болады.
3. Жұмыс қағидаттары

      17. Әкімдіктің қызметі:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттік қызметті уақтылы ұсыну;
      6) нақтылық және сыпайылық қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі

      20. 1-қосымшада көрсетілген кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдары уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.


      21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда не жұмыс күндері қолма-қол облыстық әкімдіктің кеңсесі арқылы аталған стандарттың 8-қосымшасына сәйкес қабылданады.
      Шағым беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесіне еркін нысанда жазылған өтініші және қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың көшірмелері кіреді.
      Әкімнің жұмыс және қабылдау кестесі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленген.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне Астана қаласы, «Министрлік үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 945-кабинет мекенжайы бойынша беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Әкімдікке шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркiн нысанда өз қолымен жазады.
      25. Қабылданған шағым әкімдіктің кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтiнiштiң күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 945-кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен, сондай-ақ www.bala-kkk.kz сайтынан ала алады.
«Шалғайдағы ауылдық елді    
мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
2-қосымша            
Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз ету туралы анықтаманың үлгісі
Анықтама
______________________________________________ берілді.
      (оқушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.)
      Ол № __________________________ жалпы білім беру ұйымына және
             (мектептің атауы)
үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілетін болады.
      Анықтаманың оқу жылы бойы күші бар.
Кенттің, ауылдың (селоның),
ауылдық (селолық)
округтің әкімі
_______________________             Т.А.Ә._______________________
      (елді мекеннің атауы)                (аты-жөні және қолы)
М.О.
«Шалғайдағы ауылдық елді    
мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
3-қосымша            
Өтініш үлгісі
Кенттің, ауылдың (селоның), 
ауылдық                     
(селолық) округтің әкіміне  
(өтініш берушінің аты-жөні) 
тұратын мекенжайы, телефоны:
_____________________________
Өтініш
      Сізден менің кәмелетке толмаған (Т.А.Ә. туған жылы), (елді мекеннің, ауданның атауын көрсету) тұратын және (жалпы білім беретін № мектептің толық атауы, сыныбында оқитын) баламды 20.. - 20.. (оқу жылын көрсету) оқу жылы жалпы білім беру ұйымына және үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуіңізді сұраймын.
Күні «___»__________ж.
Өтініш берушінің қолы _____________
«Шалғайдағы ауылдық елді    
мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
4-қосымша            
Оқу орнынан анықтаманың үлгісі
АНЫҚТАМА
______________________________________________________ берілді
      (білім алушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.)
      Ол ________________________________________________________
                  (мектептің толық атауын көрсету)
_____ сыныбында ______ ауысымда (оқу кезеңі сағат ___ дан ____ дейін) оқиды және тасымалдауға мұқтаж.
      Анықтама талап еткен орынға көрсету үшін берілді.
      №____ мектептің директоры                 Т.А.Ә._______________
      (мектептің атауын көрсету)                 (аты-жөні және қолы)
«Шалғайдағы ауылдық елді    
мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
5-қосымша            
Тұтынушыдан құжаттардың алынғандығы туралы қолхаттың үлгісі
      Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі
_____________________________________________________________________
            (елді мекеннің, ауданның, облыстың атауы)
құжаттарды қабылдау жөніндегі № ______ қолхат
________________________ дан төмендегі құжаттар алынды:
1. Өтініш
2. Туу туралы куәліктің (жеке куәліктің) көшірмесі
№ ________ __________ кім берді ____________________________
3. Оқу орнынан анықтама.
Әкімдіктің қабылдаған маманы _____________ (қолы)
"__" _____________ 20__ ж.
«Шалғайдағы ауылдық елді    
мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
6-қосымша            
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім
беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін
құжаттар қабылдау туралы анықтаманы есепке алу кітабының үлгісі
      Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі
___________________________________________________________________
            (елді мекеннің, ауданның, облыстың атауы)
Анықтаманы есепке алу кітабы*
Кітап _______________ жылы басталды
Кітап _____________ жылы аяқталды  



р/с

Берілген күні

Анықтама берілген тұтынушының Т.А.Ә.

Анықтама берген лауазымды адамның Т.А.Ә. және қолы

Анықтаманы алған тұтынушының Т.А.Ә. және қолы

1

2

3

4

5










Ескерту: Анықтаманы есепке алу кітабы нөмірленеді, тігіледі және әкімнің қолымен және мөрімен бекітіледі.


«Шалғайдағы ауылдық елді    
мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
7-қосымша            
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні



Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)







2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)







3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)






«Шалғайдағы ауылдық елді    


мекендерде тұратын балаларды 
жалпы білім беру ұйымдарына және
үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну
үшін құжаттар қабылдау»    
мемлекеттік қызмет стандартына 
8-қосымша            
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы
органдарының тізімі





Облыстардың / қалалардың атауы

Байланыс телефондары

Заңды мекенжайы

Сайттардың мекенжайы және байланыс телефондары

1

2

3

4

5

1.

Ақмола

8(7162)255511

Көкшетау қаласы Абай көшесі, 83 инд.020000

http://www.akmo.kz

2.

Ақтөбе

8(7132)564758

Ақтөбе қаласы Әбілхайыр хан даңғылы, 40 инд.030010,

http://www.akto.kz

3.

Атырау

8(7122)354501

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 инд.060010,

http://www.atyrauobl.kz

4.

Алматы

8(7282)270822

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 инд. 040000

http://www.almaty-reg.kz

5.

Шығыс Қазақстан

8(7232)578580

Өскемен қаласы М.Горький көшесі, 40 инд. 070019

http://www.akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл

8(7262)431822

Тараз қаласы  Абай даңғылы,125 инд. 080008

http://www.zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан

8(7112)514013

Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179 инд. 090000

http://www.western.kz

8.

Қарағанды

8(7212)421045

Қарағанды қаласы Мира бульвары, 39 инд.100012

http://www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда

8(7242)262144

Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 76 инд.120003,

http://www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай

8(7142)575085

Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 66 инд. 110000

http://www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау

8(7292)314215

Ақтау қаласы, 14 мөлтек ауданы, 1 инд. 130000

http://www.mangystau.kz

12.

Павлодар

8(7182)323422

Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 49 инд.140009

http://www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан

8(7152)464125

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 инд.150011

http://www.akimat-sko.kz

14.

Оңтүстік Қазақстан

8(7252)537443

Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 инд. 160007

http://www.ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556401

Абай даңғылы, 11

http://www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2501880

Республика алаңы, 4 инд. 050001

http://www.almaty.kz

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы Стандарттың 3, 4-қосымшаларында тізбесі көрсетілген облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың білім басқармаларының фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерінің және білім басқармасының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы):
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
      3) отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;
      5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;
      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:
      белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы жалпы білім беретін мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      2) осы стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      3) осы стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отбасыларда тәрбиеленетін адамдар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;
      4) осы стандарттың 6 тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі және қажетті құжаттар тізбесі жалпы білім беретін мектептердің фойесінде орналастырылады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің қызмет көрсетуге жауапты қызметкерінен алуға болады.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері мемлекеттік қызметті алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 күн өткен соң беріледі.
      16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет