«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушы да электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 – 132-баптары, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңының 29-бабы, «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында (www.con.gov.kz);
3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың орынжайларында орналасқан стенділерде;
4) порталда орналасады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін;
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны:
1) Орталықта – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағышта қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру;
2) порталда – уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
Орталыққа жүгінген кезде:
1) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алған кезде кезек күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
Портал арқылы жүгінген кезде:
мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) Орталыққа жүгінген кезде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Жылжымалы Орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
2) веб-портал арқылы өтініш білдірген кезде – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтардың ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған;
2) порталда – «жеке кабинетте».
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) Орталыққа жүгінген кезде:
қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі;
мынадай:
мемлекеттік қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың;
баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
тұрғылықты жерінен анықтаманың деректері.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін олар өтініш берушіге қайтарылады;
2) порталда:
электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұраныс;
қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі – сканерленген көшірме түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;
мынадай:
мемлекеттік қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың;
баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
тұрғылықты жерінен мәліметтер не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер Орталықтарда күту залындағы арнайы бағандарда не Орталық консультантында болады, сондай-ақ «Орталық» РМК www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұраныс нысанын толтыру қажет.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру:
1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталықта құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады;
2) порталда – электрондық құжатты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
14. Орталықта барлық құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) Орталыққа өтініш білдірген кезде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;
2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» немесе электрондық поштаға мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұраныстың қабылданғаны туралы ескертпе-хабарлама мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып жіберіледі.
15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді;
1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталық қызметкері «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзімде күн сайын жүзеге асырады.
Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.
Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттар алуға мерзімінде бармаған жағдайда Орталық олардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оларды уәкілетті органға тапсырады;
2) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өзі жіберген кезде.
16. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
Уәкілетті орган Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде кеткен қателерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша негіздемесімен бірге Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бұл туралы мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде ақпараттандырады және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мамандары мен Орталық қызметкерінің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетін атқару кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашық болуы;
6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпияда ұстау.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді.
Сондай-ақ, Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «Электронды үкіметтің» сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін жердегі уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Уәкілетті органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайларда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарамағындағы «ХҚКО» РМК-ге беріледі. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «ХҚКО» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а» үй, телефоны: 8(7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.e.gov.kz.
Порталда – сall-орталығының (1414) телефоны бойынша.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе лауазымы, іс-қимылына шағым түсірілетін лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.
Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетiлген талон беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
26. Мемлекеттік қызметті алушы порталынан электрондық өтініш жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттен» өтініштің мемлекеттік органда пысықталу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
АНЫҚТАМА № ____________________
Осы анықтама
____________________ қаласы
___ ____________________ көшесі,
№ ___ үй, № пәтерде тұратын
азамат (азаматша). _________________________________________ берілді,
ол шын мәнінде (қала, аудан) әкімінің
200___ жылғы «___»____________________________ № шешіміне сәйкес
19___ жылғы «___»____ туылған ______________
және оның мүлкіне (мүлкінің тізімдемесі істе тігулі, мүлкі жоқ) қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалды.
Қорғаншыға (қамқоршыға) қамқорлыққа алынушыны тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық пайдалы қызметке даярлау туралы, оның жеке мүліктік құқықтарын қорғау және сақтау, сотта және барлық мемлекеттік мекемелерде арнайы өкілеттіксіз оның өкілі болу міндеті жүктеледі.
Аудандық, қалалық білім
бөлімнің бастығы __________________________ Т.А.Ә.
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен
бекітілген
«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда мекенжайлары көрсетілген Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 66, 128-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының 3-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 29-бабы, «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында (www.con.gov.kz);
3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың орынжайларында орналасқан стенділерде;
4) порталда орналасады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін;
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны:
1) Орталықта - осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, шарттарды бұзу), осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаға тиесілі мүлікпен әрекетті жүзеге асыру үшін қағаз тасымалдағышта анықтамалар (бұдан әрі - анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) порталда – уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭСҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтаманы беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) Орталыққа жүгінген кезде:
мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алған кезде кезек күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
2) портал арқылы жүгінген кезде:
мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) Орталыққа жүгінген кезде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Жылжымалы Орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
2) веб-портал арқылы өтініш білдірген кезде – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтардың ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған;
2) порталда – «жеке кабинетте».
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) Орталыққа жүгінген кезде:
осы стандартқа 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызметті алушының (кәмелетке толмаған балалардың екі ата-анасының (ерлі-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер) (бұдан әрі – заңды өкілдері) өтініші;
қайтыс болуы туралы куәлік;
банк салымының бар екенін растайтын құжат;
көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін дәлелдеме-анықтама), егер анықтама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда;
заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан);
мынадай:
мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттың;
баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
некеге тұру туралы куәлігінің (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда);
некені бұзу туралы куәлігінің (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда);
№ 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылға дейін некеден тыс туылса) деректері.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады;
2) порталда:
мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
қайтыс болуы туралы куәлік – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
банк салымының бар екенін растайтын құжат – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін дәлелдеме-анықтама), егер анықтама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан) – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
мынадай:
мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттардың деректері;
баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
некеге тұру туралы мәліметтер (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
некенің бұзылуы туралы мәліметтер (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкілері Орталықтарда күту залындағы арнайы бағандарда не Орталық консультантында болады, сондай-ақ «Орталық» РМК www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұраныс нысанын толтыру қажет.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру:
1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталықта құжаттарды қабылдау перациялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады;
2) порталда – электрондық құжатты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
14. Орталықта барлық құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) Орталыққа өтініш білдірген кезде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
сұраныстың нөмірі мен қабылданған күн;
сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;
2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» немесе электрондық поштаға мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұраныстың қабылданғаны туралы ескертпе-хабарлама мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып жіберіледі.
15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді;
1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталық қызметкері «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзімде күн сайын жүзеге асырады.
Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.
Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттар алуға мерзімінде бармаған жағдайда Орталық олардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оларды уәкілетті органға тапсырады;
2) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өзі жіберген кезде.
16. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
Уәкілетті орган Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде кеткен қателерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша негіздемесімен бірге Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бұл туралы мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде ақпараттандырады және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.
Достарыңызбен бөлісу: |