Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет113/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Әңгімені ұжымдық құрастыру

шығармашылық әңгімелеуге 
үйретудің ең алғашқы сатыларында пайдаланылатын ерекше тәсілі. 
Әңгіменің алдын ала белгіленген жоспарын ретімен талдай отыра, тәрбиеші 
мен балалар жеке жауаптарды тыңдайды, олардың қайсысы орынды 
екендігін талқылайды және педагог оларды болашақ әңгіменің басы ретінде 
қайталайды. Содан соң, кейінгі сұрақтарға орынды жауаптарды таңдайды, ал 
тәрбиеші сөйлемдерге өзінің ұсыныстарын қоса отыра, оларды тұтас 
баяндамаға біріктіреді. Педагог соңында бүкіл әңгімені қайталайды, содан 
соң бұны балалардың біреуі орындайды. 
Бұл тәсілдің артықшылығы барлық
балалардың жұмысқа белсенді 
қатысуы болып табылады. Бірлескен әрекет үдерісінде олар әңгімені 
құрастырудың не екендігі туралы көрнекі көрініс алады, біртіндеп олардың 
қиялы қалыптасады. Алайда, бұл тәсілдің кемшіліктері де бар: мектеп 
жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекеті тек сөйлем құрастырумен, сөздер 
таңдаумен, монологтық сөйлеуге аз жаттығумен шектеледі. Сондықтан 
жоғарыда аталған тәсілдің қолдануы шектеледі. Кейбір сабақтарда 
әңгімені 
бөліктермен құрастыруды
пайдалануға болады. Бұл тәсіл тапсырма көлемі 
кішірейетіндіктен, әңгімелеушілердің міндетін жеңілдетеді. Соның 
арқасында сабақ әртүрлі, қызықты болады, ал әңгімелердің мазмұны толық 
және терең болады; сондай
-
ақ, біраз балаларды сұрастыруға болады. Қандай 
да бір объектілерді ажыратуға оңай және жалпы ойды бұзбауға болатын 
суреттер бөліктермен сипатталады, мысалы «Тауықтар» («Үй жануарлары» 
сериясынан. Автор С.А. Веретенникова), «Балабақшадағы 1 Мамыр 
мерекесі» («Сөйлеуді дамыту және өмірінің екінші және үшінші жылындағы 
балалардың көріністерін кеңейиуге арналған суреттер» сериясынан. 
Авторлар Е.И. Радина және В.А. Езикеева) және т.б. Балаларда бар 
тәжірибеге сүйене отыра әңгіме тақырыбын тақырыпшаларға бөлу, кейін 
балаларға әр тақырыпшаға нақты жоспарлар ұсыну орынды мысалы, педагог: 
«Біздің кірпіміз туралы әңгімелейтін боламыз, бірақ барлығын бірден емес, 
барлығын жете түсіну үшін рет
-
ретімен айтамыз. Ең алдымен кірпінің немен 
қапталғандығын, түрінің қандай болатындығын, қалай қозғалатындығын еске 
түсіріңдер» деп айтады. Жануардың сыртқы келбетінің
сипаттамасы 
құрастырылғаннан кейін, оның қылықтары, азығы, торы сипатталады. 
Тәсілдер кешенінде әңгіменің қандай болу қажеттігін көрсететін нұсқаулар 
ерекше орын алады: толық немесе қысқаша әңгімелеу, әңгімені басынан 
аяғына дейін ойластыру, әртүрлі кейіпкерлерге сөйлегенде дауыс өзгерту 
және т.б. Нұсқаулар барлық балаларға немесе бір балаға берілуі мүмкін. 


72
Айтылымның кейбір түрлеріне үйрету кезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет