балалардың жоспарды жаңғыртуы
секілді қосымша тәсіл орынды (педагог «жоспар» терминін қолданбай,
барлығына нені және қазір нені айтатындығын іштей қайталауды ұсынады
және
бір
-
екі баланы дауыстап жауап беруге шақырады). Жоспарды бір
тармақты екіншісінен мәндік кідірістермен бөле отыра, сөйлемдердегі тірек
сөздерін екпінмен білдірте отыра нақты хабарлау қажет. «Аңсар
өзінің
күшігін серуендеуге шығарды» тақырыбындағы шығармашылық әңгіменің
жоспар үлгісін келтірейік: «Әңгіменің басында, ортасында және соңында не
айту қажеттігін тыңдаңдар. Басында Аңсар
қандай күшік болғандығын толық
айту қажет, кейін
–
бала өз күшігімен қыдырып жүргенде серуендеуде қандай
қызықтар болды, соңында Аңсардың
серуендеуі немен аяқталғандығын айту
қажет». Мектепалды даярлық тобында педагогпен ұсынылатын жоспармен
қатар балаларды болашақ баяндаудың жоспарын дербес ойластыруға және
таңдауға итермелеу қажет
.
Әңгіме үлгісі
–
оқытудың ең оңай тәсілі, әңгіменің
жоспары күрделірек. Бұл маңызды және таралған әдіс, ол айтылым бойынша
бірқатар сабақтарда пайдаланылады.
Балаларға жоспар бойынша әңгімелер құрастыруды жеңілдету және
олардың пікірлерінің мазмұнын байыту үшін
жоспарды ұжымдық талдау
қолданылады. Бұл
тәсіл балаларды әңгіме құрастыруға оқытудың алғашқы
сатыларында пайдаланылады
(сурет немесе берілген тақырып бойынша
ойлап шығару). Бұл тәсілдің мәні неде? Тәрбиеші тапсырманы орындауды
бастамас бұрын балалардың болашақ әңгіме мазмұнының мүмкін
әртүрлілігін көрсете отыра, олармен жоспардың кейбір сұрақтарын
талқылайды. Жоспардың бір тармағына, мысалы «Бала қандай күшікті тауып
алды?», педагог бірнеше балаға орыннан жауап беруді ұсынады, бұл жерде
олардың әрқайсысын күшікті өзінше сипаттауға, иттердің қандай
болатындығын еске түсіруге итермелейді. Бұл тәсіл балалардың
бастамашылдығын жандандыруға, қажет көздікті алдын ала белсендіруге
көмектеседі, яғни, мектеп жасына дейінгі балаларды әңгімені дербес құру
күрделі үдерісіне үйретеді. Тәрбиеші сабаққа дайындала отыра, әңгіменің
жоспарын, балалармен ұжымдық талдауға оның күрделі болатын, сондай
-
ақ
тәрбиешілік қарым
-
қатынаста маңызды болатын тармақтарын ойластыруы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |