76
әңгімелер (шырша ойыншықтары қалай жасалды және мерекеге қалай
дайындалды; қандай шырша, қалай безендірілген, зал қалай безендірілген,
шыршадағы қандай ойыншық саған көбірек ұнады; мереке қалай өтті; біздің
балаларымыздың сахнаға шығуы; жаңа жылдық сыйлықтар).
Айтылым материалы тәрбиелік тұрғыда пайдалы болуы қажет. Мектеп
жасына дейінгі балалар өз тәжірибесі жөнінде шын, түсінікті және қысқаша
айту қажеттілігімен кездесетін ерекш сабақ хат құрастыру бойлып табылады.
Педагог жетекшілігімен балалардың хат алысуы
–
өнегелік және ақыл
-
ой
тәрбиесінің маңызды құралы. Бұл жұмысты сабақтан тыс жүргізуге болады.
Кіші топтарда хат құрастыру
–
бұл ұжымдық жұмыс, ортақ әңгіме, олардан
педагог жеке сөздерді, пікірлерді таңдайды және жазады. Үлкенірек
балалармен хаттың мазмұны мен нысанын толығырақ талқылайды. Балалар
хат алысуға саналы қарау үшін, жоғары және мектепке дайындық тобында
бұған бірнеше сабақты аранауға болады. Ұжымдық хаттың мәтіні
балалардың өмірі туралы
бөліктерден құралған ауқымды, толық әңгімесін
білдіреді.
Хат жазу үшін себептер әртүрлі болуы мүмкін: жолдасына қамқорлық
таныту (ауырып қалған, кетіп қалған), қызықты адамға жазу (жазушыға,
суретшіге, өндіріс озатына), басқа балабақшаның балаларымен хат алысуды
орнату (басқа селода, ұлттық республиканың), мерекемен құттықтау жіберу.
Достарыңызбен бөлісу: