Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Суреттер бойынша әңгімелеуге үйрету



Pdf көрінісі
бет119/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Суреттер бойынша әңгімелеуге үйрету. 
Сипаттаушы әңгімелерді 
құрастыру үшін балабақшалар үшін арнайы жасалған
заттық және сюжеттік 
дидактикалық суреттер қолданылады. Ересек
топтарда сипаттау үшін 
пайдалы көрнекілік материалдар 

балалардың суреттері мен 
аппликациялары, сондай
-
ақ слайдтар, өмірдегі фотосуреттер, соның ішінде 
олардың портреттері. Бұл кескіндердің экранда ірі проекциялануы балалар 
үшін ерекше қызығушылық тудырады. Осы топтарда балалармен пейзаждық 
суреттер, натюрморт бойынша сипаттаушы әңгімелер құрастыру
тәжірибесі 
бар. Ірі сюжеттік суреттер бойынша, сондай
-
ақ суреттер сериялары бойынша 
балалар сол бір кейіпкерлермен жүйелі баяндау әңгімесін құрастырады. 
Барлық жастық кезеңдердегі табыс кепілі балалардың суреттің жалпы 
мазмұнын түсінуі болып табылады (Ол не туралы? Кім туралы? Оны қалай 
атауға болады?). 
Орта топта тек көрсету суреттері ғана сипатталады. Осы жастағы 
балалардың суреттерінде кейіпкерлер мен қоршайтын заттар аз. Педагог 
балаларға күрделірек іс 

осы кейіпкерлердің әрекет себептерін, оалрдың 
көңіл
-
күйлерін, өзара қарым қатынасын сипаттауға көмектесуі қажет 

Тәрбиеші
ҰОҚ
бірінші бөлігінде бірлескен әрекетті ұйымдастырады 

бір 
объектінің сипаттамасын бастайды, ал бала оны екі
-
үш сөйлеммен аяқтайды. 
Педагог суреттердің жеке бөліктері туралы бұндай бірлеспеген айтылым
нәтижесінде бір әңгімені біріктіреді, балалардан оның қайталауы талап 
етілмейді.
Ересек
топтарда суреттерді сипаттау кезінде эпизодтың біреуі бойынша 
ішінара әңгіме үлгісінің болуы да орынды, бірақ ол балалардың ұқсас 
әңгімелерінің алдында болады. Кейінгі сабақтарда әңгіме құрастыруға 
жоспар көмектеседі. Сюжеттік, көп заттық суреттердің тағайындалуы 

өзінің қабылдауына сүйене отыра балаға баяндау (сюжеттік) әңгімесін 
құрастыруға көмектесу. Баяндау үшін бағыт көрсететін бірыңғай сызбалық 
жоспар мазмұны бойынша ұқсас екі сурет бойынша ұсынылуы мүмкін
және 
Е.И. Радина мен В.А. Езикееваның «Қысқы серуендеуде». Тәрбиеші басында 
суреттердің атауына сүйене отыра, балаларға оның кім туралы екендігін 
айтуды сұрайды: «Балалар серуендеуге шықты». Содан соң әрекеттің қашан 
болып жатқандығын және неге қыс мезгілі деп ойлайтындарын айтуы қажет: 
«Бұл қыста болды. Жердің қармен жамылғаны көрініп тұр. Сондай
-
ақ, 
балалардың көмегімен екінші сурет туралы педагогтың баяндауы құрылады. 
Және кейіпкерлердің не істеп жатқандығы туралы әңгіме
басталады (ішінар 
үлгі). Ересек
топтағы балаларға суретке мұқият қарау, толығырақ әңгімелеу 
ұсынылады. Келесідей сұрақ айтылуы мүмкін: сендердің не туралы 
толығырақ айтқыларың келіп тұр? Қабілеттірек балаға күрделірек тапсырма 
беріледі 

пейзажды, ауа
-
райының жағдайын, кейіпкерлердің ымы мен 
қылығын сипаттау. 
Мектепалды даярлық
тобында педагог балаларды суретті дербес қарау 
кезінде әңгіме жоспарын өздеріне ойлап шығаруды үйретеді (Сен неден 
бастар едің? Бастысы не туралы айтқың келеді). Бейнеленгенді ғана сипаттау 
тапсырмасы берілген жағдайда, егер бала баяндау шегін асыра кеңейте 
бастаса, оның міндетінің басқа екендігін көрсете отыра, баланы тоқтатқан 
дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет