Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет111/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

балалардың жоспарды жаңғыртуы
секілді қосымша тәсіл орынды (педагог «жоспар» терминін қолданбай, 
барлығына нені және қазір нені айтатындығын іштей қайталауды ұсынады 
және
бір
-
екі баланы дауыстап жауап беруге шақырады). Жоспарды бір 
тармақты екіншісінен мәндік кідірістермен бөле отыра, сөйлемдердегі тірек 
сөздерін екпінмен білдірте отыра нақты хабарлау қажет. «Аңсар
өзінің 
күшігін серуендеуге шығарды» тақырыбындағы шығармашылық әңгіменің 
жоспар үлгісін келтірейік: «Әңгіменің басында, ортасында және соңында не 
айту қажеттігін тыңдаңдар. Басында Аңсар
қандай күшік болғандығын толық 
айту қажет, кейін 

бала өз күшігімен қыдырып жүргенде серуендеуде қандай 
қызықтар болды, соңында Аңсардың
серуендеуі немен аяқталғандығын айту 
қажет». Мектепалды даярлық тобында педагогпен ұсынылатын жоспармен 
қатар балаларды болашақ баяндаудың жоспарын дербес ойластыруға және 
таңдауға итермелеу қажет

Әңгіме үлгісі 

оқытудың ең оңай тәсілі, әңгіменің 
жоспары күрделірек. Бұл маңызды және таралған әдіс, ол айтылым бойынша 
бірқатар сабақтарда пайдаланылады. 
Балаларға жоспар бойынша әңгімелер құрастыруды жеңілдету және 
олардың пікірлерінің мазмұнын байыту үшін 
жоспарды ұжымдық талдау
қолданылады. Бұл
тәсіл балаларды әңгіме құрастыруға оқытудың алғашқы 
сатыларында пайдаланылады
 
(сурет немесе берілген тақырып бойынша 
ойлап шығару). Бұл тәсілдің мәні неде? Тәрбиеші тапсырманы орындауды 
бастамас бұрын балалардың болашақ әңгіме мазмұнының мүмкін 
әртүрлілігін көрсете отыра, олармен жоспардың кейбір сұрақтарын 
талқылайды. Жоспардың бір тармағына, мысалы «Бала қандай күшікті тауып 
алды?», педагог бірнеше балаға орыннан жауап беруді ұсынады, бұл жерде 
олардың әрқайсысын күшікті өзінше сипаттауға, иттердің қандай 
болатындығын еске түсіруге итермелейді. Бұл тәсіл балалардың 


71
ертегі ойлап табу және т.б.). Балалардың әңгімелерін түрлендіру үшін 
педагог жоспардың қосымша, жаңа тармақтарын алдын ала дайындауы 
қажет. Бір сабақ үдерісінде сұрақтардың алмасуы балалардың зейінін 
белсендіреді, сонымен қатар, бұл тапсырманы жекешелендіру құралы болып 
табылады. Мысалы, мектепалды даярлық
тобындағы балалар өз бөлмелерін 
сипаттаған кезде, келесідей жоспар ұсынылуы мүмкін: 1. Бөлме нешінші 
қабатта? 2.Ол қандай? 3. Бөлмеде не бар? Балалар бұл мазмұнмен сенімді 
жұмыс істеуін көре тұра, жаңа, қосымша сұрақтар ұсынуға болады (сол 
сабақта, екі
-
үш жауаптан кейін): 1. Бөлмедегі тазалықты кім сақтайды? 2. 
Жинауға қалай көмектесесің? 
Жоспарды қатаң ұстану қажет пе? Орта топта бірінші сабақта 
жоспардан ауытқыған жағдайда баланың сөзін кідіртпеуге болады. Алайда 
салдарынан балаларға әңгіменің толық еместігін немесе ретсіздігін біртіндеп 
көрсету, оларды бір
-
бірінің жауаптарын толыптыруға қатыстыру қажет. 
Сонымен бірге педагог әңгімелеушінің тақырыптан немесе жоспардан 
ауытқуын тек өзі ғана байқамай, балаларды да жолдасының әңгімесін 
бақылауына қатыстырады (Қазір не туралы айту қажет? Барлығына түсінікті 
болу үшін, ең алдымен нені айтқан дұрыс?). 
Мектепалды даярлық
тобында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет