Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет103/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

6.2. Әңгімелесуді жүргізу әдістемесі
 
Әңгімелесудің басы
 
өте жауапты, себебі педагогтың міндеті 

балалардың
назарын аударту және оларға ойлау мүмкіндігін беру. 
Әңгімелесудің басы бейнелі, эмоциялық болуы, балалардың бұрын көрген 
заттарын, құбылыстарын қалпына келтіруі қажет. 
Әңгімелесуді әртүрлі бастауға болады: 

балаларға қарап, айтудан «Маған бүгін автобуспен жүруге тура келді. 
Менің балаларым қандай көлік түрімен жүруге болатындығын біледі ме 
деген ойға келдім?» 

өлеңді оқудан (мысалы, хаттың саяхаты туралы әңгіменің басы 
ретінде С.Я. Маршактың «Жұмбақ» өлеңі болуы мүмкін)

суретті көрсетуден (мысалы, күз туралы әңгімені И. Левитанның 
«Алтын күз» суретінің көшірмесін көрсетуден бастауға болады)

жұмбақтан (мысалы, кітапхана жөніндегі әңгіме кітап туралы 
жұмбақтан басталады)

әңгіменің желісі болып табылатын балалардың есінде фактілер 
(оқиғалар) туралы әсерін тудыруы мүмкін сұрақтан (мысалы, теміржол 
туралы әңгімені бастай отыра «Балалар, қайсыларың пойызбен жүрдіңдер?» 
деп сұрау). 
Әңгіменің негізгі бөлігінде
нақты мазмұны ашылады. Сол мақсатпен 
балаларға дәйекті түрде сұрақтар қойылады, бұл тақырыптың дамуы 
мақсатты болу және мектеп жасына дейінгі балалар одан алаң етпеуі үшін 
қолданылады. Тәрбиеші сұрақтар барлық балаларға түсінікті болу және 
мақсатқа жету үшін, олардың мазмұны мен тұжырымдамасын жете 


66
ойластыру қажет. Әңгімелесу бірнеше шағын тақырыпшаларға немесе 
кезеңдерге жіктелуі мүмкін, әр кезең тақырыптың маңызды, аяқталған 
тарауына сәйкес келуі қажет, яғни кілттік кезеңдер бойынша тақырып 
талдауы жүзеге асырылады. Басында айрықша мағыналы күрделі материал 
анықталады. Тәрбиеші әңгімелесуге дайындала отыра, оның кезеңдерін 
белгілеуі қажет, яғни балалармен талданатын түсініктердің маңызды 
құраушыларын анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет