Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Сөздік жұмыс бағдарламасы мен әдістемесі құрылатын



Pdf көрінісі
бет57/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

Сөздік жұмыс бағдарламасы мен әдістемесі құрылатын 
принциптер: 
1. Балалардың қоғамдық болмысты белсенді және әрекетті тануына 
сөздікті қалыптастыру кезіндегі тірек.
2. Сөздік жұмыс мазмұнының және баланың қоршаған әлемді тану 
мүмкіндігінің біртіндеп дамуының байланысы.
3. Тану процестерін (қабылдау, түсіну, ойлау) дамыту арқылы сөздікті 
дамыту тұтастығы. 
4. Сабақ үдерісінде балалардың сөйлеу және тану белсенділігін 
мақсатты ұйымдастыру.
5. Сөйлеу және тану белсенділігін ұйымдастыру үшін негіз болатын 
көрнекілік. 
6. Әрбір сабақта сөздік жұмыстың барлық міндеттерін іске асыру 
тұтастығы.
 
 
 
 
Оқу
сағаттарының түрлері:
Заттармен және қоршаған әлеммен танысу бойынша сабақтың үш тобы 
бар:
1. Қоғамдық өмірдің заттарымен және құбылыстарымен танысу.
а) Бақылау
б) Мақсатты серуендер
в) Экскурсиялар
г) Қарау сабақтары
д) Көрсету сабақтары
2. 
Заттардың қасиетімен және сапасымен танысу бойынша заттар 
туралы білімдерді тереңдету, салыстыру сабақтары. 
3. 
Түрлік және тектік түсініктерді қалыптастыру бойынша сабақтар. 
 
3.2. 
Бақылау және экскурсиялар жүргізу әдістемесі 
 
Экскурсия
 

ҰОҚ түрлерінің бірі.
Әрбір топ үшін балаларға меңгеру 
үшін міндетті бағдарламалық мазмұн анықталады. Тәрбиеші экскурсия 
кезінде балалардың қоршаған өмір
туралы көріністерін кеңейте және 
нақтылай отыра, олардың сөздігін байытады және нақтылайды, ойлауын 
дамытады. Экскурсия объектісін анықтайды, қажет объектілерді табады, 
объектіні бақылау жүйелілігін жоспарлайды. Бақылау орнын алдын ала 
зерттеу тәрбиешіге экскурсия жүргізу тәсілдерін ойластыруға мүмкіндік 
береді, тәрбиеші балалардың сөйлеуін тезірек жеделдету үшін өлеңдер, 
жұмбақтар, мақалдар таңдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет