Тапсырма
:
1.
Бағдарламаны талдау негізінде жастық топтарда сөздік жұмыстың
қиындатылуын қадағалау
.
2.
Әртүрлі жас топтары үшін қоршаған әлеммен танысудың жеке
тақырыптары бойынша бағдарлық сөздктер құрастыру («Көлік», «Мектеп»
және т.б.).
3.3.
Заттарды қарау
Сөздік құрастыру жұмысы заттармен ең алғаш танысуға арналған
сабақтардан басталады. Бұл рөлді заттар мен олардың суреттерін, әрекетін
көрсету сабақтары, сондай
-
ақ «Қуыршақты серуенге киіндірейік», «Аюға
шай берейік» және т.б. секілді ойын сабақтары орындайды. Бұл сабақтардың
неізгі мақсаты
–
балаларды сөйлеуіне заттардың атауын және олармен кейбір
әрекеттерді енгізу. Тек қабылдауды дұрыс ұйымдастыра отыра осындай
міндетті шешуге болады. Баланың назарын затқа, әрекетке аудартатын
әдістемелік тәсілдер тиімдірек болады.
-
заттың тұтас қабылдануын қамтамасыз ететін объектілерге
балалардың назарын шоғырландыратын (заттың пайда болуы және жойылуы;
затпен әрекет ұйымдастыру; тосын сый сәттері және т.б.);
-
баланың назары шоғырланған зат немесе құбылыс атауының сәйкес
келуі, оны көп реттік қайталау;
-
сөйлегенде белгілі бір сөздерді қолданудағы, оларды қайталаудағы
балалардың жаттығуы.
Мысал ретінде
«Әйгерім қуыршағын серуендеуге киіндіру»
ойынын
қарастырайық.
Мақсаты:
балалардың киім, заттардың қолданылуы туралы көріністі
нақтылау. Серуенге киіндірудің реттілігін есте сақтауға үйрету.
Сабақ барысы:
Балалардың алдында Әйгерім қуыршағы отыр (тұр). Жанында
–
әдемі
қорап, «Қорапта,
-
тәрбиеші айтып және көрсетіп жатыр,
-
Әйгерімнің киімі».
Пәлтені алып шығады. Балалар оны атайды, оның бөлшектерін еске түсіреді:
жаға, жең, түймелер. Пәлтенің түсін өздері атайды немесе тәрбиешінің
артынан қайталайды. Пәлтені жанында тұрған шкафқа іледі. Одан әрі
тәрбиеші баланы шақырады. Ол қораптан жаңа киімді алып шығады, оны
атайды және педагогтың артынан қайталай отыра Әйгерімге береді «Мә,
Әйгерім , телпек!». Сөйлем құрылымы бойынша күрделірек болуы мүмкін:
«Катя, қара, қандай әдемі телме!» немесе «Әйгерім, бұл телме. Оны басқа
киеді». Кезекпен шықырылатын балалар қораптан телмені, күртені алып
шығады. Содан соң, Әйгерім серуенге жинала бастайды. Қуыршақ пәлтені
киіп жатып сұрайды: «Ең алдымен пәлте кию қажет, солай ма?». «Жоқ, жоқ!
-
деп тәрбиеші наразылық білдіреді,
-
Сен енді күртені қалай киесін?».
Тәрбиеші Әйгерімге біртіндеп шалбарды,бәтеңкені, күртені, телмені, пәлтені
кигізеді. Балалар қуыршақ пен тәрбиешіге ненің және неліктен кию
қажеттігін естеріне түсіреді. Қуыршақты шешінетін бөлмеге шығарады. Ол
балалардың қалай киінетіндігін қарайды. Олардың кейбіреулеріне киіну ретін
естеріне түсіреді, білдіртпей айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |