Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет68/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Дидактикалық міндеттер. 
Дидактикалық
 
міндеттер мектеп жасына 
дейінгі тәрбиелеу және оқыту Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқыту 
мақсатымен және балалар тәрбиесімен анықталады, бағдарламада әрбір 
жастық топ үшін балаларға меңгеру қажет білімдер, біліктер мен 
дағдылардың көлемі анықталған. Осылайша, дидактикалық ойындарды 
таңдау үшін тәрбиеленушілердің
дайындық деңгейін
білуі және ойында олар 
бар білімдері мен біліктерін пайдалануы қажет. Басқаша айтқанда, 
дидактикалық міндеттерді анықтай отыра, балалардың табиғат туралы, 
қоршаған заттар туралы, әлеуметтік құбылыстар туралы білімдері, 
көріністері туралы қандай білімдердің меңгерілуі қажет екендігін, осыған 


44
байланысты қандай ақыл
-
ой операциялары дамуы қажет екендігін, бұл 
ойынның құралдарымен баланың тұлғасында қандай қасиеттер қалыптастыру 
қажет екендігін (қойылған мақсатқа жетудегі адалдық, сыпайылық, 
байқағыштық, қажырлық, белсенділік, дербестік) ескерген жөн. Мысалы, 
барлық педагогтарға таныс «Ойыншықтар дүкені» ойынындағы 
дидактикалық міндетті келесідей айтуға болады: «Балалардың ойыншықтар, 
олардың ерекшелігі, тағайындалуы туралы білімін бекіту; жүйелі сөйлеуді 
дамыту, заттардың маңызды белгілерін анықтау білігі; байқағыштықты, 
сыпайылықты,белсенділікті тәрбиелеу». Ойында балалардың алдына 
қойылған бұл дидактикалық міндет тәрбиешіге ойынды және оны басқаруды 
ұйымдастыруға көмектеседі: тағайындалуы бойынша, материал, сыртқы 
келбеті бойынша бірдей ойыншықтар таңдау; сатушыға ойыншық сипатының 
үлгісін беру, сыпайылық қарым
-
қатынас. Әрбір дидактикалық ойынның 
өзіндік оқыту міндеті бар, бұл оларды бір
-
бірінен ажыратады. Дидактикалық 
міндетті анықтау кезінде оның мазмұнында қайталанудың, жаттанды 
сөйлемдердің («назарды, есті, ойлауды тәрбиелеу») болуын болдырмау 
қажет, ереже бойынша бұл міндеттер әрбір ойында шешіледі, алайда бір 
ойындарда естің дамуына көп көңіп бөлу қажет болса, екіншісінде 

назарға, 
үшіншісінде 

ойлауға. Педагог дидактикалық міндетті алдын ала жақсы 
білуі және тиісті анықтауы қажет. Осылайша, «Не өзгерді?» ойынын 

еске 
сақтауды, «Ойыншықтар дүкені» 

ойлау мен сөйлеуді дамытуды, «Ненің 
жасырылғандығын ойлап тап» 

байқағыштықты, назар аударуды
жаттықтыру үшін қолданылады. 
Қолданыстағы
бағдарламаға сәйкес балаларды оқыту және үйрету 
үдерісінде

әрбір ойында нақты міндет болған жөн .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет