ҰОҚ құрылымы барлық топтарда бірдей.
Бірінші бөлім. Суретті жауып енгізу және сабақтын тақырыбы мен
мақсатын хабарлау. Сабақты көркем сөзбен бастау
.
Екінші бөлім. Тәрбиешінің сұрақтары бойынша суретті қарау және
суретті сипаттау, яғни суреттік бір бөлігінен екіншісіне ауысу, бастысын,
маңыздысын ажырату.
Суретті сипаттау кезінде сұрақтар қойылады.
1. Суреттің жалпы мағынасын анықтау үшін: Бұл сурет не туралы?
Онда не бейнеленген? Бұл суретті қалай атаймыз? Немесе оны қалай атауға
болады?
2. Суреттегі заттарды сипаттау үшін: Бұл не? Бұл кім? Қайда? Қандай?
Қай? Не үшін? Не істеп жатыр? Неге ұқсайды? немен
ерекшеленеді?
3. Сурет бөліктері арасында байланыс орнату үшін: Не
себепті? Неге?
Не үшін?
4. Суреттен тыс ауысу тапсырмалары: Қалай ойлайсыңдар, осыған
дейін не болды? Кейін не болады? Оны қалай білдіңдер?
5. Балалардың жеке тәжірибесімен байланысы: Сендердің
ойыншықтарың қандай? Сендердің б/б қалай келгендеріңді еске түсірейік?
6. Сөздік жұмыс үшін сұрақтар: синонимдер, бір түбірлі, ұқсас сөздерді
таңдау. Бұл туралы басқаша қалай айтуға болады? Суретті қарау тәрбиешінің
жалпылама әңгімесімен немесе жоғары топта көркем шығарманы оқумен
аяқталады.
Тапсырма: 1. Ересек топтарда «Қысқы ойын
-
сауықтар» суреті бойынша сабақтын
толық жоспарын дайындау.
3.5. ҰОҚ және күнделікті өмірдегі дидактикалық ойындар Дидактикалық ойынның құрылымы. Дидактикалық ойын белгілі
бір құрылымға ие.
Құрылым –
бұл ойынды бір уақытта үйрету нысаны және
ойын әрекеті ретінде сипаттайтын негізгі элементтер. Дидактикалық ойын
түріне қарамастан, оны басқа ойындардан және жаттығулардан
ерекшелендіретін белгілі бір құрылым бар [4]. Дидактикалық ойынның
келесідей құрылымдық құраушылары ажыратылады:
дидактикалық міндеттер
;
ойын міндеттері
;
ойын әрекеттері
;
ойын ережелері
;
нәтиже
(
қорытынды
жасау
).
Үйрету
мақсатында қолданылатын ойын ең алдымен үйретуші,
дидактикалық міндеттерден құралуы қажет. Балалар ойнай отыра бұл
міндеттерді белгілі бір ойын әрекеттерімен орындалатын қызықты нысанда
шешеді. Ойын әрекеттері дидактикалық ойынның негізін құрайды
–
оларсыз
ойынның өзі жүзеге асырылмайды. Олар ойын мазмұнының суреті болып
табылады. Ойынның міндетті құраушысы оның ережелері болып табылады,
тәрбиеші олардың
арқасында ойын барысында балалардың мінез
-
құлқын,
тәрбиелік
-
білім беру үрдісін басқарады. Осылайша, дидактикалық ойынның
міндетті құрылымдық элементтері: үйретуші және тәрбиелеуші міндеттер,
ойын әрекеттері мен ережелері болып табылады.
Алайда, балабақшалардың жұмыс практикасында бұл түсініктер
әрқашан нақты саралана бермейді: кейде ережелер бір уақытта әрекет ретінде
болады, бұл педагогтың ойынды дұрыс қолдануын қиындатады.