Балаларды экскурсияға дайындау, оны ұйымдастыру Балалар қайда баратындарын білу, неге баратындарын, нені
көретіндерін алдын ала білуі қажет. Объектілерді ең алғаш қарау кезінде
еркін пайымдау мүкіндігін беріп, кейін бақылауға кірісу қажет. Жиі
экскурсия барысында мектеп жасына дейінгі балаларды заттармен ара
қашықтықтан таныстырады. Тәрбиешінің сөзі өте маңызды болып табылады,
көлемнің, кеңістіктің белгіленуін нақты және жиі қолдану қажет (кең көше,
шетінде ағаштар, саяжол түзу, алыста тоған, балабақшадан ары қарай
қиылыс). Қабылдау нақтырақ болуы үшін балаларды объектілерді зерттеу
бойынша белсенді әрекеттерге тартқан жөн. Мысалы, жүк машинасының
көлемін көрнекілеу көру үшін сәбилер бір
-
бірінің қолдарынан ұстап, оны
қоршайды, ал доңғалақтың биіктігін білу үшін қолдарын жоғары көтеріп,
шанаққа созылады. Балалар заттардың ұзындығын белгілеу кезінде қолының
қимылын солдан оңға жүргізеді. Заттың пішінін қабылдауда зерттеу, пішінін
қолмен белдеулеу, сырғу әдістерін қолданады.
Бақылау –
қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарын мақсатты,
жоспарлы қабылдау.
Бақылауға дайындалу.
Объект жақсы жарықтандырылған, оған оңай жету үшін орналасқан.
Тәсілдер :
Сұрақтар
;
Жұмбақтар
;
38
Затты зерттеу
;
Салыстыру
;
Ойын тәсілдері
.
Тапсырма : 1.
Бағдарламаны талдау негізінде жастық топтарда сөздік жұмыстың
қиындатылуын қадағалау
.
2.
Әртүрлі жас топтары үшін қоршаған әлеммен танысудың жеке
тақырыптары бойынша бағдарлық сөздктер құрастыру («Көлік», «Мектеп»
және т.б.).