Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Валюта курсының өзгеруінің есебі
Орындаған:
Тексерген:
МАЗМҰНЫ
|
|
КІРІСПЕ
|
|
1 ВАЛЮТА КУРСЫ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
|
|
1.1 Валюта курсы түсінігі және оның мәні
|
|
1.2 ҚР-дағы валюта нарығы
|
|
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ӘСЕР ЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
|
|
2.1 Валюталық бағам және оған әсер ететін факторлар
|
|
2.2 Валюталық бағам өзгерісінің әсері
3 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМДЫ РЕТТЕУ МЕН ЕСЕПТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Валюталық бағамды есептеу
3.2 Валюталық бағамды реттеу
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
|
\
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заманғы валюта бағамының жүйелеріне икемді әрі тіркелген валюта бағамы жүйелерінің әр түрлі нұсқалары кіреді. Валюта нарығындағы валюталық айлаамалдарға Ұлттық банк тарапынан араласуға жол берілмейтін еркін құбылмалы валюта бағамымен қатар Ұлттық банктің икемді валюта бағамдарына валюта бағамдарының ұнамсыз ауытқуларын «тегістеу» мақсатындағы валюта нарығындағы басқыншылық жасау мүмкіндігі де қарастырылатын «құбылуды басқару» да жатады. Тіркелген валюта бағамы жүйесіне қайсы бір елдің валютасына немесе валюталар «себетіне» «тіркеп қоюмен» қатар ұлттық валюта алдын ала жоспарланған және жарияланған мөлшерге күн сайын девальвацияланатын (құнсызданатын) «сырғымалы тіркеп қою»; бәсекеге қабілеттілікті қалпына келтіру мақсатында ұлттық валюта алдын ала жарияланбаған мөлшерге ұдайы құнсызданатын «реттелетін тіркеу»; ұлттық валюта күн сайын алдын ала белгісіз мөлшерге, алайда алдын ала жарияланған шеңберде құнсызданатын «валюталық дәліз»; ақша жиынының кез келген өсімі тек шетел валютасы резервінің өсімімен орны толтырылатын және Ұлттық банктің үкіметке ішкі кредитке толықтай жол берілмейтін «валюталық кеңес» жатады. Сонымен бірге шетелдік валюта резервтері деңгейіндегі төлем балансымен байланысты кез келген өзгеріс ақша базасының өзгеруін де өзінен-өзі реттейді. Валюта бағамының бірде-бір жүйесінің жұмыспен толық қамту және бағалардың тұрақты деңгейіне қол жеткізуге қатысты ерекше артықшылығы жоқ.
Валюталық курсты түсіндіру үшін жасалған манызды түсінік сатып алу мүмкіншілігінің паритеті болып саналады. Осыны анықтау үшін әдетте бір баға заңың қолданады: бір мемлекеттің тауар бағасы басқа мемлекеттің тауар бағасына тен болу керек,дегенмен бұл бағалар әр түрлі валюталарда көрсетілді , сондықтан да баға қатынасы бір валютаның екінші валютаға айырбстау курсын аныкшаиды.
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюта курсының өзгеруінің есебе” деп алдым.
Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мақсатым: Валюта курсы яғни бағамы түсінігін зерттеу отырып, оның өзгеру есебін қарастыру:
Мақсатқа жетудегі міндеттерге мыналар жатады:
— Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
— Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
— Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.
Курстық жұмыс: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ВАЛЮТА КУРСЫ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Валюта курсы түсінігі және оның мәні
Валюта бағамы әр түрлі елдер ақша бірліктерінің арақатынасы. Бұл арақатынас олардың сатып алу қабілеті арқылы анықталады. Сырт қарағанда ақша айырбасына қатысушыларға валюта бағамы бір елдің ақша бірлігінің екінші елдің ақша бірлігіне шаққандағы «бағасы» іспеттес көрінеді, акциялардың, облигациялардың, басқа да бағалы қағаздардыд сатып алу және сату құны. Қағаз ақшаның бағамы оның алтын валюта немесе басқа елдер валютасы бойынша сипатын көрсетеді. Валюта айырбасы ұғымы мұндай еркiн аударынғыштық оның мiнездемесiмен байланған. Валютаның еркiн алмастырылатынының дәрежесiмен валюталық операциялардың мемлекеттiк реттеуiн тетiкпен анықталады. Егер резиденттерге және резидент еместерге бұл валютаның елiнде валюталық мәмiлелердiң жүзеге асыруына шектеу қандай болмасын қолданбаса валютаны еркiн айналысқа түсетiн деп атайды. Жартылай еркiн аударылатын айырбастау операцияларының кейбiр түрлерiне шектеу және регламенттеулер жұмыс iстеген немесе бұл операциялардың кейбiр қатысушылары үшiн елдердiң валютасы болып есептеледi.Еркiн аударынғыштық сайып келгенде - бұл валютаның қабiлеттiлiгi басқа валюталарға еркiн ауысып кетсiн және валюталық нарықтарда ұлттық валютаға керi. Валюталық бағамының бақылауда деңгейiне екi курстердi бекiтедi:
Дүкеншi бағамы
Сатып алушының бағамы
Валюта бағамы екі анықтамаға — атаулы және нақты валюта бағамына бөлінеді. Атаулы (айырбас) валюта бағамы — екі ел валютасының салыстырмалы бағасы немесе бір елдің екінші елдің ақша бірлігінде көрсетілген валютасы. Ұлттық ақша бірлігінің шетел валютасындағы осы сәттегі бағамын белгілеу валютаның құнын белгілеу деп аталады. Ұлттық ақша бірлігінің бағамы бірлік ретінде шетел валютасы қабылданатын тікелей баға белгілеу (еуропалық нұсқа) формасында да, сонымен бірге бірлік ретінде ұлттық ақша бірлігі қабылданатын валютаның құнын кері белгілеу (жанама) бағалау (британдық нұсқа) формасында да (валютаның құнын кері белгілеу негізінен Ұлыбританияда және АҚШ-та бірқатар валюта бойынша қолданылады) белгіленуі мүмкін.
Валюта бағамдарының бір-біріне қарама-қарсы — тіркелген валюта бағамдары жүйесі мен еркін құбылмалы немесе икемді валюта бағамдарының жүйесі және олардың әр түрлі нұсқалары қолданылады. Тіркелген валюта бағамы жүйесінде ҰБ валюта бағамын белгілейді және өзіне оның деңгейін бір қалыпты ұстау міндеттемесін алады. Тіркелген валюта бағамының деңгейі оның тепетең мағынасынан ауытқыған жағдайда, Ұлттық банк валюта нарығында басқыншылықты жүзеге асырады, яғни валюта бағамының жарияланған деңгейін қолдау мақсатында шетел валютасын сатып алады немесе сатады. Егер Ұлттық банктің тіркелген валюта бағамын ұзақ уақыт бойы қолдау үшін жеткілікті резерві болмаса, онда ол ерте ме, кеш пе ұлттық валюта бағасының көтерілетіні (ревальвация) немесе төмендейтіні (девальвация) жөнінде ресми түрде жариялайды. Еркін құбылмалы валюта бағамында Ұлттық банк валюта нарығының қызметіне араласпайды және тепе-тең валюта бағамы шетел валютасына сұраныс пен оның ұсынысы теңелетін деңгейде белгіленеді. Икемді валюта бағам жүйесінде шетел валютасы бірлігінің ұлттық ақша бірліктеріндегі бағасы өсетін ұлттық валюта құнсызданады (арзандайды). Сондай-ақ керісінше, шетел валютасы бірлігінің ұлттық ақша валютасы бірлігіндегі бағасы төмендесе, онда ұлттық валюта қымбаттайды.
Қазіргі заманғы валюта бағамының жүйелеріне икемді әрі тіркелген валюта бағамы жүйелерінің әр түрлі нұсқалары кіреді. Валюта нарығындағы валюталық айлаамалдарға Ұлттық банк тарапынан араласуға жол берілмейтін еркін құбылмалы валюта бағамымен қатар Ұлттық банктің икемді валюта бағамдарына валюта бағамдарының ұнамсыз ауытқуларын «тегістеу» мақсатындағы валюта нарығындағы басқыншылық жасау мүмкіндігі де қарастырылатын «құбылуды басқару» да жатады. Тіркелген валюта бағамы жүйесіне қайсы бір елдің валютасына немесе валюталар «себетіне» «тіркеп қоюмен» қатар ұлттық валюта алдын ала жоспарланған және жарияланған мөлшерге күн сайын девальвацияланатын (құнсызданатын) «сырғымалы тіркеп қою»; бәсекеге қабілеттілікті қалпына келтіру мақсатында ұлттық валюта алдын ала жарияланбаған мөлшерге ұдайы құнсызданатын «реттелетін тіркеу»; ұлттық валюта күн сайын алдын ала белгісіз мөлшерге, алайда алдын ала жарияланған шеңберде құнсызданатын «валюталық дәліз»; ақша жиынының кез келген өсімі тек шетел валютасы резервінің өсімімен орны толтырылатын және Ұлттық банктің үкіметке ішкі кредитке толықтай жол берілмейтін «валюталық кеңес» жатады. Сонымен бірге шетелдік валюта резервтері деңгейіндегі төлем балансымен байланысты кез келген өзгеріс ақша базасының өзгеруін де өзінен-өзі реттейді. Валюта бағамының бірде-бір жүйесінің жұмыспен толық қамту және бағалардың тұрақты деңгейіне қол жеткізуге қатысты ерекше артықшылығы жоқ.
Тіркелген валюта бағамы жүйесінің негізгі артықшылығы -оны болжау мүмкіндігі мен анықтығы, сол себептен аталмыш жүйе сыртқы сауда мен халықаралық несиелердің мөлшеріне жағымды ықпал етеді. Тіркелген валюта бағамы дамушы елдердің және экономикасы өтпелі елдердің тәжірибесі көрсеткендей инфляциямен күрес жолында «атаулы зәкір» ретінде ойдағыдай пайдалануы, яғни тұрақтандыру бағдарламаларында басқа макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуде бағдар ретінде болуы мүмкін.
Біріншіден, Ұлттық банктің барлық іс-әрекеті валюта бағамының жарияланған деңгейін қолдауға ғана бағытталады, сондықтан дербес ақша-несие саясатын жүргізу мүмкін емес болуы, екіншіден, валюта бағамының тіркелетін деңгейін таңдау кезінде қателікке жол беру салдарынан ресми валюта резервінің едәуір ысырабына әкеп соқтыру жағдайы да тіркелген валюта бағамының кемшіліктеріне жатады.
Икемді валюта бағамы жүйесі төлем балансын ресми валюта резервінің айтарлықтай ысырап етпей реттеуге ықпал ететін «автоматты тұрақтандырғыш» ретінде болуы және осы жағдайда Орталық банктің нарықтық механизмге араласуын қажет етпеуі осы жүйенің артықшылығы болып табылады. Сонымен бірге валюта бағамының айтарлықтай ауытқуы халықаралық экономикалық қатынастарда тәуекел мен белгісіздік туындата отырып, халықаралық сауда мен қаржыға жағымсыз әсер етеді. Сонымен бірге аталмыш жүйеде ҰБ инфляциялық саясат жүргізуі де ықтимал.
Нақты валюта бағамы. Жабық экономика ашыққа айналғанда өндірушілер мен тұтынушылар бағалардың елде ғана, оның шектерінен тысқарыда жасайтын іс-әрекетін ескереді. Салыстырмалы бағалар немесе кейбір тауарлардың басқа тауарлардың бірліктерінде көрсетілген бағалары өндірушілердің өнім шығару және ол шығарылатын мөлшер жөніндегі шешіміне де, сондай-ақ бюджеттік шектеулер шеңберіндегі тұтынушылардың жоспарына да өте ықпал етеді. Әр түрлі елдерде өндірілетін тауарлардың салыстырмалы бағасын бағалайтын көрсеткіш нақты валюта бағамы деп аталады.
Нақты валюталық бағам шетел тауарлары мен қызметтерінің ішкі тауарлар мен қызметтерде көрсетілген салыстырмалы бағасын білдіреді. Басқаша айтқанда, нақты валюта бағамы бір елдің тауарлары басқа елдің тауарларына сатылуы мүмкін арақатынасты сипаттайды. Нақты валюта бағамын анықтаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Жалпы алғанда нақты валюта бағамы тауардың шетелде және осы елде бір валютада көрсетілген бағаларының арақатынасын сипаттайды.
Доллардың фунтқа нақты валюта бағамын анықтау үшін сандық мысал келтіреміз. Өзгермейтін тұтынушы себетінің, яғни үй шаруашылықтары мен фирмалардың атынан кәдімгі американдық және британдық тұтынушы сатып алатын тауар мен қызмет жиынының бағаларын салыстырамыз (бұл ретте әрбір тұтынушы себетінде өз елінде өндірілген тауар мен қызметтің өзіндік үлесі біршама көп болады деп қарастырылады). Британдық тұтынушының себеті 100 фунт, ал американдық тұтынушынікі — 200 доллар делік. Екі себетті салыстыру үшін барлық бағаларды бірыңғай мөлшерге келтіру қажет. Мұны атаулы валюта бағамының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Біздің мысалда, егер атаулы валюта бағамы фунт үшін 2 долларды құраса, онда Ұлыбританияда тұтынушылық себет тиісінше 200 доллар (2 доллар/фунт х 100 фунт) тұрады. Осы бағаларда нақты валюта бағамы британдық тұтынушының себеті үшін американдық тұтынушының бір себетін құрайды. Осы көрсеткіштің ұлғаюы фунтқа қатысты доллардың нақты құнсыздануы деп аталады. Доллардың атаулы құнсыздану нәтижесінде, сондай-ақ Ұлыбританияда тұтынушы себеті бағасының көтерілуінен немесе АҚШ-та тұтынушы себеті бағасының төмендеуінен оның нақты құнсыздануы мүмкін. Доллар фунт үшін 2-ден 2,2-ге дейін атаулы құнсызданса, онда бағасы долларда көрсетілген британ тауарының бағасы көтеріледі. Фунт үшін 2,2 доллар бағамында нақты валюта бағамы бір британ себеті үшін 1,1 американдық себетті құрайды. Осы мысалда нақты құнсыздану доллардың АҚШ-та сатып алу қабілетімен салыстырғанда оның Ұлыбританиядағы сатып алу қабілетінің азайғанын білдіреді. АҚШ-тағы бір тұтынушы себеті үшін Ұлыбританияда бір тұтынушы себетінен аз алуға болады.
Доллардың қымбаттауына, сондай-ақ Ұлыбританияда тұтынушылық себет бағасының төмендеуіне немесе АҚШ-та тұтынушылық себет бағасының өсуіне байланысты осы көрсеткіштің кемуі фунт қатысында доллардың нақты қымбаттауын білдіреді. Доллардың әлемдік тауар мен қызмет нарығындағы нақты сатып алу қабілеттілігі американдық тауарға әлемдік сұранысқа, демек американдық өндірушілердің жағдайына да ықпал етеді. Сөйтіп, нақты валюта бағамы — екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы немесе шетел тауарларының отандық тауарларда көрсетілген салыстырмалы бағасы.
1.2 ҚР-дағы валюта нарығы
Халықаралык валюта нарығының көп ғасырлық тарихы бар. Ол өзінің бастауын біздің дәуірімізге дейінгі мың жыл бұрын Египтте темір ақша пайда болғаннан бастайды. Қазіргі түсінік бойынша валютаайырбастау операциялары ортағасырларда дами бастады.Бұның өзі халықаралық және теңізжүзуге байланысты. Алғащқы валюта айырбастаушылар болып, әр мемлекттің валюталарын айырбастап пайда табатын, Италияндық саудагерлер болып саналады.
Халықаралық қатынастатардың дамуына байланысты валютаайырбастау операциялардың нарығы біраз өзгерді, олар біраз анық бинелене бастады. Валюта нарығының дамуына ең көп өзгерістер XX.ғ. еңгізілді. Қөзіргі нарықтық сипат XX ғ. 70-ші жылдарында бір валютаны екінші бір валбтаға белгілеу курсының жүйесі алынып тастағанда пайда бола бастады.
Валюта тербелісіне шектеуді алып тастағаннан кейін жаңа бизнес түрі пайда болды. Ол валюталық курстың өзгеруі арқылы пайда алады. Яғни курстың өзгеруі жан жақты нарықтық шарттармен белгіленді және сұраныс пен ұсыныс арқылы реттеледі.
Әлемдік қаржы нарықтарының өркендеуінің негізгі кезеңдері.
Бұл нарық өте жас болып келеді.
Ол нарық қорынан да және тауар нарығынан да жас.
2000 жылы оған 29 жыл толды, ол 1971 жылы пайда болды.
Валюталық нарықтың қызметі
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды, жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама киімді пайдалауын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Валюта курсының түрлері
1. Номиналды айырбас курсы -әдетте, бел гіленген, сонымен бірге қалқымалы негізде әрекет ете алатын ұлттық валюта бірлігімен шетел валютасының ара қатысы түрінде корінеді.
2.Нақты айырбас курсы – бұл екі елдің баға деңгейінің ара қатысын есепке алатын айырбас курсы. Ол номиналды айырбас курсын, салыстырылып отырған елдердің баға индекстерінің қатынасына бөлуден шығатын бөлінді түрінде есептеп шығарылады. Халықаралық есеп айырысулардың өзендік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвистициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу – сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады. Бұны валюталық немесе айырбас курсы деп атайды. Басқаша айтқында, валюталық курс – бұл шетел валютасының бірлігіне айырбастала алатын ұлттық валюта бірлігінің белгілі бір саны. Айырбасталу курсының мынадей түрлері бар.
3.Өзгермелі айырбас курсы – ішкі нарыкты теңгеру мақсатында айырбас курсын өзгерту жолымен жүзеге асырылатын мемлекет аралық есеп жүйесі. 70 – жылдардың ортасынан бастап индустриалды елдердің көбісі өз валюталарын құбылтудын белгілі бір нысандарына көшті.
4.Тіркелген айырбас курсы –
бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасын орнықтыру және өз-гермейтін жаздайда қалыптасатын жүйе болып табылады.
Республикамызда ұлттық валюта тенгені енгізу үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. Қазіргі таңда, теңгені тауарлармен ,алтын-алмас қорымен , валютамен қамтамасыз ету,оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстан валютасын қорғау туралы халықаралық валюта қөрымен, бүкілдүнйежүзілік, европалық және Азия даму банктерімен, сондай – ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жеткізді. Дегенмен бұл ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның халықаралық деңгейде сатып алу қабілетін орнықтырады.
Валюталық курсы оларға сұраным мен ұсынымнаң әсерімен валюталық курстардың құбылуы күшті валюталарға да, сонымен бірге әліз валюталарға да тән болады.
Қарапайым түрде, валюталдық курстың қойылуын, өзімізге бұррыннан белгім сұраным мен ұсынымның ара қашысын көрсететін графикпен бейнелейік.
Валюта курсын қою.
Шетел валюталарына сұраным мөлшері мына факторлардан тәуелді болады:
елдің импортта туарлар мен қызметтерге қажептеліктерінен;
туристердіңшығынан;
елдің міңдетті түрде орындайтын әр түрлі төлемдерінен және т.б Валютаны ұсыным мөлшері елдің экспорт көлемінен,мемлекет алатын займдармен жән т.б. анықталады.Жалпы сұранныммен ұсынымға байланысты валюта курсының қалыптасуы,өздігінен валюталық ара қатысқа әсер ететін нақты процестер туралы ештене айта алмайды валюта курсына ,тікелей және жаңама түрде елдің ішкі және сыртқы экономикалық қатынастарының барлық жиынтық әсер етеді.
Валюта курсының динамикасы әсер ететін ректорлардың ішінен мыналарды айтуға болады:
ұлтық табыс және өндіріс шығындарының деңгені;
ақшаның нақты сатып алу қабілеті және елдегі инфляция деңгейі;
валютаның сұранымы мен ұсынымына әсер ететін төлем балансының жағдайы;
елдегі процент нарқының денгейі;
дұинежүзілік нарықта валюттаға сенім және т.б.
Валюталық нарықтың бөлінуі.
Валюталық операциялардың көлеміне,сипатына және пайдаланатын валю-талар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде Лондондағы, Нью – Йорктегі, Франкфурт на Майнидегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кенінен қолдынылатын валюталалық операциялармен операциялар жүзерге асырылады.
Аймақтық және жіргілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валютарлармен операциярлар жүргізіледі.
Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар. Ұлтық валютталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізүге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың катарында компаниялар, және тұлғалар және банктер болуы мүкін) валюта бойынша қызмет корсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар бұл ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай – ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жаткызады. Жоғары да келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлтық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж операциялaр USD – 1124735 мың, DEM 11165 мыңды құрайды.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық зандылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қаранарықпен» талықтырылуы мумкін. «Қара нарықтын» болуы тарлық ТМД елдеріне тән шарт. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлтық баныінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы кайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекенің ұлғаюына әкеп отырап, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтитесынде «қара нарықтын» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтционалық қөзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйің, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мемілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.
Валюталық операцияларды жургізуге құқылы банктер кәсіби немесе девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі коп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шепилдік болімдер және фималдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т. б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валютталық операциялал банктер арасында жікелей жургізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерге (Скандинавия елінде) орналық банқ окілдурінің валюталық нарыққа затысушылармен кездесетін валюталық біржалар сақталған. Мұндай жағай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.
Валюталық нарықта қатысушылардың түрлері:
Нарыктың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассівті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажетпалігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтіный жасайды (маркет-юзерлер).Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мәйкерлер.) Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тараптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше болінеді. Бұл банктер 100 млн.АҚШ доларындағы (мәмігенің стандартты сомасы-5 немесе10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып валюталық нарыққа наңызда ықпол етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды оз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінін клиенттері мен банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жолпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті.Мысалға, 200-ға жуық багімшелері мен кеңесі бар, бірақ та үш болімінде ғана (Франкфурт-на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкті-Дойче банкті алуға болады.Қалған болимшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче банктің үш болімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомоларға баға қаяды. Күнделікті жұмысторында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар - 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында,екі банкінің арасында-валюталарды сатушы және сатып алуши банктер арасында делдал рөлінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырын, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокерарқылы сатылған немесе сатып олынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), өл төлемді халықаларық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы боледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге жөленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлық тай артықшылығы мыналар: котировка процесінін үздіксіздігі және брокер бемілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндегі, мәм,ле жасағандағы құпиялық және оз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыліластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ӘСЕР ЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1 Валюталық бағам және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :
1 Халықаралық операциялар жүргізген кезде белгілі бір ақша бірліктерін баскшварға айырбасталу кажеттілігімен;
2 Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың салыстыруымен, сонымен қатар әр түрлі елдердің көрсеткіштерімен;
Фирмалардың,банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға кезеңдік қайта бағалауымен байланысты.
- валюта нарығындағы сүраным жэне ұсыным;
- елдің төлеу қабілеттілігі;
- төлем балансының сальдосы ;
- инфляция.
Бұлардың ішіндегі маңыздылары:
- инфляция екпіні;
- пайыздық қойылымның өзгеруі ;
- елдің төлем балансы ;
- ұлттық табыс ;
- жағдаятты факторлар .
Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды эсер етеді.Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керіснше ұлттық валюта бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.
Пайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта бағамы. Пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.
Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын үстауь^өте табысты болады. Екі түрлі пайызды үтыс тігулердің өзгертуі валюталык бағытқа әсер етеді.
Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей жэне кері пропорционлды эсер етеді. Елдің төлем балансы жэне валюта бағамы. Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс ұлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше ұлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады.Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дэрежесімен анықталады.
Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.
Ұлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тэуелсіз құрылым емес. Алайда ұлттық табыстың өзгеруіне эсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да эсер етеді. Демек тауарлар үсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сүранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Үзақ мерзімді кезеңде ұлттық табыс неғүрлым жоғарғы болса, соғүрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.
Жағдаятты факторлар және валюта бағамы. Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде ұлттық валюта бағамынын көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік жэне ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар :
- валютаның еркін айналымдағы бағамы ;
- тағайындалатын валюта бағамы.
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен қалыптасады.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар :
- түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына леген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, американдық машиналардың беделі артса, онда түтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль үсынысы көбейіп, арзандайды.
- табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қараганда өсімі салыстырмалы жоғарғы болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты табыс деңгейіне қатысты болады.
- бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарларын түлынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарларды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені қүнсыздандырады.
- салыстырмалы нақты пайыздық қойылымының өзгеруі. Мүндай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нэтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық қойылым мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғарғы болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімлі елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені алуға итермелейді.
- алыпсатарлық.
Қазақстан экономикасында :
1 Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар;
2 Басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қаупі бар ;
3 Төмен қойылымның пайыздық мөлшері күтілуде.
Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол осы валютаға сүранысты жоғрлатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттады.
Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:
- белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік жэне қауіп сауда жүргізгуде қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 теңге болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.
- сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тэуелді болады.
- түрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз эсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы эдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілгі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:
- резервті қолдану. Бүл валюта бағамын түрақтандырудың ең бір жеңіл тэсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен эсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады ? Мысалы, қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды, Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тэсілдің тиімсіз жағы, егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бүл саясаттан бас тартуға мэжбүр болады.
- сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта үстау мақсатындағы импортты, яғни шетел валютасына деген сүранысты, шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.
- валюлық бақылау, оңтайландыру. Тағы бір балама валюталық бақылау. Оның мэні келесіде, мемлекет өзінің шетке тауар шығарушылығына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.
- ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Сонымен қатар, мемлекет валюта бағамын реттеу мақсатында қолдаулық немесе протекционистік шаралар қолданады. Бұл шараларға валюталық шектулер, валюта девальвациясы жэне ревальвациясы.
Валюталық шектеулер - бүл мемлекеттің валютамен немесе басқа валюталық қүндылықтармен операцияларды жүзеге асыруын заңды түрде шектеу немесе тыйым салуы.
Девальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын төмендету.
Ревальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын өсуі.
Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау.
Теңгенің айырбас бағамына ықпал ету немесе бұрынғы деңгейінде қалдыру мақсатымен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылықты жабу үшін Ұлттық банк валютаны сатады немесе сатып алады. Бұл – Ұлттық банктің валюта бағамына тікелей ықпал ету әдістері. Алайда, капиталдың кезеңі көбірек болса, ұлттық валютаның тұрақты бағамын қолдауға талпынған жағдайда Ұлттық банктің валюталық резервтері тез сарқылады. Ондайда Ұлттық банк валюта бағамына әсер етудің жанама шараларын қолдана алады. Олардың негізгілері резервтік мөлшер мен есептік ставканы өзгерту болып саналады.
Резервтік мөлшер – өз операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктердің пайдалануына қақысы жоқ банк депозиттерінің бөлігі. Оны реттей отырып монетарлық биліктер елдегі жиынтық ақша массасын көбейтіп немесе азайтады. Ол өз кезегінде валюта бағамын азайтады немесе көбейтеді.
Ұлттық банк резервтегі мөлшерді көбейткен кезде коммерциялық банктер несие эмиссиясын төмендетуге мәжбүр болады. Резервтік мөлшердің өсуі коммерциялық банктердің ағымдағы шоттарын қысқартуға және қаржы бөлігіндегі резервтерді жоғарлатуға және бағыттауға мәжбүр етеді. Бұл несие бойынша пайыздардың өсуіне, соның салдарынан елде ақша массасының азаюына және ұлттық валюта бағамының көбеюіне қозғау салады. Ұлттық банк резервтік мөлшерді төмендеткен кезде ақша массасы көбейіп, ұлттық валюта бағамы төмендейді.
Есептік ставканы өзгерту тетігі де соған ұқсас әрекет етеді. Есептік ставка – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген ссудалары бойынша пайыз. Оның өсуі несие алуға деген коммерциялық банктердің ықыласын төмендетіп, яғни елдегі ақша ұсынысын азайтады, сондықтан төмендеу оны да, соған сәйкес өзгені де ұлғайтады.
Валюта нарығының және бағалы қағаздар нарығы құралдарының қарқынды өзара сіңсуі және тұтасуы қаржы нарығында мемлекеттік реттеудің міндеттерін айтарлықтай күрделендіріп және бұл процес үлкен шығынды талап ету жағдайына ұшыратады. Осыған байланысты сыртқы сауда операцияларында алтын-валюта активтерін тиімді және оңтайлы пайдалануда, сыртқы несие ресурстарын қарызға алуда, батыс елдерінің өтімділігі жоғары қағаздарын инвестициялауда, валюта айырбастау мәмілелерінде және шетел мемлекеттерінің валюталық девиздерін тарту бойынша операцияларда проблемалар туындайды.
Алайда резервтік активтерді қолданған кезде шешім қабылдаудың шекараларын анықтайтын бірқатар факторларды есепке алу қажет. Ондай факторларға мыналар жатады: трансакциялық шығындардың мөлшері, өтімділік, несие тәуекелдігі бойынша шектеу, резервтік қаржының құрылымына мүмкін өзгерістердің енгізілу жылдамдығы.
Қазақстанның валюта саясаты — ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Оны теңестіру теңгенің, валюта бағамының ауытқуын шектеуді тікелей мақсат ететін валюта нарығындағы валюталық интервенцияның тетігі арқылы жүзеге асырылады.
Алтын-валюта резервтерін қалыптастыру және пайдалану мемлекеттің валюта саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Халықаралық өтімділіктің көлемі мен құрылымы елдің халықаралық міндеттемелерінің қажетті төлем қаржыларымен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. Резервтік активтердің қосалқы қорлары үкімет органдарының да, елдің коммерциялық және қаржы құрылымдарының да борышқорлық міндеттемелерін өтеудің халықаралық есеп айырысуын жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін. Алтын-валюта активтерін тиімді пайдалану валюта резервтерінің төтенше жоғары дәрежеде болуын, валюта қоржынын әртараптандыруды, активтердің құрылымдарын оңтайландыруды талап етіп, сонымен қатар ол сыртқы экономикалық қызметке мүмкіндігінше және барынша жәрдем көрсетуге, сонымен қатар ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамын тиімді реттеуін қамтамасыз етеді.
Еркін айырбасталатын валюта резервтері елдің төлем балансын теңестіру үшін тікелей пайданылады. Ресми резервтердің құрамында болатын алтын авуарлары осы мақсаттарға своп операциялары арқылы немесе өздеріне қойылған баға бойынша нарыққа еркін айырбасталымды валютаға айналу сатысынан өткеннен кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.
Республиканың төлем балансында көрінетін резервтік активтер ішкі қорланымның жылыстауы және елге шетел капиталы түсімінің нәтижесінде алтын-валюта авуарларының өзгерісінің жағдайын көрсетеді. Төлем балансы тапшылығын жабу үшін, яғни үкімет сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің негізгі көздерінің бірі саналатын қаржы тартатын алтын-валюта резервтерін қолданады. Халықаралық Валюта Қорының қарыздарымен және айрықша қаржыландыру бойынша операциялармен бірге резервтік активтер Қазақстанның халықаралық есеп айырысуын теңестіру үшін, өтімділіктің баламалы қаржылары ролінде шығады.
Алтын-валюта активтерінің елеулі көбеюі және ел экономикасына шетел валютасының айтарлықтай массасының түсуі, біріншіден, инфляцияны шұғыл жоғарылатуы, екіншіден, ұлттық акция бірлігі бағамының құлдырай құлауына соқтыруы мүмкін. Осы жылдарда жинақталған артық өтімділікті айықтырмай ақша базасын тұрақтандыру және инфляциялық үдірістердің дамуына қарсы әрекет ету мүмкін болмады. Сондықтан таза халықаралық резервтер салық банкісінің қысқа мерзімді ноталарын шығару және тарату бойынша активтендірумен бейтараптандырылды. Ұлттық банктің ноталар эмиссиясының көлемі 2006 жылғымен салыстырғанда 2007 жылы 12,2 %-ке, 156,4 млрд. Теңгеге дейін, айналыстағы нота көлемі 2,8 есе, 24,6 млрд. теңгеге дейін төмендеп, соған қарамастан 2007 жылы қысқа мерзімді ноталар өтімділікті реттеудің негізгі құралдарының бірі болып қалды.
Сыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың баға бәсекесіне қабілетілігін қолдау үшін ақшаның сұранысы мен ұсынысына тәуелді бағамның ауытқуына себепші болатын, сондай-ақ теңгенің өзгермелі айырбас бағамы тәртіптемесін 2003 жылы Ұлттық банк сақтап қалды. Жыл бойы АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің нығаюға беталысы іс жүзінде байқалды. Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік туғызды. Ағымдағы жылдың басынан бері әлемдік нарықтағы энергетикалық ресурстардың жоғары бағалары, мемлекеттік меншік үлесін жекешелендіру, сонымен бірге корпоративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы нарықтағы қарыз алуы себепші болған экспорттың ақшалай валюта түсімінің елеулі көлемі шетел валютасының негізгі түсім көзі болып саналады.
Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі жағдайында Қазақстанның қор биржасынан және банкаралық валюта нарығынан шетел валютасының Ұлттық банк сатып алған таза көлемі 2007 жылы 4,2 млрд.-қа жуық АҚШ долларын құрап, соның жартысынан астамы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар шығарылымымен айықтырылды. Одан басқа Ұлттық Қордың активтерін толтыру мақсатын көздеген Ұлттық банк Қаржы министірлігіне 1,3 млрд. АҚШ долларына, валюта сатты.
1.2 Валюта бағам өзгерісінің әсері
21- ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS)
валюталық бағам өзгерісінің әсерін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |