Жауабы:
1.Қазақ халқының жоңғарларғақарсы азаттық күресі. 1725 жылы шабуылын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады. Жан-жаққа алып қашқан рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда әсіресе қанжығалыБөгенбай батыр ерекше көзге түсті.Қазақтың үш жүз жасақтарының басқыншыларға қарсы 1726 жылдан бастапбіріккен қазақ жасақтары тізе қосып кимылдауға кірісті.1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласында Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұлантыөзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбіректермен және мылтықпен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. "Қара сиыр" деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасақтары тас- талқан болған сол жер кейіннен "Қалмақ қырылған" деп аталып кетті.Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылу мүмкіндігіне сенімі күшейді. Ендігі мақсат - қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. "Қалмақ қырылған" шайқасы, негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын. Қауіп-қатер әлі де жойылмады. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса табанды күрес қажет еді.Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Әбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына шоғырландыра білді.Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтары жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді. Бұл мәліметтерге қарағанда, қазақ жасақтары жүздік негізінде ұйымдастырылған сияқты. 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (калмақтардың аңырауы, боздауы), Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті.Тарихта "Аңырақай шайқасы" деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға - қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алады. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді.Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығынан талқандауға кері әсерін тигізді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Сәмеке аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазакстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздің жасағын бөліп әкетті. Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.Сөйтіп, ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады. Әйтсе де қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы, ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, саяси жолдарды іздеуді талап етті.
2.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ. яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады.
Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі-дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі.Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды.
ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді.Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ.Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі.Бұл кезеңде қос қабір(бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған.
Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбірзираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл- осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс.Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.
3.Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
Бұл суретте Арал теңізінің проблемасы бейнеленген.Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді.
Арал теңізінің суы үш есе азайып, бұрынғы жағалаудан кей жерлерде 80 шақырымға дейін ысырылып, деңгейі 49 метрлік белгіге дейін төмендеді. Теңіздің құрғап қалған табанының өзі 30 мың шаршы шақырымға жетті. Одан ұшып жатқан тұзды боранмыңдаған шақырымға дейінгі жер бетін басып, қоршаған ортаны әбден бүлдірді, мұздықтарды ерітті, даланың шөбін, егінді тұздандырды. Оның құрамында минерал тыңайтқыштардан қалған химиялық ұлы заттар да мол болды.
Арал өңірінің шаруашылығы да қатты зардап шекті. Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмыстан айырылды. Елді мекендер каңырап бос жатты. Халық тұрмысы мейлінше нашарлады. Соның салдарынан адамдардың денсаулығына катты зиян келді. Өкпе, ентікпе аурулары бірден көбейіп, балалар өлімі күрт жоғарылады.
17-Билет
XVIII ғ. екінші жартысындағыҚазақ-орыс сауда байланыстары.
Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
Себептері
Жауаптары
1. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақ-орыс сауда байланыстары.
XVIII ғасырдың ортасында Ресейде болған сарай төңкерістері және шаруа қозғалыстары елдің көрші мемлекеттерімен сауда байланыстарын әлсіреткендігі анық. Солай бола тұрса да қазақ-орыс шаруашылық байланыстары, әсіресе керуен саудасы өзінің дамуында бірқатар нәтижелерге жетті. Орынбор қаласы осы кездегі белгілі бір дәрежедегі сауда айналымының орталығы болды. Анықталған мәліметтерге қарағанда, 1745 -1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны 1 миллион сомның шамасында бағаланған. Орынбор қазақ-орыс саудасының дамуына бірқатар жағдайлардың кері әсер еткендігі де белгілі: патшалы Ресейдің казақ жерін біртіндеп басып алуының барысында жайылымның тарылуы, Ресей билігіндегі Еділ калмақтарының, Сібір, Жайық казактарының күш көрсетіп, қазақтардың малын айдап әкетіп отыруы, бірқатар казақ руларының, соның ішінде Кіші жүз руларының алыста жатқан Қытай мемлекетімен сауда жасауға ұмтылуы; Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігінің (Орта жүзді айтпағанда) әлі де болса Ресей билігін мойындауға қарсы болуы; қазақтардың ақша- тауар қатынастарымен шала таныстығын пайдаланған орыс көпестерінің қазақ малшыларының тауарларын төмен бағалауы, тағы басқалар.XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ-орыс саудасының біршама белгілі орталықтары – Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма бекіністері болды. Қазақстанды отарлауда Ресейдің әскери тірегі ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы, Шығыс Қазақстандағы бекіністер біртіндеп әскери сипатын жоғалтып, сауда орталықтарына айнала бастады. Бұл, әсіресе Жоңғария құлағаннан кейін ерекше, айқын сипат алды. XVIII ғасырдың ортасында Ертіс бойындағы бекіністерде керуен сарайларының салынуы, баж салығын тексеретін, жинайтын арнайы мекемелердің ұйымдастырылуы, саудагер мейманханаларының ашылуы, казақ даласында біршама тыныштық орнауы Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен, Ресеймен сауда көлемінің өсуіне, тауардың түр-түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады.Қазақтардың жиі саудалайтын тауарлары: мал, малдың терісі, киіз, т.б. болды. Жылдан-жылға саудамен арнайы айналысатын қазақ саудагерлерінің де саны өсе берді. Айырбас саудасының ірі орталықтарының бірі - Семейде XVIII ғасырдың 60-жылдарының соңы - 70- жылдарының басында 330-ға жуық казақ көпестері сауда жасап тұрған. Ал Жәміш бекінісінде бір ғана 1765 жылы 350 қазақ, соның ішінде Қаз дауысты Қазыбек пен Абылай жіберген 158 саудагер болған.Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды. Бұхар, Қоқан қазақ саудагерлерінің сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтті. Ресейдің ішкі губернияларынан және Сібір қалаларынан айырбасқа әкелінетін басты орыс тауарлары: шойын және темір қазан, шелек, шұға, барқыт, қалайы, қант, нан, т.б. сияқты көшпенділердің күнделікті өмір қажеттеріндегі тауарлар болды.Орта Азия көпестерінің айырбастайтын басты заттары да қазақтарға баяғыдан таныс дүниелер: алаша, барқыт, кыжым, қамқа, жылтыр мата, әр түрлі жемістер, т.б. еді. Ташкент, Бұхар, Қоқан және Қашқар көпестері жиі келетін сауда орталығы - Қызылжар (Петропавл) қаласы. Осы қала Екатеринбург, Түмен, Тара, Курск, Қазан, т.б. қалалардан келетін көпестердің ірі сауда-саттық орталығына айналды.
2.Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты 1948 жылы археолог А.А.Формозов ашты.Кейінірек1970-1980жж.ғалымдарВ.Ф.Зайберт, В.Н.Логвин,А.Ю.Гиндиндер археологиялық зертеулер жүргізді.Бүгінгі күнге дейін мезолит дәуірінің жиырма ескерткіші табылған.Мезолит тұрақтары санының аздығы, адамдардың тұрмысы мен өмірлерінің өзгеруімен байланысты.Мезолит дәуірінде ауа-райы өзгеріп, мұздықтар еріп, күн жылынды.Баяу қозғалатын жануарлар жойылып, жылдам жүгіретін, ұсақ аңдар пайда болды, адам саны да көбейді.Палеолитте адамдар бір орында ұзақ тұрса, мезолитте олар мекен еткен жерлерін үнемі ауыстырып отырады. Адамдар бір тұрақта бір немесе екі маусым тұрақтайтын.Сонымен қатарб.з.б. 8 мыңжылдықта климаттың бірден жылуы басталды, ұзақ уақытқа тұрақтау үшін жылы үйлер салудың қажеті болмай қалды.Қазақстаннан неолит кезеңінің шамамен 600(800) ескертіші белгілі.Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен, табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.Олар: Солтүстік-батыс Қазақстандағы неолиттік мәдениеттің ерекшелігі- пластикалық тас өндірісінің басым болуы және ыдысты әшекейлеуде геометриялық өрнектер көбірек болды.Арал, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанныңерекшелігі- әр түрлі құралдардың көп табылуы,геометриялық өрнектер кездеспейтіндігі, керамика- Оңтүстік-Орал(Ресей)және Андронов мәдениетіне ұқсас келеді.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағының ерекшелігі-онда кремнийден жасаған ұсақ құралдар көп кездеседі,геометриялық формадағы құралдар өте аз, керамика мүлдем жоқ. Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтар тобының ерекшелігі – тұрақтары мен кремний құралдар солтүстік Қазақстан аймағына ұқсас, кескіш құралдар өте аз, шаруашылықтың негізгі түрі-аңшылық. Жезқазған өңірінің ерекшелігі- 150 тұрақ, көне қорымдар мен обалар табылды.
Шығыс-Қазақстан аймақтық тобының ерекшелігі- қоныстар құралдарға өте бай,олар көбіне еңбек құралдары және құрамалы құралдар.Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар оймышты өрнектермен көмкерілген.
Мезолит пен неолит шаруашылықтарының айырмашылығы: мезолитте- жеке аңшылық пайда болды, малды қолға үйрету мен дәнді-дақылдарды егу басталды.Неолитте- мал шаруашылығы мен егіншілік қалыптасты, сонымен қатар-тоқымашылық,киім тігу, қыш ыдыс жасау (керамика) пайда болды, тас құралдарды өңдеу жоғары деңгейге көтерілді.
3.Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
Себептері
Табиғаттақұрғақшылықболып, жауын-шашыназайды. Егіншілікпеншұғылдануқиындады.
Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады.
Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті.
18- Билет
«Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер.
Тұңғыш қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек пен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың орны мен қызметі арасындағы сабақтастықты көрсетіңіз.
Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
Жауабы:
1.«Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер.
«Қазақ » сөзінің шығу төркіні туралы алуан түрлі ғылыми болжамдар мен көзқарастар бар. Бірақ әлі де нақтылы, толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ.
Дегенмен олпікірлер мен болжамдардың кейбірі көңіл аударуға тұрарлықтай. Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атау Орхон, Енисей жазбаларындағы «қазақ» сөзі «мықты», «берік» алып мағынасын береді.
Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы 1X – X ғасырларда әлеуметтік мағынада қолданылса,XI – XІІ ғасырларда осы аттас этникалық әлеуметтік топтардың болғандығы байқалады.XIІІ ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб –қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне «еркін» , «кезбе» деген түсіндірме берілген. Бұл аймақта «қазақ» сөзі Алтын Орда мен Египеттің арасындағ байланыс кезінде қыпшақтардың келуіне байланысты пайда болуы мүмкін.
«Қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша, «қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді. Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс X ғасырдан басталады. Демек,түркімен жеріне қыпшақтардың «қазақ» болып барған кездері шамамен XI ғасырдан басталуы мүмкін. XIІІ ғасырға дейін олардың этникалық сипат алуы да ғажап емес.
Сонымен «Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, XIII ғасырларға дейін бостандық сүйгіш еркін адамдар деген мағынада қолданылып келген. Жоғарыда жазылғандай, оның мағынасы өзінің ханына немесе қожасына риза болмай, басқа жерге ауып кетіп, өз еркімен жүрген, бастары бос, ерікті адамдарды білдірген. Бұл сөз XIVғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастайды. Оны Рузбиханның өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан байқауға болады.Ақыр соңында Өзбек үлысынан немесе Әбілқайыр хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ аталып жүрген тайпаларымен бөлініп көшкенде, оларға алғаш "өзбек-қазақ" деген ат тағылған еді. Кейіннен XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты "қазақ" атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.
2.Тұңғыш қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек пен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың орны мен қызметі арасындағы сабақтастықты көрсетіңіз.
Қазақ жерінде ежелгі дәуірден бастап- сақ, ғұн, үйсін, қаңлы сияқты мемлекеттіліктер, орта ғасырларда- Түрік, Батыс Түрік,Түркеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ т.б., монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдерде Ақ Орда, Моғолстан,Ноғай Ордасы болды. Ал, Қазақ хандығының құрылуы – «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді. Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек сұлтандар болды. Яғни, олар тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар. ХІХ ғасырда қазақ елі өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалды, ХХ ғасырдың басынан кеңес өкіметінің теперішін көрді. Шын мәніндегі тәуелсіздікті қалпына келтіру тек1991 жылы ғана мүмкін болды. Екі ғасыр бодандықтан кейінгі жас тәуелсіз мемлекеттің басында тұңғыш президент -Н.Ә Назарбаев тұрды. Керей мен Жәнібек хандарға жаңа мемлекеттің негізін қалау мен оны дамыту міндеті тисе, Н.Назарбаевқа тәуелсіздік алған жас мемлекеттің іргетасын қалап, оны сақтау, дамыту міндеттері тұрды. ХVғ. Қазақ мемлекеті мен ХХғ. Қазақ мемлекетінің және олардың басшыларының алдында алдымен, шекараны нығайту, халықтың әлеуметік-экономикалық жағдайын қамтамасыз ету мен дамыту, ел ішінде тұрақтылықты сақтау, оңтайлы ішкі және сыртқы саясатты жүргізу сияқты ортақ, ұқсас саясат пен тарихи мақсат, міндеттер тұрды. Президенттің бүгінгі ел алдына қойған мақсаты - Қазақстан мемлекеттігін нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Бұл «2050 – Стратегиясын» орындауға бастар жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, күшті мемлекет, дамыған және либералды қоғам қалыптасуы үшін елдің алға қарай 40-50 жыл бойы тұрақты қозғалысы қажет» деуі, қазақстандық қоғам үшін түбегейлі өзгерістер уақыты келіп тұрғанын көрсетеді.
3.Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік–батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды.Ноғайлар солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген.Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған.
Қаланың іргесі Х ғасырда қаланған. Алтын Орда дәуірінде Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған. Қала ХІІІ-ХV ғасырларда дәуірленген. Кейін Алтын Орда күйреп, қала әлсірегнімен Ноғай Ордасының астанасына айналып, қайта көркейді. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар бойы астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасу салдарынан Сарайшық қаласы біржолата қирады. Сарайшықта Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандары жерленген.
19- Билет
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептері, ондағы ортақ ұқсастықтарды талдаңыз.
Әбілқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |