Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жауабы: 1.Ғұн мемлекетінің құрылымы



бет13/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy


Жауабы:

1.Ғұн мемлекетінің құрылымы.

Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып: сол, орталық оң қанатқа бөлінген. Мемлекеттің Шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болды. Бұлар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары еді. Олар 24 руды басқарған. 24 түменбасын шаньюй тағайындаған. Олардың әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын және онбасын тағайындай алды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса белгілі бір аумақ белгіленген. Ер азаматтардың бәрі белгілі бір жасаққа тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.Империяның басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралды. Барлық бекзадалар «Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін» жылына үш рет шаньюйдің алдына ақсақалдар кеңесіне жиналған. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын. Олар мемлекеттік істерді талқылады.Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: «ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» деп жазылған.


2.Жоспарлы экономика мен нарықтық экономика арасындағы ерекшеліктерді талдаңыз. Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.

Жоспарлы экономика:

1. Меншік түрі: мемлекеттік (қоғамдық) меншік

2.Бәсекелестіктің болмауы, еркін бәсеке орнына өндірістер арасында социалистік жарыс, қозғалыстардың орын алуы

3.Жеке кәсіпкерлікке жол берілмеу

4.Экономиканы мемлекеттік жоспарлау, жопарлаудың бесжылдықтар түрінде болуы

5. Экономиканың барлық тетігі мемлекеттің қолында болуы, мемлекеттік қаржыландыру шетелдік инвестицияның тартылмауы т.б.

6. Бағаны мемлекеттің тағайындауы

Нарықтық экономика:

1. Меншік түрі: көп түрлі меншік

2. Еркін бәсеке

3. Жеке кәсіпкерлік

4. Нарықтық экономика

5.Экономиканы бір орталықтан жоспарламау

6.Еркін баға

Нарықтық қатынастарға көшудегі орын алған қиыншылықтар:

Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды.1992жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны жағдайды қиындата түсті. Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті азық-түлік, киім-кешек жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді.1992 жылғы 6 қаңтардан бастап баға босатылды. Еркін баға енгізілуімен тауарлардың барлық түрі бірден қымбаттады.Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің жаппай қысқаруы кей реттерде мемлекеттік кәсіпорындардың толық тоқтатылуы бағаның күрт жоғарылауына әкеліп соқты.Азық-түлік пен өндірістік тауарлар бағасының өсуіне ықпал факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме бағаның алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты көпшілік оларды сатып ала алмады.Тұрмыс жағдайының нашарлауы тұрғындардың наразылығын тудырды. Осындай жағдайда экономикада түбегейлі өзгерістер қажеттілігі туындады.
3. ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің аумақтарын картаға белгілеңіз

1.1847-1858жж. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс-Кіші жүз, Арал теңізінің солтүстігі,Жем бойы

2. 1843-1851жж. және 1856-1857жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс-Кіші жүз, Сыр бойы

3.1868-1869жж. Орал (Ырғыз, Елек уезі), Торғай(Орал, калмыков уезі) көтерілісі- Кіші жүз

4. 1870,1873жж. Маңғыстау көтерілісі- Кіші жүз

ХІХғ. Қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсылық ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің арасындағы қақтығыс еді.

Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршыл үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өздерінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты


25- Билет

1. Қазақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.

2.Ғұн көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.

3. Қазақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.

1






2






3






4






5






6






7


Жауабы:

1.Қазақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.

1920-1930 жылдардағы тарихи даму кезеңінің қорытындылары Кеңес елін мекендейтін басқа халықтар сияқты қазақ халқының да қайшылықтар мен қиындықтарға толы каһармандық жолдан өткенін көрсетті. Қазақ халқының аумақтық автономия құқығына қолы жетті. Оның индустриясы қауырт дамыды, халықтың әлеуметтік құрылымы өзгерді. Мәдениет пен білім беру саласында да табыстар болды.

Сонымен қоса экономика мен мәдениет салаларында қол жеткен табыстар өте қымбатқа түскен еді. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты. Елді индустрияландыру Қазақстан экономикасының орталық құрылымын нығайтқанымен, шын мәніндегі адамға еркіндік беру, оның жеке басын сыйлау, өмірін қадірлеу жағына ешкім бойлап бара алмады. Қазақ КСР-і Орталыққа толық бағынышты күйде болды.

1936 жылғы КСРО Конституциясында «Әр одақтас республиканың өз еркімен КСРО құрамынан шығып кету құқығы сақталатыны» туралы бап болды. Бірақ ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға қорғаныс, аумақ, шекара мәселелерін шешуге, егемендіктің белгілерін айғақтайтын өзге маңызды шаралармен айналысуға одақтас республиканың құзіреті болмады. Тарихтың бұдан былайғы даму барысы формалды одақтың ұлыдержавалық гипер мемлекетке айналып бара жатқанын көрсетті. Егер Кеңестер Одағы өзінің ішкі қайшылықтарының пісіп жетілуінен және дүниежүзілік өркениеттің сырттай қысымымен, демократиялы Батыс елдері ұсынған экономикалық жарыс пен қаруланудың соңына түсу қарқынына шыдай алмай, толық күйреуге ұшырамағанда Қазақ Кеңес Республикасы тоталитарлық жүйенің ажырамас бір бөлігі болып қала берер еді.

Формалды түрде болса да, Қазақстанның одақтас республика мәртебесін алуының тағдыршешерлік маңызы осы тұстан көрініс берді: Кеңестер Одағы ыдырағанда оның құрамында болған өзге одақтас республикалармен бірге Қазақстан да мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
2. Ғұн көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.

Ғұн көсемі Аттила мен сұлтан Бейбарыстың өміріндегі ұқсастықтар олардың түркілік тегі, қазақ даласымен байланысы және шет жерде билікке келулері мен ержүрек жауынгер, дарынды қолбасшы, қаһарлы ел билеушілер ретінде тарих бетінен өз орындарын алуы болып табылады.

Аттила(Еділ) (400-453жж.) - ғұн билеушісі. Батыс ғұн ұлысы- ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті.Батыс ғұн ұлысының негізі ІІ ғасырда Каспий теңізінің жағалауында, қазіргі қазақ жерінде қаланды. Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпалардың басын біріктіріп, әскери соғыс қуаты күшті мемлекетке айналды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды.Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында Аттила жауынгерлері римдіктердің, франктердің т.б.біріккен күштерімен шайқасты.Ғұндардың тарихтағы рөлі Еуропаны римдіктерден азат етіп, құлиеленушілік құрылысты құлатып, жаңа дәуірдің – орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашты.Еуропа халықтарының қалыптасуына ықпал етті.

Сұлтан Бейбарыс(1225-1277жж.)- Қыпшақ жерінде туған,әкесі-Жамақ, анасы-Әйек. Жас кезінде 800 динарға қыпшақ даласынан Египетке құлдыққа сатылған.1260 жылы Египеттің төртінші сұлтаны ретінде билік басына келіп,1277жылға дейін 17 жыл билік құрған.1262 жылы Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберіп, екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнаған.Египет сұлтандары бүкіл араб әлемін монғол шапқыншылығы мен кресшілер жорықтарынан аман алып қалды.



3. Қазақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.

1.Ауылдық басқару. Бұл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Бұл ұйым туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралады. Ауылды басқаратын адамды ауылнай немесе ауылбасы деп атаған.Ондай адамның ауыл ішінде беделі күшті білгір, тәжірибелі және ауқатты адам болуы керек. Оның атқаратын басты міндеттері: ауылдастарының шаруашылықтарын басқару, көші-қон уақытын белгілеу, ауыл ішіндегі дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру.

2. Ата-аймақ.Қазақ хандығының бұл ұйымы бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралады. Ата аймақты басқаратын адамды “ақсақал” деп атады.Ауылбасылары «ақсақалмен» кеңесіп, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырды. Ақсақал ата-аймақ ішіндегі неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші т.б. мәселелерді шешуге құқылы болды. Жеті ата арасындағы дау-жанжалды реттеп, кінәлі жағын жазалады.

3.Рулық басқару. Ру он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны ру биі немесе рубасы деп атады.Руға өз қасиетімен,не аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік етті. Рубасы ақсақалдарын жиып алып,оларға ақыл-кеңес берді,жоғарыдан келген жарлықтар мен бұйрықтарды орындатып отырды.Өзінің рулық аймағында кездесетін даулар болса,оны әділдікпен шеше білді. Рубасы көпті көрген білікті, тәжірибелі адам болды. Сондықтан да рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болған.

4.Ұлыстық билік.Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі, сыртқы саясаты және әлеуметтік өмірге басшылық, ұлыс сұлтанның немесе ханның қолында болған. Ұлыс басы хан немесе сұлтандар, билер кеңесіне сүйенген. Билер ірі-ірі кеңестерде не жиындарда ұлыстың намысын қорғады. Ұлыс билеушісіне елдің ішкі-сыртқы жағдайына қатысты қабырғалы ақыл кеңес беріп отырған. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектер әулетінен шықты. Көбінесе хандар өздерінің ұлдарын және туыстарын ұлыстарға сұлтан етіп тағайындайтын болған.

5.Жүздік билік. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Қазақ жүздері шамамен алғанда XV-XVI ғасырларда тайпалардың одағы негізінде жер жағдайына байланысты қалыптасты. Қазақтың бұл үш жүзі бүгінгі таңдағы алып жатқан кең-байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғап, бізге қалдырды. Біздің қасиетті борышымыз сол жерді өз қалпында сақтап, Отанымыздың ұлтжанды азаматы болу. Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуде ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған. Жүздің биінорда би деп атаған.

6.Хандық билік.Хандық үш жүзден құралды.Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды (Түркі дәуірінде оны қаған деп атаған). Хан елдің сыртқы саясатын өз қалауымен жүргізді. Ал елдің ішкі өмірінде билер шешпеген даулар мен ұлы сұлтандары арасындағы жанжал бойынша ғана хан алдына барып жүгінетін.Кез келген дауға хан қатынасса да, қатынаспасада жауапкердің есебінен кесілген мал мен мүліктің он пайызы ханға тиесілі болған. Басқа елдермен арадағы елшілік, құдандалық (қыз беру, алу), жауапкершілікпен бітім тікелей ханның,не ұлыс сұлтанының басшылығымен жасалған төре тұқымының ішкі әулеттік даулары хан алдында шешілген.Ал қара қазақ баласының дауын кез келген төре шеше алған.

7.Құрылтай (немесе Мәслихат ). Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі. Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселелерді талқылауға үш жүздің баскөтеретін азаматтары түгел қатынасады. Мұндай кезде “Жарғының” талабы бойынша азматтардың бесқаруы сай болу керек. Құрылтайдың немесе мәслихаттың кеңесінде көрші елдермен соғысу немесе одақ құру т.б. бойынша шешімді бекітпеу мәселесі қаралған.


26- Билет

1. Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі.

2. «Қарқаралы петициясының» халық толқуындағы рөлі.

3.Түркеш қағанатының аумағын картаға белгілеңіз.



Жауабы:

1.Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі.

Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді.Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді.Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп,өз елшілерін Томириске жібереді.Бірақ Томирис “әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ” деп жазды Рим тарихшысы Помпей Трог.Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады.Парсы патшасы Кир сақтардың жеріне басып кіреді.Геродоттың сипаттауынша,”Басында әскерлер садақпен атысады.Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып,қылыш және найзамен соғысады.Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады.Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып,Кир өлтіріледі”.Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар қайта шабуыл жасайды.Бұл жорықты Дарий патша басқарады.”Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым”деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады.Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады.Скунха соғыста жеңіліп,парсы әскері Сырдариядан өтеді. Бұл шайқаста Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.Алайда ұзақ жылғы соғыста сақтардың біраз жері парсылардың қол астына қалып қойған еді.Олар алым-салық төлеп,парсылармен бірігіп соғысуға өз әскерлерін жіберіп тұрды.Мысалы,б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері соғысты.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып,Египеттегі,Грекиядағы соғыстарға қатысты.

Б.з.б. 4 ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді.Александр Македонский(Ескендір Зұлқарнайын)бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп,Сырдария өңіріне қарай аттанады.”Жеңілмейтін әскер”атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып,олардың алға жылжуына кедергі жасаған.Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды.Ол македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді.Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарғақалай шабуыл жасағаны туралы жазады.Бұл шабуылдангрек әскеріне қауіп төніп,олар қырғынға ұшырай жаздады.Күннің ыстығы,сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті. Сөйтіп,Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағынан мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталды.Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет