Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


«Қарқаралы петициясының» халық толқуындағы рөлін анықтаңыз



бет14/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy


2. «Қарқаралы петициясының» халық толқуындағы рөлін анықтаңыз.

ХХғ. басында отарлық жағдайда тұрған өзге де ұлттар (үнді, қытай т.б.) отарлаушы империяның күшті құрылымына қарсы тұра алу үшін –«күш қолданбай қарсыласу», «өзін-өзі күшейту», бейбіт шеру,байкот жариялау сияқты әдістер қолдана бастады. Халықты қырғынға ұшырататын көтеріліс түріндегі қарулы әдіс өзін-өзі ақтамады.Ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын, жаңа күрес тәсілдерін тиімді пайдалана алатын әлеуметтік күш- ұлт зиялылары еді. Олар ХХғ. басында жаңа күрес әдістерін –ұлттық құндылықтарды қорғау тұрғысынан халық ағарту ісін алға тартып, газет-журнал, кітап басып шығаруды қолға алды.ХХғ. басынан(1902ж.)бейбіт күрес әдістері ретінде, талап-тілектерді жазбаша түрде талап ету – петиция әдісі қолданыла бастады. 1905 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде атақты «Қарқаралы петициясы» дүниеге келді. Оны Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақпаев сияқты зиялылар(42адам) ұйымдастырды. Оған 14,5 мың адам қол қойды. Арыз-тілекте сол тарихи кезеңдегі қазақ азаттық қозғалысының алдында тұрған негізгі міндеттер бағдарламалық (11 пункт)деңгейде баяндалды. Жер мәселесі, халықтың білім алу мүмкіндігі,дін еркіндігі,әкімшілік басқару ісін қайта қарау, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту,қоныстандыру саясатын тоқтату,Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру т.б. өмірлік маңызды мәселелер қойылды.Қарқаралы петициясы- ХХғ. бас кезіндегі Қазақстанның саяси өміріндегі аса маңызды кезеңдердің бірі болды.Қарқаралы петициясында қазақ қоғамының өмірлік маңызды, өткір проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде баяндалды. Қазақ халқының саяси сана-сезімінің оянып, күшейе түскенін көрсетті.Мұның өзі халықтың құқықтарын қорғауға қабілетті екенін айқын көрсетті.


3. Түркеш қағанатының аумағын картаға белгілеңіз.
Қағанаттың жері Орта Азияның Оңтүстік шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды. Халқының құрамы түрік тілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткіштерінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.

27- Билет

1.Сақтардың мәдени мұралары.

2.1921-1922жылғы және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.

3.Батыс Түрік қағанатының жер аумағын картағабелгілеңіз.




Жауабы:

1.Сақтардың мәдени мүралары.

Сақтардан көптеген ескерткіштер қалды.Олар Сырдария,Талас,Шу,Іле өзендерінің бойында,Алатау бөктерінде,Қырғыстан жерінде кездеседі.Сақ обаларынан табылған бұйымдар ежелгі грек ғалымдары айтқан мағлұматтарды дәлелдейді.Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді.Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) салынған.Қала қамалдары қалың қабырғалармен қоршалған.Археологтар цитадел орталығынан жебенің қола ұштарын,алтын қапсырмалар,саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.

Археологтар қазба жүргізген тағы бір қала Бәбіш- Молда.Бұл қаланың да қамалқабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған.Археологиялық дерктерге қарағанда қала тұрғындары егіншілікпен айналысқан.Қыш күйдіретін пеш,қол диірмен тастары,тары қалдықтары табылған.

Сақтарда қолөнер ісі өте жақсы дамыған.Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады.Зергерлер алтын, күмісті балқытып,қалыпқа түсірумен айналысты. Олар аттың ер-тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп,асыл тастардан көз салынған алқа,сақина-сырғалар,өңіржиектер мен әсем белдіктер жасаған.Ұсталар қару-жарақ соқты,оларды алтынмен аптаған.Сақтарда ағаш оюмен қатар ілгек,таға,түйме сияқты заттарды жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыған.


2.1921-1922 және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.

1921-1922 жылдардағы аштықтың зардаптары: Қазақстандағы жеті губернияның бесеуі аштыққа ұшырады.1921ж. жазда БОАК-тың Декретімен Орал,Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары аштық жайлаған аудандарға жатқызылды. Аштыққа індет қосылды. Кейбір жерлерде жұттан малдың 80% қырылуына әкелді. Аштықтың солтүстік-батыс аудандарға таралуына табиғи апат қана емес, орталықтан жасақталған азық-түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерін күшпен тартып алулары себеп болды.Ақмола, Семей губернияларынан 4 млн пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды.Жинап алынған ет, астық, май өнімдері алдымен – Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді.Соның салдарынан аштықтан аман аудандардың халқы ашыға бастады.1922 жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулардың жалпы саны 82%-ына дейін жетті. Республика халқының 1/3бөлігін аштық жайлады, ашыққандар 1921 жылдың қарашасында 1 млн. 508 мың болса, 1922 жылдың наурыз айында 2 млн. 303200 адам болды.Аштықтан тұтас ауылдар қырылып, халықтың саны азайды, 700 мыңнан астам адам Қазақстаннан тысқары аймақтарға көшіп кетті.Осы кезеңде 1 млн-ға жуық адам аштықтан, суықтан, аурудан қаза тапты.

1930-1932 жылдардағы аштықтың зардаптары:

1) Республикамызда 1929 ж. -40,5 млн. мал болса,1933 ж. -4,5 млн. мал қалды.

2) 1 млн-ға жуық адам - басқа жаққа көшіп, босып кетті, 600 мыңы оралған жоқ, бұл жағдайды тарихта «қызылтабан шұбырынды» деп бағалайды.

3) Демограф М.Тәтімовтің дерегі бойынша халық саны 1931 жылы 5 450 мың қазақ болған, оның 2,3 млн. қырылды десе, тарихшы Т.Омарбековтің айтуынша 1931 жылы 4 836 мың қазақ болса, оның 2,230 мыңы аштық құрбаны болды деген деректер береді. Жалпы, соңғы кезде демографтардың табиғи өсімді ескере отырып есептеуі бойынша 1930 жылы қазақтардың саны 3845,4 мың адам. Аштық құрбаны болған адамдардың саны- 1 млн 798,4 мың адам.Сол кездегі қазақ халқының 46,8% -ын құрайды. Ал халық шаруашылығы есептеу басқармасының (ХШЕБ) келтіруі бойынша 1930 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 5873 мың болған, 1934 жылы 2681,9 мың адамды құрады. Қазақтар өздерінің тарихи отанында ұзақ жылдар азшылық жағдайына түсті, сандық мөлшері жағынан 1926 жылғы деңгейін тек 1966 жылы ғана,40 жылдан соң қалпына келтіре алды. Бұлжағдай қазақ халқы үшін «ұлы жұт» деп аталады.



3.Батыс Түрік қағанатының жер аумағын картаға белгілеңіз.

Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықтала бастады. Батыс қағандық оңтүстік – шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік – батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік – шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал оңтүстік – батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.



Қағанаттың негізгі этникалық – саяси ұйытқысы «он тайпа» он – оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайына Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар ол түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядан басып алған отырықшы егіншілік алқаптарына да үстемдік етті.


28- Билет

1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

2. «Алаш» және «Үш жүз» партияларыныңсипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.

3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет