Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жауабы: 1.Адамзат баласының пайда болуы



бет4/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy


Жауабы:

1.Адамзат баласының пайда болуы.

Адамзат баласының пайда болып,қалыптасу үрдісі ежелгі дүниенің барлық аймағында бірдей жүрді. Адам баласы жер бетіндегі басқа тірі жәндіктер сияқты ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты.Ежелгі дүние деп адамдардың пайда болып қалыптасқан Жер шары бөліктерін атайды.Адам баласының шығуы мен қалыптасуы бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пайда болуы, тарихи дамуы сияқты қарапайымнан күрделіге қарай жүрген.Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды.Олар ірі маймылдарға ұқсас келді, терісін қалың түк басты, қолдары аяқтарынан ұзын еді. Қолымен жеміс терді, заттарды ұстау, соғу, жер қазу сияқты қарапайым жұмысты орындай алатын.Алғашқы адамдар қабыландай жылдам, арыстандай епті, аюдай күшті болмады. Бірақ ол еңбек құралдары арқылы өздерінің күш-куатын, шапшаңдығын еселеп арттыра алды. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар-оның алғашқы еңбек құралдары еді. Солардың көмегімен тамақ тауып жеді. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалды. Олар өте қарапайым болатын.Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам»Африкадағы Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен синантропты«тік жүретін адам»деп атайды.Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан құрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған.


2. Патшалық Ресей және Кеңес империясының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптарын салыстырыңыз және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.

Ресей үкіметі ХVІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау саясатын жүргізді. Патша үкіметінің отарлауда қолданған әдістері- әскери, экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени. Соған сәйкес, отарлау саясатының зардаптары барлық салаға әсерін тигізді:



Ұқсастықтары:1.Экономикалық зардаптары: Қазақстан патшалық Ресей экономикасы үшін ұзақ уақыт шикізат көзі, өнім өткізетін нарық,арзан жұмысшы қолы, алым-салық алып отыратын аймақ болды, қазақ жерінің жер асты, жер үсті байлығы Ресейге тасылып әкетіліп, шұрайлы жер, өзен-көлді пайдалану құқын да өздеріне қалдырды. Кеңестік кезеңде де патшалық отарлау әрі қарай жалғасын тапты.Голощекиндік индустрияландыру жылдарынан бастау алған Қазақстанды «орталықты шикізатпен қамтамасыз ететін аймақ» ретінде қалыптастыру және Қазақстанда «ірі, орта емес, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ кәсіпорындар салу» бағыты 50-80 жылдары жалғасын тауып, өнеркәсіптің «Б» тобына(өңдеуші) қарағанда «А» тобы(өндіруші) дамытылды.

2. Демографиялық зардаптары: Патша үкіметі кезінде отарлау ісіне әскерилер, казактар, орыс помещиктері мен шаруалары, орыс қоғамының басқа да сословиелері белсене атсалысты. Отарлаушы әкімшілік жаппай қоныс аударуға, әсіресе ішкі губерниялардағы жерсіз шаруаларды кеңінен тартты. Олар биліктің жергілікті жердегі тірегіне айналды.Патша үкіметі славяндық элементтерді көбейте отырып, жергілікті халықты ассимиляцияға ұшыратуды көздеді.Оларға қазақтың шұрайлы жерлері тартып алынып беріліп, салық т.б. әлеуметтік салада жеңілдіктер жасалды. Қазақ өз жерінде отырып, жерден тарлық көрді.Кеңес үкіметі тұсында жаппай қоныс аудару саясаты соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы депортация, тың игеру, өнеркәсіп орындарын салумен қатар жүріп, славян тектестер және әр түрлі ұлт өкілдері келіп Қазақстанды «ұлттардың қайнаған қазанына» айналдырды. Қазақ өз жерінде аз ұлтқа айналды. Оның тілдік, әлеуметтік, рухани саладағы зардаптарын әлі күнге дейін көріп келеміз.

3. Рухани зардаптары: Патша үкіметі орыс емес ұлттарды, соның ішінде қазақтарды орыстандыру және шоқындыру саясатын жүргізді.Мешіт, медресе,мұсылмандық мектеп салу ісіне қысымшылық көрсетіліп, жоғары оқу орындары атымен болған жоқ. ХІХ ғасырдан бастап ақырындап алфавитті өзгерту бағытында жұмыстар жасалды. Орыс мектептері көбейтіліп, медреселерде орыс тілін оқыту міндетті болды. Дегенмен, патша үкіметі бұл бағытта өз мақсаттарына толық қол жеткізе алмады. Рухани салада патша үкіметі қол жеткізе алмаған мақсаттарға кеңес өкіметі қол жеткізе алды деп айтуға болады.Кеңестік дәуірде қазақ мектептерін мүлдем азайту, орыс мектептерін көбейту,жоғары оқу орындарының көпшілігі орыс тілінде оқытуы, маман-кадр мен маманданған жұмысшыны шеттен алдыру, Қазақстанда дайындамау, алфавитті екі рет өзгерту, атеизм саясаты нәтижесінде дінге мүлдем тыйым салып, дінсіздендіру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді ескіліктің қалдығы ретінде жою қазақ халқын рухани құлдыратып, тамырынан үзді.

4.Саяси отарлау зардаптары: Патша үкіметі қазақ халқын мемлекеттіліктен айыру мақсатында 1822,1824 жылы алдымен Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойды, 1867-1868 және 1886-1891жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар(аумақтық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Кеңес өкіметі қазақ жерінде белгілі-бір дәрежеде кеңестік негізде мемлекет құрғанмен, 1991 жылға дейін Ресейге тәуелділік, отарлық жағдайы өзгерген жоқ. Қазақ мемлекетінің өзін-өзі саяси, экономикалық, тіпті мәдени жағынан басқару құқы орталыққа тәуелді болып келді.

Жер мәселесі: Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды. 1886, 1891 жылғы ережелерде арнайы жерге байланысты баптар енгізіліп, енді «көшпелілер иемденген жерлер, оның бар байлығы, оның ішінде орманы мемлекеттік меншік болып саналады» делінді. Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып,қоныс аударушыларға берілді. Кеңес өкіметі тұсында да белгілі-бір дәрежеде қазақ мемлекетінің тұтастығына қол сұғылып отырды, орталық қазақ жерін өз қалауынша өзге одақтас респубикаға беріп жіберіп отыру әрекеттері кездесті(Ресей, Өзбекстан т.б.).

Айырмашылықтары:Жер мәселесі: Дегенмен, кеңестік кезеңде жер мәселесінде қазақ халқының мүддесіне сәйкес өзгерістер жүргізілді.Кеңес өкіметі орнаған соң патша үкіметі кезіндегі тартып алынған жерлер қайтарылып, заң бойынша қазақ мемлекетінің меншігі деп жарияланды, шекаралар анықталды.

Қуғын-сүргін: Патша үкіметі кезінде көбінесе қазақ жері саяси айып тағылған зиялыларды жер аударатын аймақ ретінде пайдаланылып, қазақ азаттық күрес өкілдерін, саяси айыптыларды қара жұмысқа айдау, абақтыға отырғызу сияқты жазалау түрлері қолданылып, саяси қызметіне тыйым салды, бірақ жаппай жазалау саясаты қоданылмады.Кеңестік дәуірде зиялыларды жаппай жазалау(ату жазасы) арқылы, қазақ халқын рухани әлеуетінен айырды деуге болады.
3.Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз?

Екеуіне де ортақ белгілер:

  1. Екеуі де сақ дәуірінің лауазымды тарихи тұлғалары болған.

  2. Екеуінің де киімдері таза алтыннан жасалған және жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бəрін қоса көмген.

  3. Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген.

  4. Екеуінде де «Аң стилі» мәдениеті жақсы дамыған. Яғни пайдаланған заттары мен киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпар құстар бейнеленген.

Айырмашылықтары:Есік қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. V-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ ханзадасы болса, Шілікті қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген сақ патшасы әрі Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі деп есептеледі. Есіктен табылған жәдігердің үстіндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде киімге тігілген әшекей. Бұл өлген адамға арналған киім. Яғни жерлеу рәсімінде қолданылған ритуалдық киім. Ал Шілікті алтын адамының киімі тірі кезінде киген киімі. Ол ритуалдық киім емес. Оның киіміндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде емес, құйма алтыннан жасалған. Сонымен қатар Есіктен табылған алтын адамның сырт киімдері кезінде қалай көмілсе, сол күйінде бізге аман жеткен. Яғни бұл оба тоналмаған. Ал Шілікті алтын адамның обасы тоналған. Ондағы патшамен бірге қойылған ірі заттары: алтын тәжі, семсер, қанжар, асатаяғы және киімдерінің біраз бөліктері ұрланған. Есік обасын тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев зерттесе, Шілікті обаларын Әбдеш Төлеубаев зерттеген.

3- Билет

  1. Рулық қауымның шығуы.

  2. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.

  3. Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.


Жауабы:

1.Рулық қауымның шығуы.

Бірлесіп аң аулау,жыртқыш аңдарға қарсы тұру,ортақтасып от жағу-адамдарды топтастырды.Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды.Бұл шамамен «саналы адамның»шығу уақытына сәйкес келеді.Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды.Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді тазалап күтті,тамақ дайындады,жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді.Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды.Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды.Әрбір қауым өз аумағында мекен етті.Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер,баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды.Барлығы бірлесіп орманда аң аулады,балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды.Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті.Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады,еркектер ор қазды,егістік жерді тазалады,жыртқыш аңдарды аулады.Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті,мысалы,найзаны кез келгені пайдалана алды.Ру ішіндегі тіршілік пен әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті.Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі-еркектер мен әйелдер түгел қатысты.Әрқайсысы өз пікірін білдірді.Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады.Оған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды,ер жүрек,құрметті адамдар таңдалды.Ақсақалдар даулы мәселелелрді шешті,аң аулайтын,мал жаятын жерлерді бөліп берді.Ру әрбір мүшесінің мүдделерін қорғады.Бірнеше ру бірігіп,шаруашылық мәселелелрін бірлесіп шешті.Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.


2.Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.

Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды.Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық-зомбылыққа ұласуы еді.Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казак әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мәселе талқылауға түсті.Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нәтижесінде, «Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды.Төрағасы-Ә.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды.Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шараларарқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты.Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.


3.Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.

Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдрияның орта ағысы.

Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы –Орталық, Шығыс Солтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы аймағы.

Кіші жүз қазақтарының жері -бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр.

Жүздердің шығуы туралы деректер:Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.

Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай одақтар құрған»

Н.А.Аристовтың ойынша «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан»

В.В.Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды» -деп септейді.


4-Билет

  1. Орта тас ғасырының ерекшелігі.

  2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  3. Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет