2.Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты 1948
жылы археолог А.А.Формозов ашты. Кейінірек 1970-1980жж. ғалымдар
В.Ф.Зайберт, В.Н.Логвин, А.Ю.Гиндиндер археологиялық зертеулер
жүргізді. Бүгінгі күнге дейін мезолит дәуірінің жиырма ескерткіші
табылған. Мезолит тұрақтары санының аздығы, адамдардың тұрмысы
мен өмірлерінің өзгеруімен байланысты. Мезолит дәуірінде ауа-райы
өзгеріп, мұздықтар еріп, күн жылынды. Баяу қозғалатын жануарлар
жойылып, жылдам жүгіретін, ұсақ аңдар пайда болды, адам саны да
көбейді. Палеолитте адамдар бір орында ұзақ тұрса, мезолитте олар
мекен еткен жерлерін үнемі ауыстырып отырады. Адамдар бір тұрақта
бір немесе екі маусым тұрақтайтын. Сонымен қатар б.з.б. 8
мыңжылдықта климаттың бірден жылуы басталды, ұзақ уақытқа
тұрақтау үшін жылы үйлер салудың қажеті болмай қалды. Қазақстаннан
неолит кезеңінің шамамен 600 (800) ескертіші белгілі. Олардың көбінің
мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.Негізгі
белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір
мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен, табылған құралдардың,
керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының
кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай
Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық
топтарға бөліп көрсетеді.Олар: Солтүстік-батыс Қазақстандағы
неолиттік мәдениеттің ерекшелігі- пластикалық тас өндірісінің басым
болуы және ыдысты әшекейлеуде геометриялық өрнектер көбірек
болды. Арал, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның ерекшелігі - әр
түрлі
құралдардың
көп
табылуы,
геометриялық
өрнектер
кездеспейтіндігі, керамика- Оңтүстік-Орал (Ресей) және Андронов
мәдениетіне ұқсас келеді.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағының ерекшелігі-онда
кремнийден жасаған ұсақ құралдар көп кездеседі, геометриялық
формадағы құралдар өте аз, керамика мүлдем жоқ. Орталық
Қазақстанның солтүстік аймақтар тобының ерекшелігі – тұрақтары мен
кремний құралдар солтүстік Қазақстан аймағына ұқсас, кескіш құралдар
өте аз, шаруашылықтың негізгі түрі-аңшылық. Жезқазған өңірінің
ерекшелігі- 150 тұрақ, көне қорымдар мен обалар табылды.
61
Шығыс-Қазақстан аймақтық тобының ерекшелігі- қоныстар құралдарға
өте бай, олар көбіне еңбек құралдары және құрамалы құралдар.
Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар оймышты өрнектермен
көмкерілген.
Мезолит пен неолит шаруашылықтарының айырмашылығы: мезолитте-
жеке аңшылық пайда болды, малды қолға үйрету мен дәнді-
дақылдарды егу басталды.Неолитте- мал шаруашылығы мен егіншілік
қалыптасты, сонымен қатар-тоқымашылық, киім тігу, қыш ыдыс жасау
(керамика) пайда болды, тас құралдарды өңдеу жоғары деңгейге
көтерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |