Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Көшпелі  мал  шаруашылығының  шығуына  әсер  еткен  негізгі



Pdf көрінісі
бет60/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

 

3.Көшпелі  мал  шаруашылығының  шығуына  әсер  еткен  негізгі 

себептерді кесте бойынша толтырыңыз. 

 

Көшпелі мал 

шаруашылығы 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

18- 

Билет 

1. 

«Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер. 

2. 

Тұңғыш қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және 

Жәнібек  пен  тәуелсіз  Қазақстанның  тұңғыш  президенті 

Н.Назарбаевтың 

орны 

мен 

қызметі 

арасындағы 

сабақтастықты көрсетіңіз. 

3. 

Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын 

түсіндіріңіз. 

 

  

Себептері 

Табиғатта құрғақшылық 

болып, жауын-шашын 

азайды. Егіншілік пен 

шұғылдану қиындады. 

Металл ауыздықтың 

шығуы жылқы малын 

міну үшін көбірек 

үйретуге жағдай 

жасады. 

Мал басының өсуі, оның 

үстіне қыста да тебіндеп 

жайылатын жылқы мен 

қой санының көбеюі 

жайылым ауыстырып, 

көшіп отыруды қажет 

етті. 



 

62 


 

     


 

 

 

Жауабы: 

1.«Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер.  

 

«Қазақ  »  сөзінің  шығу  төркіні  туралы  алуан  түрлі  ғылыми  болжамдар 



мен  көзқарастар  бар.  Бірақ  әлі  де  нақтылы,  толық  дәлелденген  пікір 

айтыла қойған жоқ. 

 

Дегенмен  ол  пікірлер  мен  болжамдардың  кейбірі  көңіл  аударуға 



тұрарлықтай. Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «Қазақ» деген 

атау  Орхон,  Енисей  жазбаларындағы    «қазақ»  сөзі  «мықты»,  «берік» 

алып мағынасын береді. 

 

Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы 1X – X ғасырларда  әлеуметтік 



мағынада  қолданылса,  XI  –  XІІ  ғасырларда  осы  аттас  этникалық 

әлеуметтік  топтардың  болғандығы байқалады. XIІІ ғасырдың  басында 

жасалған  мәмлүктік  Египет  мемлекетінің  «араб  –қыпшақ»    сөздігінде  

«қазақ»  сөзіне  «еркін»  ,  «кезбе»  деген  түсіндірме  берілген.  Бұл 

аймақта  «қазақ» сөзі  Алтын  Орда мен  Египеттің  арасындағ байланыс 

кезінде қыпшақтардың келуіне байланысты пайда болуы мүмкін. 

 

«Қазақ»  сөзі  XIV  ғасырдағы  хорасан  түркімендері  арасында  да 



кездеседі.  Тарихшы  Б.Е.  Көмековтың  айтуы  бойынша,  «қазақ»  сөзі 

бұлардың  арасында  этникалық  сипатта  қолданылған  тәрізді. 

Сырдарияның 

орта 


бойындағы  оғыздар  мен  қыпшақтардың 

арасындағы  өзара  байланыс  X  ғасырдан  басталады.  Демек,  түркімен 

жеріне  қыпшақтардың  «қазақ»  болып  барған  кездері  шамамен  XI 

ғасырдан  басталуы  мүмкін.  XIІІ  ғасырға  дейін  олардың  этникалық 

сипат алуы да ғажап емес. 

 

Сонымен  «Қазақ»  сөзі  көне  түрік  дәуірінде  пайда  болып,  XIII 



ғасырларға  дейін  бостандық  сүйгіш  еркін  адамдар  деген  мағынада 

қолданылып  келген.  Жоғарыда  жазылғандай,  оның  мағынасы  өзінің 

ханына  немесе  қожасына  риза  болмай,  басқа  жерге  ауып  кетіп,  өз 



 

63 


 

еркімен  жүрген,  бастары  бос,  ерікті  адамдарды  білдірген.  Бұл  сөз 

XIV

ғасырдан  бастап  этникалық  мағынаға  ие  бола  бастайды.  Оны 



Рузбиханның  өзбек  ұлысында  үш  халықтың  болғандығы,  оның  ішінде 

ең  көбі,  ержүректері  қазақтар  екені  жайлы  хабарынан  байқауға 

болады.  Ақыр  соңында  Өзбек  үлысынан  немесе  Әбілқайыр 

хандығынан  Жәнібек  пен  Керей  сұлтандар  қазақ  аталып  жүрген 

тайпаларымен  бөлініп  көшкенде,  оларға  алғаш  "өзбек-қазақ"  деген  ат 

тағылған  еді.  Кейіннен  XV  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ 

халқының  құрылуына  байланысты  "қазақ"  атауы  біржола  этникалық 

сипатқа ие болды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет