Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет13/19
Дата31.12.2019
өлшемі2,82 Mb.
#54596
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Жалпы орта білім деңгейіндегі «Жаратылыстану» білім беру саласы оқу пәндерінің мазмұны дүниетанымдық сипатымен ерекшеленеді, сонымен қатар оқушылардың бойында табиғат, табиғи құбылыстар, процестер, заңдылықтар туралы, Жер адам өмір сүретін планета ретінде , әлемнің ғылыми бейнесінің астрономиялық құрамы туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағытталған көзқарас қалыптастырады.
Оқу пәндерінің мазмұны оқушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білім берудің тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын және оқушылардың әлеуметтенуін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:

– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру;
– оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, білім алушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
– оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: география,
физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері
кіреді.

Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.


1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып

160


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

табылады. Оқушылардың:


– ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау;
– дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;

– зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.


Жалпы орта білім деңгейіндегі бейіндер бойынша ғылыми жаратылыстану циклі пәндерінің сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынылатын іс-әрекет түрлерінің мазмұны келтірілген (1-кесте).
1-кесте. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынылатын іс-әрекет түрлерінің мазмұны




Іс-әрекет түрлері (жобалаудың

Білім беру бейіндер бойынша




параметрлері)










ЖМБ

ҚГБ

1

Оқылатын тақырыптар

Негізгі бөлімдер және

Жекелеген сабақтарда




бойынша шағын зерттеулер

тақырыптар бойынша

презентациямен,







жүйелі, сабақ барысында

жекелеген тақырыптар







презентация жасау




2

Карталар, кестелер, сызба-

Талдау, өз бетінше

Талдау,




нұсқалар, көрнекі

шешімдер әзірлеу, жаңа

қорытындылау




құралдармен жұмыс

сызбалар, жаңа білім




3

Түрлі күрделілік деңгейіндегі

Жоспарлы, жаттықтырушы,

Жоспарланған, іс-




практикалық, зертханалық

дамытушылық, іс-әрекеттік

әрекеттік




жұмыстар







4

Статистикалық

Әрдайым, негізгі бөлімдер

Әрдайым, негізгі




материалдармен жұмыс

және тақырыптар бойынша,

тақырыптар бойынша







міндетті түрде көрнекі-










графикалық бейнелеу




5

Мерзімді баспасөз

Әрдайым, жаңа білім

оқушы үшін жаңа




материалдарын, қосымша

сабақтарындағы

білім сабақтарындағы




материалдарды зерделеу

презентация, олардың

презентация, олардың







функционалдық маңызы

функционалдық










маңызы

6

Үй тапсырмасының

Жүйелі, жүйелі іс-әрекет,

Жүйелі, жүйелі іс-




тәжірибелік бағыттылығы

өзін-өзі тәрбиелеу,

әрекет, өзін-өзі







өздігінен даму міндеттері

тәрбиелеу міндеттері

2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.


«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану

161


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:


– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
– оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;
– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
– оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;
– Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

– виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.


Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет (www.nao.kz).
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.
Практикалық және зерттеушілік жұмыстар , зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын

162


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады . Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және нөмірлермен белгіленген.


Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар, оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты түсінік алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.
Оқушылардың жеке жобалық-зерттеу жұмыстарының үлгілік тақырыптары:
– Судың сапасын жақсарту жолдары.

– Жыралардың дамуын зерттеу.

– Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары.

– Биогаз энергетикасы.


– Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу.

– Судың кермектігін анықтау.

– Сағызды зерттеу.

– Чипсыды зерттеу.

– Шайдың сапасын зерттеу.

– Сүттің сапасын зерттеу.

– Темекіні зерттеу.
– Сабынның сапасын зерттеу.

– Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерделеу.

– Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу.

– Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу.

– Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу.

– Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу.


– Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу.
Жалпы орта білім деңгейінде ғылыми-жаратылыстану циклі пәндері (география, физика, химия және биология) үшін математикалық және ақпараттық сауаттылықты дамыту маңызды болып табылады. Ол ақпараттық құрылымдарды (сызбанұсқалар, кестелер) құрастыру және толтыру, ақпарат жинауды ұйымдастыру және оған талдау жасау, сызбалар құру және талдау,

163


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

модельдеу әдістерін қолдану білігін қамтиды . Сонымен қатар проблемаларды талдауды, тапсырмаларды тұжырымдауды, мәтіндік шарттан формулаға, процесті суреттеуден оны ұсынуға өтуді және өзгерістің мәнін түсіндіруді қамтиды.


«Модель», «деректер», «параметрлер», «нақты және өзгермелі өлшемдер», «болуы мүмкін мән саласы» ұғымдары зерделенеді және қолданылады. Параметрлерінің мәні әртүрлі модельдермен зерттеулер жүргізіледі. Орта мектепті бітірушінің мектептің ақпараттық білім беру ортасының ғылыми жаратылыстану аспектілері бойынша белсенділігі маңызды нәтиже болып саналады.
Бұл оның процестің алгоритмін құру, алгоритм бойынша бағдарлама жасау және компьютердің көмегімен оны зерттеу қабілетінен көрініс табады. Оқушылардың алынған деректер бойынша эксперименттің нәтижелерін зерттеу, математиканың және компьютердің кестелік деректерін қолдану, диаграммалар және тәуелділік графиктерін құру, дөңгелектеуді жүзеге асыру білігі, қателіктерді анықтау, яғни есептеулерді дәстүрлі құралдардың көмегімен ғана орындамай, ол үшін компьютерді және сандық құралдарды да қолдану дағдыларын меңгеруі маңызды болып табылады.
Сабақтарда газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейне-таспа материалдары, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік қоғамы» Ассоциациясының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізілетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt сілтемелері бойынша алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz

164


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады:


skachatreferat.ru/poisk/экспо; http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017.

4. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарындағы сыни ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды:

– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;
– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;

– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;


– жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:

– Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да,


оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін.
– Дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді немесе болжамдарды
анықтаңыз.
– Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.
– Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз.
– Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздерін арасындағы байланысты табыңыз.
– Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар, дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз.
– Сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді қолданыңыз.
– Тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен
маңыздылығын негіздеңіз.


  1. «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «Өмір», «Адам», «Табиғат кешені», «Экономика және экология», «Зат», «Дене», «Энергия», «Күш», «Қозғалыс» және «Даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында пәнаралық проблемалық жағдаяттар жасап отыру қажет, мысалы: кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары.


  1. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму

165


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.


«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады.
7. Білім саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының тақырыптары мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:
Биология: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің эволюциясы», «Биологиядағы математикалық модельдер мен әдістер», «Биологиялық белсенді заттар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биология проблемалары», «Биогеография проблемалары», «Заманауи микробиология» «Нанотехнологияларға кіріспе».

География: «Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері », «Картографияның математикалық модельдері және әдістері», «Дүниежүзілік энергетика және саясат», «Медициналық экология», «Медициналық география», «Жобалық есептер мен тапсырмаларды шешу тәсілдері».
Физика: «Мектептің физикалық практикумы: бақылаулар, эксперимент, модельдеу», «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Математикалық модельдер және физикадағы әдістер», «Өндірісті автоматтандыру негіздерін зерделеудің қолданбалы физика курсы», «Ауыл шаруашылық өндірісі материалдарындағы қолданбалы физика курсы», «Физика ғылымындағы іргелі эксперименттер», «Физикалық-техникалық модельдеу», «Ғарышкерлік негіздері», «Ғарыш физикасы», «Биофизика элементтері», «Биохимиялық физика», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану».
Химия: «Мектептің химиялық практикумы: бақылаулар, эксперимент, модельдеу», «Химиядан ашылуларды қалай жасайды», «Күрделілігі жоғары химиялық есептерді шығару», «Фармакология әлеміне саяхат», «Ұзақ өмір сүру жолы (кіріктірілген курс)», «Косметикалық химия әлемі», «Химия, ғылыми фантастика шығармаларының негізі ретінде», «Химия және материалтану», «Агрономның химиялық құпиялары», «Химия және СЖҚ», «Тамақтық қоспалар: плюстері мен минустері», «Косметика: кеше, бүгін, ертең», «Химиялық есептерді шығару әдісі», «Химиядан эксперименттік есептерді шығару әдісі».
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында пайдалануға ұсынылатын ресурстар:

166


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


  1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/




  1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі: http://energo.gov.kz/




  1. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы http://gharysh.kz/news/

  2. «Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру желісі: http://www.eurekanet.ru




  1. Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогі де қолжетімді, яғни кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.




  1. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен берілген көптеген энциклопедияларға қарағанда, EOLSS білімінің ауқымы тақырыптармен ұйымдастырылған. математика, физика, энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология, азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.




  1. Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.




  1. Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең ауқымы, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады, бұл жерде мұғалім өзінің «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдердің құрастырған «Жоспарын» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).




  1. «Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері». Интерактивті анықтамалықтарда дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген: http://www.sci.aha.ru.

  2. Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар берілген: http://www.rubricon.com.




  1. Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады (34-кесте).

167


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

34кесте. Веб-ресурстар тізімі




www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org









«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазақстан тарихы

«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.
Материалдар мазмұны Елбасы жариялаған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру аясына сай болуы және қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағыталуы тиіс: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, ұлттық сана сезімі тұрақты толерантты азаматтарын тәрбиелеу.
«Қазақстан тарихы» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық мазмұны, білім алушылардың дайындық деңгейінің талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген.
Пән бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:
10-11 сыныптарда тарих пәндерін оқыту, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар көбірек қолданылуы керек . Мысалы, аналитикалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау және т.с.с.

10-11 ыныптарда тарихты оқыту:




  1. әртүрлі деректердің ақпараттарымен (сонын ішінде интернетте ұсынылған) жұмыс істей білу;




  1. анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;

168


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


  1. өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін анықтау;




  1. тарихи оқиғалар мен қатысушыларына өз қарым-қатынасын түсіндіре

білу;

  1. заманауи әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесі әрекетін және меңгерген білімдерін қолдана білуге бағытталуы керек.

Қазақстан және Дүниежүзі тарихы пәндерінің кейбір тақырыптарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. Тарихтан халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін анағұрлым арттырады. Мәселен, әдебиет курстарын оқыту барысында оқушыларға рухани шығармашылық процесінің тарихи контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.


«Қазақстан тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.tarih-begalinka.kz;http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/ қосымша ресурстар ретінде жоғарыда келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.
Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:


  1. ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.);




  1. қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);




  1. тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, альтернативті тест, көпжауапты тест);




  1. шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық), өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

Оқушыларға шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын алдын ала беріп қойған дұрыс. Сонымен қатар, мұғалім осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы керек. Оқушы хабарлама даярлаған кезде білімін көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын батырға қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.


Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмалардың 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.
Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:

    1. терминология мен ақпарат күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;




    1. әдебиет пен деректер тізімін беру;

    2. ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.

Оқушылардың оқу әрекеттері нәтижесін бағалау барысында тарихи



169


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

білімдерінің білімділік және іс-әрекеттік компоненттерін игеру деңгейі ескеріледі. Оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау көрсеткіштері негізгі тарихи білім компоненттеріне сәйкес құрылымдалған: фактологиялық білім, теориялық білім, оқу-танымдық іс-әрекет тәсілдері, бағалай білу. Негізгі мазмұндық бағыттары: тарихи уақыт, тарихи даму және тарихи кеңістік болып табылады. Тарихи білімнің мазмұндық компоненттерін меңгеру деңгейі мынадай өлшемшарт негізінде бағаланады: нақтылығы , дұрыстығы, тиянақтылық, толықтық, қорытындылай білу, жүйелілік, орнықтылық, ұтқырлық, әрекеттілік, дербестік, қарама-қайшылық.


Оқыту төмендегідей түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:

  1. өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);




  1. себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси процестерге әсер етті);




  1. дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);




  1. ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);




  1. маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы

неде);


  1. интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте прогрессия мен олардың кеңеюін есепке ала отырып, әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс. Белгілі бір тарихи концептілерге фокус жасау арқылы құралған оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.


Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -
қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:
Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында тойланатын мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:


  1. Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);




  1. Қазақ батыры, әскербасы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы 440 жыл

(1576-1656);




  1. Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлы 350 жылдығы (1667-1764);




  1. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлы 350 жылдығы (1667-1749);




  1. Қазақтың батыры, талантты қолбасшы Қабанбай батыр Қожақұлұлы

325 жылдығы (1692–1770);



170


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


  1. Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлы 275 жылдығы (1753—1802);




  1. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлы 225 жылдығы (1791-1838);




  1. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ұлттық мектебінің негізін қалаушы Ы. Алтынсарин 175 жылдығы (1841—1889);




  1. Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебінің ашылғанына 175 жыл

(1841-2016);



  1. ХХ ғасырдың басындағы Ұлт көшбасшысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937);




  1. Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы, білімді заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-2016);




  1. Тұңғыш қазақ бейресми Конституциясы «Қазақ елінің Уставына»

105 жыл (1912-2017);



  1. «Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне (1911-2016) 105 жыл;

  2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016);

  3. Алаш Орда үкіметі құрылғанына 100 жыл (1917-2017);

  4. Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың

100 жылдығы (1916–1944);

  1. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016)




  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге

асады:


  1. базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;




  1. таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;




  1. оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

  2. кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б.

2016-2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:




  1. тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;




  1. мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру;




  1. тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу, тиімді білім беру тәжірибесін тарату;




  1. оқушылардың тарихты бейіналды, бейінді оқыту жағдайында негізгі құзыретімен, тарихтан жаңартылған оқу бағдарламаларымен, білім беру стандарттарына сәйкес мұғалімдерге білімді-әрекеттік компоненттерін игеру бойынша оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру;

  2. білім алушылардың бейіналды дайындық сапасын қамтамасыз ету. Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің оқу жылы бойы

4 отырыстарын өткізу ұсынылады:


- «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін

171


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

бағалау»; - «Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану»;




  1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру Қазақстан тарихын оқыту мазмұнын жаңартудың негізі ретінде»;




  1. «Дарынды балалармен жұмысты жетілдіру» т.б.


Дүниежүзі тарихы
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен қарау, өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын құрметтеу, көпмәдениетті және көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білу, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылықты көрсете білуге бағытталады.
Пән мазмұнына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру оқушылардың қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу, көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасау, өздігінен оқу, өз мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау,алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алу қабілеттерімен анықталады.
«Дүниежүзі тарихы» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық мазмұны, білім алушылардың дайындық деңгейінің талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат; 11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат. жаратылыстану -математикалық бағытта:


10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:
10-11 сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың негізгі оқиғалары, құбылыстары мен тарихи даму процестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыра отырып, тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білуге дағдыландырады.
Пәнді оқытуда сұрақтарды қою маңызды орын алады, дұрыс әрі нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады. Сондықтан мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте

172


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.


Үй жұмысының мақсаты – сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін.
Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:


  1. ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.);




  1. қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);




  1. тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, альтернативті тест, көпжауапты тест);




  1. шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);




  1. өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы. Оқушыларға шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар,

коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын мұғалім алдын ала беруі тиіс. Ол үшін осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы қажет. Оқушы хабарлама даярлаған кезде білімін көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация ) дайындайтын кейіпкерге қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.

Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмалардың 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.
Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:


  1. терминология мен ақпарат күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;




  1. әдебиет пен деректер тізімін беру;

  2. ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.

Тапсырмаларды дайындау кезінде мұғалімдер толық сипатталмаған оқиғалар берілген ақпарат көздерін іріктеу ұсынылады. Осындай ақпарат көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, тарихи оқиғалар туралы), статистикалық материалдар (кестелерде немесе мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.
Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте прогрессия мен олардың кеңеюін есепке ала отырып, әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс. Белгілі бір тарихи тұжырымдарға сүйене отырып, нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.

173


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Дүниежүзі тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында тойланатын мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:


Американ мемлекет қайраткері Бенджамин (Вениамин) Франклиннің

310 жылдығы (1706-1790);

Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің 135 жылдығы (1881-2016) және т.б.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:


  1. базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;




  1. оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;




  1. таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;




  1. оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

  2. кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып , алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.


Дүниежүзі тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап , сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/ қосымша ресурстар ретінде жоғарыда
келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.
Адам. Қоғам. Құқық

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 10-11 сыныптарда оқыту - дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білімге негізделген.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 10-11- сыныптарда оқытуда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың қазіргі заманғы өркениеттегі тәжірибені тұлғалық тұрғыдан ұғыну негізінде құндылықты бағыт бағдарлар, наным сенімдерді, халықтар арасындағы өзара түсінісудің демократиялық құндылықтарын, гумнизм идеяларын қалыптастыруға, өз халқының және өзге де халықтардың мәдениетіне, тарихына құрметтеу сезімін

174


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

дамытуға, өз елінің мәдени мұраларын сақтау және оны көбейтуге, қазақстандық патриотизмді және толеранттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, азаматтық жауапкершілікті дамытуға, оқушыларға экономикалық, саяси, құқықтық, эстетикалық, экологиялық тәрбие беруге бағытталады.

Пән мазмұнына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту олардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсету, адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білу, өздігінен оқу, өзінің кәсіби бағытын анықтау, заманауи ақпараттық технологияларды жеткілікті меңгеру, әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуына, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білу қабілеттерімен анықталады.
10-11 сыныптарда пәнді оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және құқықтық мәселелер бойынша жеке көзқарасын білдіре білуге және оны дәлелдеуге, ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, кесте, схема т.б.) ақпараттарды талдауға арналған шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдану ұсынылады.
«Адам.Қоғам.Құқық» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық мазмұны, білім алушылардың дайындық деңгейінің талаптары «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығы бекітілген .
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу жүктемесі:


  1. 10-сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты;




  1. 11-сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды.

Пәнді оқытуға әдістемелік ұсыныстар:
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.

«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді практикада қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер, әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География»

175


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

және т.б. алған білімдеріне сүйену, оқу материалдарын тарихи фактілермен, әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б. нақтылау ұсынылады.


10-сыныпта пәнді оқытуда адам мен қоғам арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуіне, отбасылық құндылықтар , адам құқықтары, оның қорғалуы, еңбек құқығы негіздеріне, мәдени құндылықтарды оқытуда оқушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады.

11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктері, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, қоғам мәселесін түсіну, этномәдени құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру, көшбасшылықтарын дамытуға (экономиканың негізгі принциптері мен адами капиталдың рөлін) бағыттау ұсынылады.


Пәнді оқытуда оқытылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны оқушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесімен, жеке бақылауымен, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.
Оқыту процесінде дәстүрлі әдіспен сәйкестендіре, оны қолдану шегін айқын анықтай отырып, ақпараттық коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану ұсынылады.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:
1) пән бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға ұсынылатын тапсырмалар:


  1. «Қазақ болмысының ерекшелігі. (пікір сайыс);




  1. Тәуелсіздік идеясының тарихи және рухани сабақтастығы. (ой толғау);

  2. Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жадысы. (сипаттама);




  1. Тәуелсіздік түсінігі әрбір халық үшін мейлінше қастерлі ұғым. (эссе);

  2. Ұлттық идея –ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. (шолу жасау)

  3. Зайырлы қоғам және жоғары рух. (дебат)




  1. Мәңгілік Ел ұғымының бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясы.

(негіздеу)

  1. Мәңгілік елмен бірге-мәңгілік тіл, діл, ел және бірегейлік.( зерттеу жұмысы) және т.б.

2) пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:


  1. «Тәуелсіздік елімнің-ерлік жолы»;




  1. «Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»;

  2. «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»;

  3. «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»;

  4. «Мен және менің құқығым»;




  1. «Ұлы дала заңдары»;

  2. «Заң және заман»;

  3. «Қоғам және экономика»;

  4. «Нарық және нарықтық қатынастар»;

  5. «Экономикалық білім беру-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу»;

  6. «Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б.

176


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет