Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- жеке зат та, сондай-ақ тұтас топ та жиын элементі бола алатынын білу;
- жиынның құрамдас бөліктерін көрсету, жұп және есеп құрастыру негізінде бөлшектерді салыстыру;
- 10 шегінде сандар мен цифрларды білу;
- 10 шегінде тура және кері санай білу;
- қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу;
- сөйлеуде «Қанша?», «Неше?», «Есеп бойынша нешінші?» деген математикалық терминдерді пайдалану;
- затты бірнеше тең бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлшекті салыстыру;
- мөлшерінің ұлғаю (кішірею) шамасына қарай орналастырып, түрлі шамадағы заттарды салыстыру;
- сөйлеуде көлеміне қарай заттардың арасындағы қатынасты білдіретін математикалық терминдерді пайдалану;
- шартты өлшем көмегімен көлеміне қарай екі затты салыстыру;
- геометриялық пішіндер (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, тікбұрыш, сопақ, көпбұрыш) мен денелердің (шар, текше, цилиндр) атын атау және ажырата білу;
- айналасынан геометриялық пішінді заттарды табу, олардың пішіндерін талдау;
- сөзбен бір заттың келесі затқа қатысты жағдайын, заттар мен адамдар арасындағы өзіндік орнын анықтай алу және белгілей алу, қағаз бетінде бағдарлана білу;
- түрлі оқиғалардың реттілігін белгілеу, тәулік бөлімдерін, апта күндерін, жыл айларын атау;
- ұлғаю немесе кішірею тәртібінде орналастыра отырып, заттарды салмағына қарай анықтау; заттың салмағы оның мөлшеріне байланысты емес екенін білу.
Құрастыру бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- құрылыс материалының негізгі бөлшектерін атау мен ажырата білу: кішкентай кірпіш, діңгек, цилиндр, текше, пластина;
- заттың қарапайым конструкциясындағы бөлшектердің санын және олардың өзара орналасуын анықтау;
- құрылысты талдау, конструктивтік шешімдер табу;
- шарты мен түпкі ойы бойынша дайын бөлшектерден құрастыру;
- құрдастарымен ізгі ниетті өзара қатынас орната отырып, ұжым болып жұмыс істеу;
- қағаздан құрастыру тәсілдерін пайдалана отырып, қағаз пішіндерді көлемдік пішінге келтіру;
- жұмыста шаблон, трафарет және дайын ойықтарды пайдалану;
- құралдарды – қайшыны, желімді дұрыс пайдалану; атқаратын іс-әрекетіне қарай пайдалану, оларды дұрыс ұстау және дұрыс қимыл жасау;
- жарамсыз және табиғи материалдан құрастыру, желім, сіріңке, ермексаздың көмегімен жеке бөлшектерді байланыстыру дағдыларын игеру;
- еңбек мәдениеті ережелерін, жұмыс орнындағы тәртіпті сақтау;
- ұсынылатын затты қарастыра білу, өзіне тән ерекшеліктерін көре білу; басқа соған ұқсас өзіндік ерекшелігі бар заттармен салыстыру: мөлшеріне, түсіне, материалына, құрылымына (конструкциясына) қарай;
- өз ойы бойынша түрлі материалдардан конструкциялар жасау;
- нәтижеге қол жеткізу үшін, түрлі құралдарды қолдану (схема, модель, сурет, үлгі және т.б.);
- функционалды іс-әрекетіне қарай түрлі бұйымдар жасауға қатысу (мереке, спектакль үшін, интерьерге арналған безендіру, ойын үшін және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |