Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда


Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту



бет49/53
Дата05.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#17215
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту

  • Мақсаты: мектепке дейінгі ересек топтағы балаларды еңбек әрекетіне баулу және оларды еңбек әрекетіне жүйелі қатысуын қамтамасыз ету, еңбектенуге ниеттену және еңбектене білуге тәрбиелеу.

  • «Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту»» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өзіне-өзі іс-әрекет көрсету; шаруашылық-тұрмыстық еңбек; табиғаттағы еңбек; қол еңбегі).

  • Еңбек іс-әрекетінде балалар жыл соңында мыналарды меңгеруі тиіс:

  • - өзіне-өзі қызмет етуді көрсетудің қарапайым дағдыларын, тазалық пен тіртіп әдептерін игеруі; өзінің сырт келбетін қадағалауы және өзінің сырт келбетіндегі кейбір кемшіліктерді өз бетінше түзетуі; құрдасының киіміндегі, аяқ киіміндегі, сырт келбетіндегі кемшіліктерді түзету ниетін білдіру;

  • - оқу іс-әрекеті ұйымдастырған асхана бойынша, табиғат бұрышы бойынша кезекші міндетін адал орындау;

  • - үйде және мектепке дейінгі ұйымда тапсырмалар мен еңбек тапсырыстарын өз бетінше орындау; учаскені жинастыруда жасы үлкен кісілерге көмектесу;

  • - табиғат бұрышының жануарлары мен өсімдіктері туралы өз бетінше қамқорлық көрсету; сюжетті-рөлдік ойындар үшін ойыншықтар, ата-аналар, достар мен таныстар үшін сувенирлер жасау;

  • - табиғат бұрышында, учаскеде жұмыс істеу кезінде заттарды, аспаптарды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау;

  • - тиімді әдістер мен тәсілдерді іріктеп алып, тапсырмаларды орындаудың қарапайым жолдарын жоспарлау.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет