Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту
Мақсаты: ойын іс-әрекеті барысында баланың әлеуметтік белсенділігі мен даралығын қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестігін нығайту, өз әрекетін серіктерінің әрекеттерімен келістіре білуін дамыту, ойын іс-әрекетінде өз тәжіриесін, білімі мен икемділігін қолдану.
«Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: сюжеттік-рөлдік ойындар; драмаландыру ойындары; құрылыс материалдарымен ойындар; қимыл-қозғалыс ойындары, дидактикалық ойындар).
Ойын іс-әрекетінде балалар жыл соңында мыналарды меңгеруі тиіс:
- ойын тақырыбын өз бетінше таңдау, сюжетті дамыту; ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойынға қатысуға ұмтылу; ойынға қатысушы барлық адамдарды ұйымдастырушы және атқарушы рөлін өзіне алу; таныс сюжеттерді драмаландыру; тәрбиешінің көмегімен театрландырылған ойындар, көріністер ұйымдастыру;
- сюжеттік-рөлдік ойындарда қоршаған ортаның шындық болмысын көрсету; ойын ережелерін айқын сақтау және оларды орындаудан қанағаттану;
- өзара әрекеттесудің жалпы ережелері негізінде біріккен дидактикалық ойындарға қатыса білу және ойындағы өз әрекеті мен құрдастарының әрекеттеріне баға беру;
- ойында берілген нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу; ойындағы қимылдар логикасына сүйене білу; ұлттық ойын ережелерін, оған тән белгілерді және ұлттық мәдениетке қатыстылығын ажырата білу;
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған конструктивті икемділіктерді қолдану, түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін пайдалану; дербес қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |