«Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында мектепке дейінгі ересек топтағы балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- үй туралы, отбасы туралы, отбасындағы өзара қарым-қатынастар және туыстық байланыстар туралы, шежіре туралы түсінікке ие болу; өзінің аты-жөні мен жасын, тегін, ата-анасының аты-жөнін атай білуі;
- өзіне жақын адамдарға, айналасындағы адамдарға қамқорлық көрсету, олардың жан-дүниесін түсіне білу және төзімділік таныту, ересектермен бірге еңбек іс-әрекеттерін атқару; бір-біріне және айналасындағы ересек адамдарға риясыз көмектесу;
- көлік құралдарын тануы, атай білуі және жіктей алуы; бағдаршамның үш сигналының мағынасын түсіне білуі, жол бөліктерін ажырата білуі және атай алуы; жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болуы, жол белгілерін білуі тиіс: «Тамақтану пункті», «Телефон», «Тұрақ орны», «Медициналық жәрдем пункті; байланыс құралдарын білуі;
- кейбір өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да кәсіптердің атауын, мазмұны мен мәнін білуі; кез келген зат көпшілік адамдардың еңбегімен жасалғанын түсіне білуі;
- өз елінің атын, оның бас қаласын, туған қаласын (ауылын), Қазақстанның ең үлкен қаласын білуі; өз елінің мемлекеттік рәміздерін атай білуі және ажырата білуі, ҚР мемлекеттік гимнін орындау кезінде өзін ұстау ережелерін білуі;
- армияның міндетін білуі, әскердің кейбір түрлерін ажырата білуі;
- жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халықтық салт-дәстүрге негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтау;
- ертегілер мен әдеби туынды кейіпкерлерінің мінез-құлықтарына баға бере білу, оларға деген өз қарым-қатынасын таныту; адам сезімдері мен өзара қарым-қатынастар әлемі туралы, әдеби кейіпкерлерді мысалға ала отырып, балалар мен ересектер қоғамындағы мінез-құлық мәдениеті туралы пайымдау;
- әдістемелік көркем туындыларды, картиналарды, скульптураны білу;
- адам қатынасындағы «жақсы» деген не және «жаман» деген не екенін білу; жағымсыз сезімдер көрінісін білдірмеу;
- түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдау; өз мінез-құлқы мен құрдастарының мінез-құлықтары туралы өз пікірін білдіруде нені айтуға болатынын және нені айту қажет екендігін түсіне білуі;
- жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халық салт-дәстүріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білу;
- жақсы мінез-құлықтарға қуану, қанағаттану, моральдық нормалар бұзылған жағдайда күйзелу;
- қоршаған ортаға қатынасы бойынша өз әрекетін болжау;
- рухани және материалдық мәдениет нысандарына құрметпен қарау;
- экологиялық қауіпсіз мінез-құлықтар дағдыларын және адам денсаулығының қоршаған ортаның жағдайына және өз іс-әрекетіне байланысты екендігі туралы қарапайым түсініктерді игеруі;
- өзін-өзі құрметтеу және басқа адамдардың қадір-қасиетін құрметтеу сезіміне, өз ата-бабаларының және Отанымыздың қазіргі қаһармандарының ерліктері мен жетістіктерін мақтан тұту сезіміне ие болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |