Балаларды бейнелеу өнерімен салыстыру сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және басқа да режимдік кезеңдерде 5 минуттан өткізіледі.
Музыка бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- қарапайым жанрларды ажырата білу (күй, ән, би, марш), оларға тән белгілерді атау;
- музыкалық шығарманың сипатын анықтау;
- музыкалық мәнерлеу құралдарын (қарқын, серпін, регистр), музыкалық шығарманың формасын (әннің бастамасы мен қайырмасы, кіріспе, қорытынды) көрсету;
- музыкалық кәсіптерді атау (музыкант, орындаушы, әнші, солист, дирижёр және т.б.), композиторлардың аты-жөні;
- қарапайым музыкалық терминдерді, ән салу дағдыларын игеру;
- музыкалық сүйемелдеу арқылы жақсы таныс әнді өз бетінше орындау, қиын емес әнді сүйемелдеусіз орындау;
- пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдар жасау, музыканың сипатына сәйкес қимылдау;
- кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерге ие болуы;
- балалардың музыкалық аспаптарын дыбыстау тембрі бойынша ажырата білу, олардың атын білу (дабыл, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас);
- балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеру (металлофон, ксилофон, үшбұрыш, асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау, дабыл, маракас, румба және т.б.);
- музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін, ұзақтығын, тембрін ажырата білу;
- суырып салма ән салу қабілетіне (ұсынылған мәтінге арнап қарама-қайшы сипаттағы әуендер шығару), өз бетінше тиісті қимылдарды іріктеу негізінде музыкалық-ойын образы қабілетіне, балалардың музыкалық аспаптарында (металлофон) суырып салма әуендер шығару қабілетіне ие болу;
- таныс би элементтерін құрамдастыру негізінде (немесе өзінің жеке элементтерін ойлап табу арқылы) би композицияларын шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |