Мақсаты: әлемнің тұтас бейнесін түсіне білетін және өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін ақпаратты пайдалана алатын мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың танымдық қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы «Таным» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:
- қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру , 36 сағ. («Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» тарауының мазмұны келесі бағыттардан тұрады: жиын; сан және санау; көлем; геометриялық пішіндер; кеңістікті бағдарлау; уақытты бағдарлау; салмақты бағдарлау);
- құрастыру,36 сағ. («Құрастыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру; қағаздан құрастыру; табиғи және жарамсыз материалдан құрастыру);
- қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері, 36 сағ. («Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өлі табиғаттын заттары мен құбылыстары; заттық әлемді меңгеру, кеңістікте бағдарлану; табиғаттағы маусымдық өзгерістер; өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; табиғаттағы мінез-құлық ережелері).