Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда


«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» білім беру саласы



бет46/53
Дата05.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#17215
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» білім беру саласы (72 сағ)

  1. Мақсаты: баланың бойында тұлғаның маңызды адамгершілік қасиеттерін, еңбек дағдыларын қалыптастыру, жалпы адамзатқа ортақ нормалар мен құндылықтарды, салт-дәстүрлер мен ережелерді білуін дамыту негізінде қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу үшін қажетті әлеуметтік-мәдени тәжірибені қалыптастыру.

  2. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің келесі түрлерінде жүзеге асырылады:

  1. - қоршаған ортамен таныстыру және экология, 18 сағ. («Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: бала, оның отбасы, үй; көлік, байланыс құралдары; жол қозғалысы ережелері; ересектердің еңбегі; Қазақстан – менің Отаным, еліміздің рәміздері; Қазақстан Республикасының армиясы; адамгершілік нормалары туралы түсінік; мінез-құлық мәдениетінің дағдылары; ересектермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу);

  1. - көркем әдебиет, 18 сағ. («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: адам қатынастарының әлемі; эмоциялар әлемі);

  2. - өзін-өзі тану 36 сағ. (бағдарламаны «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы әзірледі, Алматы 2005 ж.; 4 блокпен берілген: «Мен – адаммын», «Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім».)

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының материалдарын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар:
- үй, отбасы туралы, отбасындағы өзара қатынастар мен туыстық байланыстар, шежіре туралы түсінікке ие болуы тиіс;
- өз аты-жөні мен жасын, мекен-жайын, тегін, ата-анасының аты-жөнін айта білуі тиіс;
- көлік құралдарын тануы, атай білуі және жіктей алуы тиіс;
- бағдаршамның үш сигналының мағынасын түсіне білуі, жол бөліктерін ажырата білуі және атай алуы тиіс;
- жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болуы, жол белгілерін білуі тиіс: «Тамақтану пункті», «Телефон», «Тұрақ орны», «Медициналық жәрдем пункті; байланыс құралдарын білуі тиіс;
- кейбір өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да кәсіптердің атауын, мазмұны мен мәнін білуі;
- кез келген зат көпшілік адамдардың еңбегімен жасалғанын түсіне білуі;
- өз елінің атын, оның бас қаласын, туған қаласын (ауылын), Қазақстанның ең үлкен қаласын білуі;
- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атай білу және ажырата білуі, ҚР мемлекеттік гимнін орындау кезінде өзін ұстау ережелерін білуі;
- өзін-өзі құрметтеу және басқа адамдардың қадір-қасиетін құрметтеу сезіміне, өз ата-бабаларының және Отанымыздың қазіргі қаһармандарының ерліктері мен жетістіктерін мақтан тұту сезіміне ие болуы;
- армияның міндетін білуі, әскердің кейбір түрлерін ажырата білуі;
- тәжірибелік эксперимент жасауға қызығушылық және білімге құмарлық таныту;
- сынап көру әрекеттерінің көмегімен түрлі мәселелерді шешу тәсілдерін таба білу, қарапайым себеп-салдар байланыстарын орнату.
- адам қатынастарындағы «жақсы» немесе «жаман» деген немене;
- түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдау; өз мінез-құлқы мен құрдастарының мінез-құлықтары туралы өз пікірін білдіруде нені айтуға болатынын және нені айту қажет екендігін түсіне білуі;
- жағымсыз сезімдер көрінісін білдірмеу, өкпені кешіре білу, әдеби кейіпкерлер мен адамдардың кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ артықшылықтарын да байқай білу;
- жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халық салт-дәстүріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білу;
- өз мінез-құлқы арқылы басқаларға кедергі жасамай, бірікен іс-әрекетке қосылу; басқа адамдардың пікірімен санаса білу, айналасындағы адамдардың эмоционалды күйінің өзгергенін байқай білу;
- жақын адамдарына, айналасындағы адамдарға қамқорлық көрсету, олардың жан дүниесін түсіне білу және төзімділік таныту, ересектермен бірге еңбек іс-әрекеттерін атқару;
- бір-біріне және айналасындағы ересек адамдарға риясыз көмектесу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет